7 тамыз жиналысы
1927 жылы ұлы революция жеңіліске ұшыраған соң Қытай революциясы бәсейді. Ұлы революцияның жеңіліске ұшырауының тәжірибе-сабақтарын қорытындылау, партияның өткенгі қызметтеріндегі ауыр қателіктерді түбегейлі адақтау және түзету, жаңа күрес бағыты мен міндетін белгілеу үшін Коминтерннің нұсқауы мен партия ішіндегі жолдастардың талабына сай, ҚКП ОК 1927 жылы 7 тамыз күні Ханькоуда шұғыл жиналыс шақырды. Бұл тарихта 7 тамыз жиналысы деп аталды.
Жиналысқа Цюй Цюбай, Чжан Тайлэй, Ли Вэйханьдар Коминтерннің өкілімен бірге дайындалды, Цюй Цюбай жиналысты басқарып өткізді. Жиналыста ұлы революцияның жеңіліске ұшыраудағы тәжірибе-сабақтар қорытындыланды, Гоминьдан партиясы мен Компартияның қатынасы, аграрлық революция және қарулы күрес секілді тақырыптарда талқы оздырылды. Мао Цзэдун жиналыста Чэнь Дусюдың оңшылдық қателігін: Гоминьдан партиясының мәселесінде ҚКП ОК Гоминьдан мен Компартия ынтымақтастығында “қожайындық” идеяда болмады; диқандар мәселесінде ҚКП-ның ОК диқандар революциясын қолдамады; әскери мәселеде “әскери қозғалыспен емес, бұқаралық қозғалыспен ғана шұғылдандық” деп сын тезіне алды. Мао Цзэдун “Күзгі жиын-терім көтерілісі әскери істерсіз болмайды”, партиямыз “бұдан соңыра сөзсіз әскери істерге баса назар аударуы, мылтықтан билік туатынын жыға тануы керек” деп баса дәріптеді. Жиналыста ұлы революцияның соңғы мерзіміндегі Чэнь Дусюдың оңшыл орайшылдық қателіктері түбегейлі айқындалды, аграрлық революция мен қарулы көтеріліс бағытын айқындады әрі Цюй Цюбай басшылық еткен ҚКП ОК-ның Уақытша Саяси Бюросын сайлады.
7 тамыз жиналысы ҚКП тарихындағы маңызды бір жиналыс болды, Ол партияны құтқару мен революция үшін орасан зор үлес қосты. Ұлы революция жеңіліске ұшырағаннан аграрлық революция соғысы басталғанға дейінгі тарихи ұлы бұрылыс болып саналады.
八七会议
1927年大革命失败后,中国革命进入低潮。为了总结大革命失败的经验教训,彻底清算并纠正党在过去工作中的严重错误,确定新的斗争方针和任务,根据共产国际指示和党内同志的要求,中共中央于1927年8月7日在汉口秘密召开紧急会议,史称八七会议。
会议由瞿秋白、张太雷、李维汉及共产国际代表一起负责筹备,由瞿秋白主持召集。会议总结了大革命失败的经验教训,就国共两党关系、土地革命和武装斗争等问题进行了讨论。毛泽东在会议发言中批评陈独秀右倾错误:在国民党问题上,党中央在国共合作的国民党中始终没有当“主人”的思想;在农民问题上,党中央不支持农民革命;在军事问题上,“不做军事运动专做民众运动”。毛泽东强调“秋收暴动非军事不可”,党“以后要非常注意军事,须知政权是由枪杆子中取得的”。会议彻底清算大革命后期陈独秀的右倾机会主义错误,确定了土地革命和武装起义的方针,并选出以瞿秋白为首的中共中央临时政治局。
八七会议是中国共产党历史上一次重要会议,为挽救党和革命作出了巨大贡献,是由大革命失败到土地革命战争兴起的一个历史转折点。