Наньчан көтерілісі
1927 жылы Чан Кайши, Ван Цзинвэйлер арт-артынан кері революциялық саяси өзгерістер қозғады, Гоминьдан мен Компартияның ынтымақтастығымен революцияға жетекшілік ету үлгісі осылайша жөргегінде тұншықтырылды. Бүкіл елдегі революция жағдайында құлдырау болды, ҚКП қанды жаныштау жағдайында еріксіз аграрлық революцияға жеке басшылық етті, жаңа революция жолын қарастырудың машақатты жорығын бастауға мәжбүр болды. Құрып-жойылу қаупі төнген алмағайып сәтте 1927 жылы шілденің екінші ондығында, ҚКП ОК Саяси Бюросының Уақытша комитеті: партиямыздың меңгеруіндегі және партиямыздың ықпалын қабылдаған армияны Наньчан қаласына топтап, қарулы көтеріліске дайындалу; Хунань, Хубэй, Цзянси және Сычуань өлкелерінде күзгі жиын-терім көтерілісін қозғау жөнінде шешім қабылдады.
1927 жылы 27 шілдеде Чжоу Эньлай Наньчанға келді. Ол сол күні Алдыңғышеп комитетін құрып , көтерілістің дайындық жұмыстарын жеделдетті. 1 тамыз күні Чжоу Эньлай хатшы болған Алдыңғышеп комитеті мен Хэ Лун, Е Тин, Чжу Дэ, Лю Бочэндар ҚКП-ның меңгеруіндегі немесе солардың ықпалындағы солтүстік жорықшылары армиясының қосындарынан 20 000 әскерге қолбасшылық жасап, Наньчанда көтеріліс жасады. Төрт сағатқа жуық шиеленіскен шайқас арқылы көтерілісші армия қорғаныстағы жау армиясынан 3000-нан астам адамды жойып, Наньчан қаласын басып алды. Наньчан көтерілісінен кейін Ван Цзинвэй Чжан Факуй мен Чжу Пэйдэ қосындарын Наньчанға аттандырды. Алдыңғышеп комитеті ОК-ның алдын ала белгілеген шешімі бойынша көтерілісші қосынды бастап Гуандунға шеру тартты. Олар Гуандунды тиянақ ете тағы да солтүстікке жорық жасамақшы болды. 3 ― 6 тамыз күндері, көтерілісші қосындар топ-топқа бөлініп Наньчаннан шегінді. Қазан айының басқы мезгілінде, оңтүстікке шеру тартқан көтерілісші армия жеңіліске ұшырады. Аман қалған қарулы күштердің бір бөлігі Гуандун өлкесінің Хайфэн-Луфэн өңіріне барып күресті жалғастырды; Чжу Дэ, Чэнь Илер бастаған тағы бір бөлігі азапты айнымалы соғыстар арқылы 1928 жылы сәуірде Цзиньганшань тауы революциялық базасына келіп, Мао Цзэдун жетекшілік еткен Хунань мен Цзянсидің шекаралық аудандарындағы күзгі жиын-терім көтерілісші армиямен қауышты.
Наньчан көтерілісі Гоминьдан кертартпашыларына қарсы алғашқы оқты атты, ҚКП-ның революцияны ең соңына дейін жүргізудегі берік тұрғысы мен мызғымас сенімін паш етті. Ол ҚКП дербес жетекшілік еткен революциялық соғыстың, халық армиясын құру мен қарулы күрес арқылы билікті тартып алуының белгісі болды. Осыдан соң шынайы халыққа тән жаңаша армия өмірге келді. Ол ҚКП-ның жетекшілігін шартсыз қабылдайтын, революциялық саяси міндеттерді адал атқаратын қарулы күш, бүкіл ынта-пейілімен халық үшін қызмет өтейтін халықтың өз армиясы.
南昌起义
1927年,蒋介石、汪精卫相继发动反革命政变,国共合作领导革命的模式因此而夭折。全国革命形势陡转,中国共产党面对血腥镇压被迫走上独立领导土地革命、探索新的革命道路的艰难征程。在面临被赶尽杀绝的危急时刻,1927年7月中旬,中共中央临时政治局常委会决定:将党所掌握和影响的部队向南昌集中,准备发动武装起义;在湖南、湖北、江西和广东四省工农运动基础较好的地方发动秋收起义。
1927年7月27日,周恩来等到达南昌,当天就组成前敌委员会,加紧进行起义的各项准备工作。8月1日,以周恩来为书记的前敌委员会及贺龙、叶挺、朱德、刘伯承等人,率领中国共产党所掌握或影响下的北伐军队2万多人在南昌举行起义。经过4个多小时的激烈战斗,起义军全歼守敌3000余人,占领了南昌城。南昌起义后,汪精卫急令张发奎、朱培德等部向南昌进攻。前委按照中共中央原定计划决定率起义军向广东进军,计划以广东为基地再次组织北伐。8月3日至6日,起义军分批撤出南昌。10月初,起义军南下途中遭到失败。保存下来的武装,一部分进入广东海陆丰地区坚持斗争;另一部分在朱德、陈毅率领下,经过艰苦转战于1928年4月到达井冈山革命根据地,同毛泽东领导的湘赣边界秋收起义部队会师。
南昌起义打响了武装反抗国民党反动派的第一枪,宣告了中国共产党把革命进行到底的坚定立场和坚强决心,标志着中国共产党独立领导革命战争、创建人民军队和武装夺取政权的开始。从此,一支真正属于人民的新型军队诞生了,这是在中国共产党绝对领导之下、忠实执行革命政治任务的武装力量,是全心全意为人民服务的子弟兵。