Гоминьдан мен Компартияның бірінші кезекті ынтымақтастығы орнаған соң, 1926 жылы ақпанда, ҚКП ОК партияның кезектегі басты міндеті Гуандун революциялық күштерін Солтүстік Қытайға бағыттау деп атап көрсетті. 1926 жылдың жазында, Гоминьдан мен Компартия солтүстікке жорық жасау жөнінде шешім қабылдады. Олардың шабуыл нысанасы империализмнің қолдауын алып отырған Солтүстік милитаристері У Пэйфу, Сунь Чуаньфан, Чжан Цзолинь күштеріне бағытталды. 9 шілдеде, Гуандун Ұлттық үкіметі жетекшілік еткен Ұлттық Революциялық Армияның (ҰРА) 100 000 жауынгері солтүстікке ресми жорыққа аттанды. Әр сала бұқараның қолдауымен, солтүстік жорықшылар армиясы асқақ әнге басып, аршынды қадаммен ілгеріледі. 10 қазанда жорықшылар Хубэй өлкесінің Учан қаласын басып алды, милитарист У Пэйфудың негізгі қосындарын аластады. Қарашада Цзянси өлкесінің Цзюцзян, Наньчан қалаларын алды, әрі милитарист Сунь Чуаньфанның негізгі күшін талқандады. Фуцзянь, Чжэцзян өлкелеріндегі милитаристер де арт-артынан солтүстік жорықшы армиясына қосылды.
Солтүстікке жорық соғысы ҚКП-ның ұсынысымен империализмге, феодал милитаристерге қарсы тұру ұранымен жүргізілді. Солтүстікке жорық барысында Қытай коммунистері армияда, саяси қызмет саласында, сондай-ақ жұмысшы, шаруа, бұқараны аттанысқа шақыру тараптарында аса зор үлес қосты. Коммунист Е Тин қолбасшы болған, коммунистердің тіректілерінен құралған Төртінші армияның дербес полкі “Құрыш армия” аталған төртінші армияның құрамындағы ерлікпен шайқас жасаған атойшы қосын болды. Е Тин де солтүстік жорықшыларының әйгілі қолағасы деп танылды. Алайда солтүстік жорықшы армиясы алға ілгерілеген аса маңызды кезеңде, Чан Кайши, Ван Цзинвэйлер бастаған Гоминьдан оңшылдары ілгерінді-кейін Шаңхай мен Уханьда кері революциялық саяси өзгеріс жасады. Сонымен бір уақытта, Чэнь Дусюдың оңшыл орайшылдық қателіктеріне байланысты ҚКП да тосын оқиғаға қарсы дұрыс шаралар жасай алмады. Осылайша, Чан Кайши кері революцияшыл тобы революцияның жемісін уысына алды да жаңа милитаристік үстемдік орнатты, дабыралы солтүстікке жорық соғысы жеңіліспен аяқтады.
北伐战争
第一次国共合作建立后,1926年2月,中共中央明确指出党在目前的主要任务是推动广东革命势力向北发展。1926年夏,国共两党决定进行北伐战争,其直接打击目标是受帝国主义支持的北洋军阀吴佩孚、孙传芳、张作霖三派势力。7月9日,广东国民政府领导的国民革命军10万人正式出师北伐。在各界民众的支持下,北伐军高歌猛进,于10月10日攻占湖北武昌,全歼军阀吴佩孚部主力;11月占领江西九江、南昌,并一举歼灭军阀孙传芳部主力。福建、浙江等省的军阀也纷纷倒向北伐军。
北伐战争是在中国共产党提出的反对帝国主义、反对封建军阀的口号下进行的。在北伐过程中,中国共产党人在军队、政治工作以及发动工农群众方面作出了巨大贡献。共产党员叶挺领导的、以共产党员为骨干组成的第四军独立团,成为赢得“铁军”称号的第四军中的一支英勇善战的先锋部队,叶挺也被誉为北伐名将。但是,正当北伐军向前发展的紧要关头,蒋介石、汪精卫等国民党右派势力先后在上海和武汉发动反革命政变。同时,因受陈独秀右倾机会主义错误的影响,中国共产党未能及时采取应付突发事变的正确措施。结果,蒋介石反动集团窃取了革命果实,建立了新的军阀统治,轰轰烈烈的北伐战争以失败告终。