Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Орталық кеңестік региондағы бес мәрте “қоршап жоюға” қарсы операция

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Орталық кеңестік региондағы бес мәрте “қоршап жоюға” қарсы операция 

ҚКП басшылық еткен революциялық базалардың қалыптасуы мен дамуы Чан Кайши кертартпа үкіметінің үстемдігіне ауыр қатер төндірді, Гоминьдан кертартпашыларының мазасын май ішкендей кетірді. 1930 ― 1934 жылдары Чан Кайши ілгерінді-кейін көп әскер күшін топтап Орталық революциялық база мен Хунань-Цзянси, Хунань-Хубэй-Цзянси, Фуцзянь-Чжэцзян-Цзянсилардағы базаларға бес мәрте “қоршап жою” операциясын ұйымдастырды.

1930 жылы қазанда, Чан Кайши 100 000 адамдық қосынмен “үдере алға тарту, тарамдала ілгерілеп, бірлесе шабуылдау” сынды соғыс тактикасы арқылы Орталық революциялық базаға қарсы кең көлемді “қоршап жою” операциясын бастады. Қызыл 1 майдан армиясы “жауды шырғамен ішке енгізу” сынды соғыс тактикасы арқылы жаудың 15 000-нан астам әскерін жойып, жаудың бірінші мәрте “қоршап жоюын” жеңіспен талқандалы.

1931 жылы ақпанда, Гоминьдан тағы да 200 000 адамдық қосынмен “қамал құрып қансырата соққылау, қадам сайын бекініс алу” тактикасы арқылы Орталық революциялық базаға екінші мәрте “қоршап жою” операциясын бастады. Мао Цзэдунның жетекшілігіндегі Қызыл армияның 30 000 жауынгері “жауды шырғамен ішке енгізу” бағыты бойынша бес майдан қанды шайқастың жеңісіне жетіп жаудың екінші мәрте “қоршап жоюын” талқандады.

1931 жылы шілдеде, Чан Кайшидің өзі Бас қолбасшы болып тағайындалып, Ұлыбритания, Жапония, Германия кеңесшілерін ертіп, 300 000 қолмен “үдере алға тарту” сынды тактика арқылы үш бағытпен Орталық революциялық базаға шабуылдады. Қызыл армия тағы да “жауды шырғамен ішке енгізу” стратегиялық бағыты бойынша, “жаудың негізгі күшінен қашқалақтау, әлсіз буындарына шабуылдау” арқылы ілгерінді-кейін үш айда 30 000-нан астам жау әскерін жойып, жаудың үшінші мәрте “қоршап жоюын” талқандалы.

1932 жылдың соңында, Гоминьдан 30 дивизия әскермен үш бағыт бойынша Орталық революциялық базаға төртінші мәрте “қоршап жою” операциясын жасады. Чжоу Эньлай мен Чжу Дэның басшылығындағы қызыл армия Мао Цзэдунның белсенді қорғаныстық стратегиялық идеясы бойынша шығыстан дабыс беріп, батыстан соққылау, ірі әскери құрамамен торуылдай шабуылдау, басым әскер күшін топтау, батыл қоршап жою сынды соғыс тактикасы арқылы жаудың 3 дивизиясын жойып, төртінші мәрте “қоршап жоюды” талқандады.

 1933 жылы қыркүйекте, Чан Кайши бір млн әскер, 200 ден астам ұшақпен революциялық базаларға бесінші мәрте “қоршап жою” операциясын бастады. Мұның 500 000-ын Орталық революциялық базаға төкті. Ван Миннің “солшыл” догмашылдық қателігінің ықпалымен Ли Дэлер алдымен “әскери тәуекелшілдік” тактикасы арқылы, жау құтырына шабуыл жасаған тұста “басын бәйгеге тігу” тәсілін қолданды, соңынан “қашқындық” жолға түсті. Осылайша, Орталық қызыл армиясының бесінші мәрте “қоршап жоюға” қарсы соғысы жеңіліске ұшырады. 1934 жылы қазанда, Орталық қызыл армияның тіректі қосындары Орталық революциялық базадан кетуге мәжбүр болып, стратегиялық орын ауыстырды.

 


中央苏区五次反“围剿”

中国共产党领导革命根据地的建立和发展,威胁着蒋介石反动政府的统治,引起了国民党反动派的恐慌。从1930年到1934年,蒋介石先后调集大批兵力对中央革命根据地以及湘赣、湘鄂赣、闽浙赣等根据地进行了五次军事“围剿”。

1930年10月,蒋介石纠集10万兵力,采取“长驱直入,分进合击”的战术,对中央革命根据地发动大规模的“围剿”。红一方面军采取“诱敌深入”的作战方针,共歼敌1.5万多人,胜利粉碎了敌人的第一次“围剿”。

1931年2月,国民党又调集20万军队,采取“稳扎稳打,步步为营”的战术,对中央革命根据地进行第二次“围剿”。红军3万人在毛泽东的指挥下,仍取“诱敌深入”方针,连续取得五场战斗的胜利,粉碎了敌人的第二次“围剿”。

1931年7月,蒋介石亲自任总司令,随带英、日、德军事顾问,率兵30万人,采用“长驱直入战术”,分三路进攻中央革命根据地。红军依然使用“诱敌深入”的战略方针,“避敌主力,打其虚弱”,前后3个月,歼敌3万人,胜利粉碎了敌人的第三次“围剿”。

1932年年底,国民党调集30个师的兵力,分三路向中央革命根据地发动第四次“围剿”。红军在周恩来和朱德的指挥下,根据毛泽东积极防御的战略思想,采取声东击西、大兵团伏击、集中优势兵力、坚决围歼的作战方针,消灭敌人三个师,取得了第四次反“围剿”的胜利。

1933年9月,蒋介石调集100万军队、200多架飞机,向各革命根据地发动第五次“围剿”,其中用于中央根据地的兵力达50万。在王明“左”倾教条主义错误的影响下,李德等人先推行“军事冒险主义”策略,在敌人猖狂进攻面前采取“拼命主义”,最后发展成“逃跑主义”,导致中央红军第五次反“围剿”失败。1934年10月,中央红军主力被迫撤出中央革命根据地,实施战略转移。