Чжунхуа Кеңестік Республикасының құрылуы
1930 жылы қазаннан 1931 жылы қыркүйекке дейін, ҚКП басшылық еткен қызыл 1 майдан армиясы Гоминьдан армиясының үш мәрте “қоршап жою” операциясына қарсы соғыстың жеңісіне қол жеткізді, Орталық революциялық база бекемделді және дамыды, Хубэй-Хэнань-Аньхуй, Батыс Хунань-Батыс Хубэй, Хунань-Хубэй-Цзянси базалары едәуір көлем қалыптастырды. ҚКП ОК Оңтүстік Цзянси-Батыс Фуцзянь базасын өзек еткен Кеңестік Орталық үкімет құру жөнінде шешім қабылдады.
1931 жылы 7 ― 20 қараша күндері ашылған Чжунхуа Кеңесінің мемлекеттік I құрылтайында Қытай Кеңестік Республикасының Уақытша орталық үкіметі, Чжунхуа(Қытай) Кеңестік Республикасы құрылғаны жарияланды. Құрылтайда «Чжунхуа Кеңестік Республикасы Конституциясының бағдарламасы», «Чжунхуа Кеңестік Республикасының аграрлық декреті», «Чжунхуа Кеңестік Республикасының еңбек декреті», «Чжунхуа Кеңестік Республикасының экономикалық саясаттар жөніндегі шешімі» секілді маңызды қаулылар мен декреттер қабылданды, Мао Цзэдун, Чжоу Эньлай, Чжу Дэ, Сян Ин, Чжан Готао секілді 63 мүшеден құрам тапқан Чжунхуа Кеңестік Республикасының Орталық атқару комитеті сайланды. Мао Цзэдун Орталық атқару комитетінің Төрағасы, Сян Ин мен Чжан Готао төрағаның орынбасары болды.
Құрылтайда мақұлданған «Конституция бағдарламасында»: Қытай Кеңестік билігі - жұмысшылар мен диқандардың демократиялық диктатурасындық мемлекет. Кеңестің барлық билігі жұмысшыларға, диқандарға және қызыл әскерлерге, сондай-ақ барлық жапакеш еңбекшілерге тән. Кеңестік биліктің құзырындағы өңірлердегі жұмысшы, диқан, қызыл әскерлер мен барлық жапакеш еңбекшілер мен олардың отбасындағылар жынысына, ұлтына және діни наным-сеніміне қарамастан барлығы да кеңестік заңдардың алдында терезесі тең деп белгіленді. «Конституция бағдарламасында» тағы да: империализмнің Қытайдағы саяси және экономика тараптарындағы барлық айрықша құқылары мойындалмайды, барлық теңсіз шарттардың күшін жойғанын жариялаймыз, империалистердің Қытайдағы барлық мүліктері мемлекет меншігіне алынады, т.б. деп белгіленді. Кеңестік биліктің ең жоғарғы билік органы Бүкіл мемлекеттік жұмысшы-диқан-әскерлердің құрылтайы болады, құрылтай жабық кезінде Кеңестік орталық атқару комитеті ең жоғарғы билік органы болады, Орталық атқару комитетіне қарасты Халық комитеті ұйымдастырылады да, күнделік саяси қызметтерді орындайды, әрі барлық декреттер мен қаулы ұсыныстарын жариялайды. Құрылтайда Чжунхуа Кеңестік Республикасының Уақытша орталық үкіметін құратыны және оның Цзянси өлкесінің жүйцзинь қаласында тұратыны жөнінде шешім қабылданды.
Чжунхуа Кеңестік Республикасының Уақытша орталық үкіметі құрылған соң, базаларға белгілі деңгейде түйінді жетекшілік ету рөлін атқарды, саяси тарапта да аса зор ықпалы болды, революцияшыл жұртшылықтың күрес жігерін шыңдау, революциялық күресті ілгерілетуде белсенді рөл атқарды. Бұл Компартияның шекті аумақта билік жүргізу сынағын жасап, билік, армия, экономика және мәдениет салаларында аса қымбатты тарихи тәжірибелер топтады.
中华苏维埃共和国成立
1930年10月至1931年9月,中国共产党领导的红一方面军连续取得三次反击国民党军队“围剿”的胜利,中央革命根据地得到巩固和发展,鄂豫皖、湘鄂西、湘鄂赣等根据地也都发展到相当规模。中共中央决定以赣南闽西根据地为依托,建立苏维埃中央政府。
1931年11月7日至20日,中华苏维埃第一次全国代表大会召开,中华苏维埃共和国宣告成立。大会通过《中华苏维埃共和国宪法大纲》《中华苏维埃共和国土地法令》《中华苏维埃共和国劳动法》《中华苏维埃共和国关于经济政策的决定》等重要决议和法令,选举毛泽东、周恩来、朱德、项英、张国焘等63人为中华苏维埃共和国中央执行委员,组成中央执行委员会。毛泽东为中央执行委员会主席,项英、张国焘为副主席。
大会通过的《宪法大纲》规定:中国苏维埃政权所建设的是工人和农民的民主专政的国家。苏维埃全部政权是属于工人、农民、红军士兵及一切劳苦民众的。在苏维埃政权领域内的工人、农民、红军士兵及一切劳苦民众和他们的家属,不分男女民族和宗教信仰,在苏维埃法律面前一律平等。《宪法大纲》还规定:不承认帝国主义在华的政治上、经济上的一切特权,废除一切不平等条约,帝国主义在华的一切财产收归国有等。苏维埃政权的最高权力机关为全国工农兵代表大会,在大会闭会期间,苏维埃中央执行委员会为最高政权机关,中央执行委员会之下组织人民委员会,处理日常政务,并发布一切法令和决议案。会议决定成立中华苏维埃共和国临时中央政府,地点设在江西瑞金。
中华苏维埃共和国临时中央政府的成立,对各根据地在一定程度上起到了加强中枢指挥的作用,在政治上也产生了很大的影响,对于鼓舞革命群众的斗志,推动革命斗争的进程,有着积极作用。这也是中国共产党局部执政的重要尝试,在政权、军队、经济和文化建设方面,积累了十分宝贵的历史经验。