“Ауыл арқылы қаланы қоршауға алу”
“Ауыл арқылы қаланы қоршауға алудай” революциялық жаңа жол ҚКП-ның қызыл армияның соғыстарына басшылық ету және революциялық базаларды құру барысындағы аса машахатты ізденістері арқылы қалыптасты. Осы барыста Мао Цзэдун көрнекті үлес қосты.
1927 жылы қыркүйекте, Мао Цзэдун көтерілісші қосынды бастап Вэньцзя қаласына келген соң, Лирэнь мектебінде маңдайшеп комитетінің жиналысын шақырды. Ол жау көп, біз аз, жау күшті, біз әлсіз болған жағдайға талдау жасай отырып, бұрынғы Чанша қаласына шабуылдау жоспарынан баз кешіп, революцияның өзегін орталық қаладан жау билігі әлсіз ауылдарға ауыстыруды дәріптеді. Жиналысқа қатысқандардың басым көпшілігі Мао Цзэдунның ұсынысымен келісті, Лосяо тауы сілемінің орта бөлігіне жорық жасау жөніндегі дұрыс қуаттаманы қолдады. Жиналыстан соң көтерілісші қосын Цзинган тауына келіп, жергілікті алпауыттарға соққы беріп, егістік жерді бөліске салды, революциялық билік орнатып, партизандық соғыс өріс алдырды, Нинганды орталық еткен “жұмысшы-диқан қарулы күштерінің бөлектенген” жағдайын қалыптастырды.
1928 жылы, Мао Цзэдун «Цзинган тауындағы күрес» деген еңбегінде “Ауыл шаруашылығын басты шаруашылық еткен Қытай революциясы, әскери істер арқылы қарулы күресті дамыту ― басты ерекшелік” деп айқын ортаға қойды. 1930 жылы қаңтарда, Мао Цзэдун «Ұшқыннан жалын қаулайды» деген еңбегінде партия қызметінің өзекті түйінін қаладан ауылға ауыстыру, ауылдарда партизандық соғысты өрістету, аграрлық революцияны ішкерілей қанат жайдыру, қызыл билікті құру және оны дамыту, шарт-жағдай пісіп-жеткенде бүкіл мемлекетте билікті тартып алудай Қытай революциясының жаңа жолы жөніндегі идеясын ортаға қойды. Бұл Қытай үлгісіндегі революциялық теорияның негізінен қалыптаса бастағанының белгісі саналады. 1930 жылы мамырда, Мао Цзэдун «Кітаппаздыққа қарсы тұрайық» деген мақаласында идеялық саражол биігінде тұрып ауыл арқылы қаланы қоршауға алуға бағыт сілтеді. 1936 жылы желтоқсаннан 1939 жылы желтоқсанға дейін, Мао Цзэдун ілгерінді-кейінді «Қытай революциялық соғысының стратегиялық мәселелері», «Коммунист журналына алғысөз», «Жаңа кезең», «Қытай революциясы және Қытай коммунистері» т.б. мақалаларын жариялады. бұл ауыл арқылы қаланы қоршауға алу жолы теориясының кемелді теориялық формация болып қалыптасқандығынан дерек береді.
“农村包围城市”的革命道路
“农村包围城市”的革命新道路,是中国共产党在领导红军战争和根据地建设的过程中,通过艰难探索开辟出来的。在这个过程中,毛泽东作出了最卓越的贡献。
1927年9月,毛泽东率领起义部队在文家市里仁学校召开前委会议。他分析了敌大我小、敌强我弱的形势,主张改变原来攻打长沙的计划,把革命的中心由城市转向敌人统治比较薄弱的农村中去。与会大多数人接受了毛泽东的意见,支持向罗霄山脉中段进军的正确主张。会后,起义部队进至井冈山,打土豪分田地,建立革命政权,开展游击战,创造了以宁冈为中心的“工农武装割据”局面。
1928年,毛泽东在《井冈山的斗争》中明确指出“以农业为主要经济的中国的革命,以军事发展暴动,是一种特征”。1930年1月,毛泽东写了《星星之火,可以燎原》,提出把党的工作重心由城市转移到农村,在农村地区开展游击战争,深入进行土地革命,建立和发展红色政权,待条件成熟后再夺取全国政权的关于中国革命新道路的思想,标志着中国特色革命道路理论的基本形成。1930年5月,毛泽东又写了《反对本本主义》一文,从思想路线的高度为开创农村包围城市的道路指明了方向。从1936年12月到1939年12月,毛泽东先后发表了《中国革命战争的战略问题》《〈共产党人〉发刊词》《论新阶段》《中国革命和中国共产党》等文章,标志着农村包围城市道路理论发展成为完备的理论形态。