Гутянь жиналысы
1929 жылы желтоқсанның соңында, Қытай жұмысшы-диқан қызыл армиясы 4-корпусының IX Партия құрылтайы Фуцзянь өлкесінің Шанкан ауданындағы Гутянь қалашығында шақырылды, Ол тарихта Гутянь жиналысы деп аталды. Жиналыста Мао Цзэдун саяси баяндама, Чжу Дэ әскери істер жөнінде баяндама оқыды, Чэнь И Орталықтың қыркүйекте жолдаған нұсқау хатының рухын жеткізді. Жиналыста қызыл армия құрылғаннан бергі ҚКП-ның түрлі қате идеялар мен қате нысайларға қарсы күрестер барысында топталған тәжірибелерді мұқият қорытындылады, идеялық танымды бірлікке келтірді, армиялық және партиялық құрылысты пролетариаттың идеясы бойынша құруды алға қойды.
Жиналыста Мао Цзэдунның басқаруымен жазылған «ҚКП қызыл армия 4-корпусының IX құрылтайының қаулысы» (қысқартылып «Гутянь жиналысының қаулысы» деп аталады) мақұлданды. Қаулыда қызыл 4-корпустағы партия ішінде пролетариаттық емес идеялардың бейнесі, келу қайнары және оны түзетудің әдістері алға қойылды; партияның идеялық құрылысын күшейтудің маңызы баса дәріптелумен қатар, партияның ұйымдық құрылысын күшейту де дәріптелді; қызыл армияның “революциялық саяси міндеттерді орындаушы қарулы топ” екені, партияның армияға шартсыз басшылық етуінің армияның сипаты мен келбетін белгілейтіні айқын ортаға қойылды. Бұл қызыл армия құрылысының түбірлі принципі; қызыл армия соғыс арқылы жаудың әскери қимылдарын талқандаумен бірге, бұқараны үгіттеу, ұйымдастыру, қаруландыру, оларға көмектесу арқылы революциялық билік орнатуы, сондай-ақ Компартияның ұйымдарын құру, т.б. аса ауыр міндеттер арқалайтыны айқындалды. Қаулыда армияда қолбасшылар мен әскерлердің, әскерлер мен халықтың дұрыс қатынастарын орнату, жау армиясына бағыттай отырып қолданылатын дұрыс саясаттар айқын ортаға қойылды. Жиналыста қызыл 4-корпустың әскери комитеті күшін жойғаны жөніндегі шешім қабылданды, Мао Цзэдун, Чжу Дэ, Чэнь И, Линь Бяо, Тань Чжэньлинь, т.б. 11 адамды қызыл 4-корпустың алдыңғышеп комитетінің ресми мүшесі етіп сайлады, Мао Цзэдун хатшы болып тағайындалды.
ҚКП-ның 100 жылдық тарихында, Гутянь жиналысының алар орны айрықша. Кезіндегі Гутянь Фуцзяньның батысындағы шалғай таулы ауыл еді. Алайда мұнда шақырылған жиналыстың ықпалы аса ауқымды болды; Гутянь жиналысы ҚКП ОК шақырған жоғары деңгейлі жиналыс емес, тек нақты мәселелерді шешуге бағытталған шағын көлемдегі жиналыс бола тұра, оның ықпалы бүкіл партияны шарпыды; Гутянь жиналысында партияны идеялық жақтан, армияны саяси жақтан құру сынды шұғылалы жол ашылды, жаңаша халық армиясы осыдан бастап даму мен кемелденудің айбынды тарихи жорығына қадам тастады.
古田会议
1929年12月下旬,中国工农红军第四军第九次党的代表大会在福建省上杭县古田镇召开,史称古田会议。会上,毛泽东作政治报告,朱德作军事报告,陈毅传达了中央九月指示信的精神。会议认真总结了红军创建以来中国共产党在同各种错误思想、错误倾向作斗争的过程中积累起来的丰富经验,统一了思想认识,提出了要用无产阶级思想进行军队和党的建设。
这次会议通过了毛泽东主持起草的《中国共产党红军第四军第九次代表大会决议案》(简称《古田会议决议》)。决议指出了红四军党内各种非无产阶级思想的表现、来源及纠正方法;着重强调加强党的思想建设的重要性,同时强调加强党的组织建设;阐明红军是一个“执行革命的政治任务的武装集团”,党对军队的绝对领导决定着军队的性质和面貌,这是红军建设的根本原则;规定红军除了要进行打仗消灭敌人的军事活动之外,还要担负起宣传群众、组织群众、武装群众、帮助群众建立革命政权以至于建立共产党的组织等项重大任务。决议还阐明了必须在军内外建立起正确的官兵、兵民关系,阐明了对待敌军应该采取的正确政策。会议决定取消红四军军委,选举毛泽东、朱德、陈毅、林彪、谭震林等11人为红四军前敌委员会正式委员,毛泽东任书记。
在中国共产党的百年历史上,古田会议具有罕见的奇特性。古田当时是一个偏僻的闽西小山乡,在此召开的一个会议却影响广泛;古田会议并非中共中央召开的高规格会议,只是为解决具体问题而召开的小规模会议,但其影响却是全党性的;古田会议探索出思想建党、政治建军的光辉道路,新型人民军队由此走上了发展壮大的历史征程。