Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығы

Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығы Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс сынды тарихи жағдайда қалыптасты. 1935 жылы 1 тамызда, ҚКП-ның Коминтерндегі өкілдігі Қытай Кеңестік Республикасы Уақытша орталық үкіметі мен ҚКП ОК атынан «Жапон шапқыншыларына қарсы тұрып отанды құтқару жөнінде барша бауырластарға хатын» («1 тамыз декларациясын») жариялады. «1 тамыз декларациясы» бүкіл ел халқын бірлікке, азамат соғысын тоқтатуға, Жапон шапқыншыларына қарсы тұрып отанды құтқаруға, қорғаныстық үкімет құруға және Жапон шапқыншыларына қарсы біріккен армия құруға шақырды. Желтоқсанда, ҚКП-ның ОК Ваяобао жиналысында Жапон шапқыншыларына қарсы ұлттық бірлікшеп құру саяси шарасы мен бағытын белгіледі.

1936 жылдың тамыз, қыркүйек айларында, ҚКП-ның ОК Гоминьдан партиясына хат пен «Чан Кайшиді Жапон шапқыншыларына қарсы соғысуға мәжбүрлеу мәселесі жөніндегі нұсқауын» жолдап, екі партияны жаңадан ынтымақтастық орнатуға үндеді. Желтоқсанда, Си-ань оқиғасы туылды, ҚКП-ның ОК оқиғаны бейбіт шешудің бағытын дереу белгіледі, әрі Чжоу Эньлайларды Си-аньға келіссөз өткізуге жіберді. Машақатты құлшыныстар арқылы оқиға бейбіт шешілді. Бұл Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығына алғышарт әзірледі.

1937 жылы ақпаннан қыркүйектің соңына дейін, Гоминьдан партиясы мен Компартия ілгерінді-кейін алты мәрте келіссөз өткізді, Гоминьдан соңғы есепте Қытай жұмысшы-диқан революциялық армиясын Ұлттық революциялық армияның (ҰРА) 8 армиясы етіп өзгертіп құруға қосылды, әрі Шэньси-Ганьсу-Нинся (ШГН) шекаралық регион үкіметін мойындады. 22 қыркүйекте, Гоминьдан орталық ақпарат агенттігі «ҚКП ОК-ның Гоминьдан партиясы мен коммунистік партияның ынтымақтастық декларациясын» жариялады; 23 қыркүйекте, Чан Кайши бірлік арқылы шетел шапқыншылығына қарсы күресудің қажеттілігін атап өтті. Мұнысы шынын айтқанда ҚКП-ның заңды орнын тануы есептеледі. “Чан Кайшиге, Жапон шапқыншыларына қарсы тұрудан”, “Чан Кайшиді мәжбүрлеп Жапон шапқыншыларына қарсы тұруға”, одан “Чан Кайшимен бірігіп Жапон шапқыншыларына қарсы тұруға” дейін жарты жылдан астамғы машақатты да бұраң келіссөздер арқылы ҚКП-ның «Декларациясы» мен Чан Кайшидің сөйлеген сөзі негізінде Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығы ресми қалыптасты.

1937 жылы қыркүйектен 1939 жылы қаңтарға дейінгі мезгіл, Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығының жоғарғы өрлеуі саналады. Осы мезгілде, Гоминьдан Жапон шапқыншыларына қарсы соғысқа біршама құлшына кірісті, екі партияның қарым-қатынастары да біршама жақсы болды, бүкіл ел аумағында бірлікпен Жапон шапқыншыларына қарсы тұрудай жаңа жағдай қалыптасты. 1939 жылы шілдеден 1943 жылы қыркүйекке дейін, Гоминьданның саясатының өзегі сыртқы шапқыншылыққа қарсы тұрудан ішкі былықпалықты түзеуге ауысты, ілгерінді-кейін үш мәрте Компартияға қарсы тұру науқаны көтерілді. ҚКП орынды, ұтымды, лайықты күрес арқылы ынтымақтастықты қорғады.

1943 жылы қыркүйектен 1945 жылы тамызға дейін, Гоминьдан партиясы мен Компартия арасында біріккен үкімет құру мәселесі бойынша кескілескен күрестер өріс алды. 1945 жылы тамыздан 1947 жылы ақпанға дейін, Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығының бұзылу мерзімі саналады. ҚКП Гоминьданның азамат соғысын қозғауына батыл қарсы тұрды, тәуелсіз, еркін, демократиялы, бірлікке келген, құдіретті жаңа Қытай құруды қуаттады. Алайда азамат соғысына аңсары ауған Гоминьдан кертартпашылары соғыс тоқтату келісімін ашықтан-ашық жыртып тастады, Гоминьдан мен Компартияның екінші реткі ынтымақтастығы түбегейлі бұзылды.


第二次国共合作

第二次国共合作是在抗战背景下逐步形成的。1935年8月1日,中共驻共产国际代表团以中华苏维埃共和国临时中央政府和中共中央的名义发表了《为抗日救国告全体同胞书》(即《八一宣言》),号召全国人民团结起来,停止内战,抗日救国,组织国防政府和抗日联军。12月,中共中央在瓦窑堡会议上确定了抗日民族统一战线的策略方针。

1936年8、9月间,中共中央发出致国民党书和《关于逼蒋抗日问题的指示》,倡导两党重新合作。12月,西安事变爆发,中国共产党迅速确定了和平解决事变的方针,并派周恩来等人赴西安谈判。经过艰苦努力,事变和平解决,为国共第二次合作创造了前提条件。

1937年2月至9月下旬,国共两党代表先后举行了6次谈判,国民党终于同意中国工农红军改编为国民革命军第八路军,并宣布承认陕甘宁边区政府。9月22日,国民党中央通讯社发表《中共中央为公布国共合作宣言》;23日,蒋介石发表谈话,指出团结御侮的必要,实际上承认了中国共产党的合法地位。从“反蒋抗日”、“逼蒋抗日”到“联蒋抗日”,经过半年多艰难曲折的谈判,以中共中央《宣言》和蒋介石谈话的发表为标志,国共两党第二次合作正式形成。

1937年9月至1939年1月,是第二次国共合作的高潮时期。这一时期,国民党对抗战是比较努力的,国共两党关系也比较好,全国出现了一个团结抗战的新局面。1939年7月至1943年9月,国民党政策由重点对外转向对内,先后发动了三次反共高潮。中国共产党进行了有理、有利、有节的斗争,维护了合作。

1943年9月至1945年8月,国共两党围绕联合政府问题展开激烈斗争。1945年8月至1947年2月,是第二次国共合作逐渐破裂的时期。中国共产党坚决反对国民党内战政策,主张建立一个独立、自由、民主、统一、富强的新中国。但国民党反动派一心想打内战,公然撕毁停战协定,第二次国共合作遂宣告彻底破裂。