Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​“7 Шілде” оқиғасы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

“7 Шілде” оқиғасы 

1937 жылы 7 шілде күні Жапон империалистері Лугоу көпірі оқиғасын тудырып, ұзақтан бері жоспарға алып келген Қытайға жалпы жүздік соғысын қозғады.

Сол күні түнгі 10 сағатта, Жапон армиясының бір бөлігі Лугоу көпірін басып алу атындағы әскери жаттығу өткізді. 11 сағатта, Жапон армиясы жаттығуда бір әскеріміз жоғалды деген сылтаумен Ваньпин қалашығына кіріп тінту жүргізуді талап етеді. Қытай қорғаныс армиясының қатаң қарсылығына ұшыраған соң Жапон армиясы Ваньпин аудан қалашығын қоршауға алды. Жапон армиясы 8 шілде таңғы 4 сағат 50 минутта Ваньпин ауданы қалашығына сұрапыл шабуыл жасап, Ваньпинның солтүстік-шығысындағы Бэйшаганды басып алды. Ендігәрі төзіп тұра алмаған Қытайдың тұрғылықты армиясы ерлікпен қайтарма соққы берді.

“7 шілде” оқиғасы туылған соң, Гоминьдан мен Компартия Жапондардың шапқыншылығына лезде аңыс білдірді, Жапон шапқыншыларына қарсы батыл күресу позициясын ортаға қойды. 8 шілде күні ҚКП бүкіл елге телеграмма жолдады. Онда бүкіл ұлт болып Жапон шапқыншыларына қарсы соғысу ғана Қытайдың шығар жолы деп айқын атап көрсетілді. Бүкіл ел халқы, армия мен үкімет берік ынтымақтасып, ұлттық бірлікшептің құрыш қамалын соғып, Жапон шапқыншылығына қайтарма соққы беруге үндеді. 15 шілде, ҚКП делегаттары Лушань тауында Чан Кайшиге «ҚКП ОК-ның Гоминьдан партиясы мен коммунистік партияның ынтымақтастық декларациясын» тапсырды. Декларацияда бүкіл ұлт болып жұмылып Жапон шапқыншыларына қарсы соғысу, демократиялық саясиды жүзеге асыру мен халық тұрмысын жақсарту сынды үш негізгі талап ұсынылды. 17 шілдеде, Чан Кайши Лушань тауында: “соғыс басталса оңтүстік-солтүстік, кәрі-жас деп бөлінбей, әрқандай адам Жапон шапқыншыларына қарсы соғысып, отанның бір сүйем топырағын қорғауға борышты” деді. 14 тамызда Гоминьдан үкіметі «Өзімізді қорғап Жапон шапқыншыларына қарсы соғысу мәлімдемесін» жариялады. 22 қыркүйекте Гоминьдан Орталық ақпарат агенттігі «ҚКП ОК-ның Гоминьдан партиясы мен Коммунистік партияның ынтымақтастық декларациясын» таратты. 23 қыркүйекте Чан Кайши «ҚКП декларациясына баға» деген мақаласын жариялады. Бұл Гоминьдан мен Компартияның ынтымақтастығын негіз еткен Жапон шапқыншыларына қарсы ұлттық бірлікшептің ресми қалыптасуының белгісі болды. “7 шілде” оқиғасы Чжунхуа ұлтының Жапон шапқыншыларына қарсы соғысының шымылдығын ашты.

 


卢沟桥事变

1937年7月7日,日本帝国主义者以制造卢沟桥事变为起点,发动了蓄谋已久的全面侵华战争。

当日夜10时,日军一部在卢沟桥以北地区举行以攻取卢沟桥为假想目标的军事演习。11时许,日军诡称演习时一士兵离队失踪,要求进入宛平城搜查。在遭到中国驻军严词拒绝后,日军迅即包围宛平县城,并于8日晨4时50分,向宛平县城猛烈攻击,强占宛平东北沙岗。中国驻军忍无可忍,奋起还击。

卢沟桥事变爆发后,国共两党对日本的侵略迅速作出反应,表明了坚决抗战的态度。7月8日,中国共产党向全国发出通电,指出只有实行全民族抗战,才是中国的出路,号召全国人民、军队和政府团结起来,筑成民族统一战线的坚固长城,抵抗日本的侵略。7月15日,中共代表团在庐山向蒋介石提交《中共中央为公布国共合作宣言》,提出了迅速发动全民族抗战、实行民权政治和改善人民生活等三项基本要求。7月17日,蒋介石在庐山发表谈话称,“如果战端一开,那就是地无分南北,年无分老幼,无论何人,皆有守土抗战之责任”。8月14日,国民政府发表《自卫抗战声明书》。9月22日,国民党中央通讯社发表《中共中央为公布国共合作宣言》。9月23日,蒋介石发表《对中国共产党宣言的谈话》,标志着以国共合作为主体的抗日民族统一战线正式形成。卢沟桥事变揭开了中华民族全面抗战的序幕。