Си-ань оқиғасы
1936 жылы 12 желтоқсанда, Гоминьданның отаншыл генералдары Чжан Сюелян мен Ян Хучэн Шэньси өлкесінің Си-ань қаласында “күшпен көндіру” тәсілімен Чан Кайшиді Жапон шапқыншыларына қарсы соғысуға мәжбүрлейді. Бұл тарихта Си-ань оқиғасы немесе“12 желтоқсан оқиғасы” деп аталады.
Жапон империализмінің қыспағына қарсы 1935 жылы, ҚКП «Жапон шапқыншыларына қарсы тұрып отанды құтқару жөнінде барша бауырластарға хатын» («1 тамыз декларациясын») жариялап, Жапон шапқыншыларына қарсы ұлттық бірлікшеп қуаттамасын ұсынды. Бүкіл ел халқының Жапон шапқыншыларына қарсы тұру қозғалысы жаңа өрлеуге көтерілді, Чан Кайшидің “сыртқы шапқыншылықты тойтару үшін ішкі былықпалықты тыныштандыру” саясаты жұрт қалауынан шықпады. Чжан Сюелян Чан Кайшиге азамат соғысын тоқтатып, бір ниетпен ынтымақтасып шетел шапқыншылығын тойтаруы жөнінде көп мәрте кеңес бергенімен, тойтарысқа ұшырады.
1936 жылы желтоқсан айының басында, Си-аньға келген Чан Кайши Чжан Сюелян мен Ян Хучэнға әскерлерімен Шаньши майданына аттанып, “Компартияны қоршап жоюы” жөнінде шұғыл жарлық берді. Осындай жағдайда, Чжан Сюелян мен Ян Хучэн “күшпен көндіру” жөнінде шешім қабылдады. 12 желтоқсанның таңертеңінде, Солтүстік-шығыс армиясы мен 17 бағыт армиясы селбесе қимылдап, Чан Кайшиді барымталады, Чэнь Чэн, Вэй Лихуан секілді Гоминьданның он шақты әскери-әкімгерлік мансаптыларын тұтқындады, бүкіл ел халқына телеграмма арқылы хабарландыру жолдап, Нанькин үкіметін өзгертіп құру, барлық азамат соғысын тоқтату сынды 8 түрлі Жапон шапқыншыларына қарсы тұру қуаттамасын жариялады. Міне бұл дүниежүзі мен Қытайды дүрліктірген Си-ань оқиғасы болып табылады.
ҚКП оқиға туудан бұрын хабарсыз болатын. Оқиға туған түні Чжан Сюелян ҚКП ОК-ға телеграмма жолдап, ҚКП-ның пікірін алуды үміт етті. Еліміз бен халықараның жағдайына талдау жасаған ҚКП-ның ОК Чжунхуа ұлтының мүддесі сынды ірі мүддені көзде ұстай отырып, оқиғаны бейбіт тәсілмен шешу бағытын белгіледі. 17 желтоқсанда, Чжоу Эньлайдың басшылығындағы ҚКП ОК делегаттары Си-аньға келіп, Си-ань оқиғасын бейбіт шешуге талпыну мақсатымен Чжан Сюелян, Ян Хучэндармен шын ықыласты кездесулер өткізді, әрі әр сала қайраткерлерін қабылдады. Чжоу Эньлайдың Чжан Сюелян, Ян Хучэндармен бірге құлшынуының арқасында, келіссөздер арқылы, Чан Кайшиді “Компартияға шабуылын тоқтату, қызыл армиямен біріге отырып Жапон шапқыншыларына қарсы соғысу” сынды 6 түрлі уәде бергізді.
Си-ань оқиғасы Гоминьдан мен Компартияның қайта ынтымақтастық орнату сынды объектив жағдай қалыптаса бастаған тұста, осы ынтымақтастықты тездету рөлін атқарды. Си-ань оқиғасының бейбіт шешілуі жағдайдың өзгерісіне дәнекер болды. Осыдан соң, Қытайда он жылға ұласқан азамат соғысы негізінен аяқталды, Қытай осыдан бастап азамат соғысынан бүкіл ел көлеміндегі Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың ұлы бұрылыс дәуіріне қадам тастады.
西安事变
1936年12月12日,国民党爱国将领张学良、杨虎城在陕西西安发动“兵谏”,逼迫蒋介石抗日,史称西安事变,亦称“双十二事变”。
面对日本帝国主义的步步紧逼,1935年,中国共产党发布《为抗日救国告全体同胞书》(即《八一宣言》),提出抗日民族统一战线的主张。全国人民的抗日运动进入新的高潮,蒋介石的“攘外必先安内”的政策更加不得人心。张学良曾多次劝谏蒋介石停止内战、一致对外,都被拒绝。
1936年12月初,蒋介石到西安迫令张学良、杨虎城立即率部开赴陕北前线“剿共”。在这种情况下,张学良、杨虎城决定发动“兵谏”。12月12日凌晨,东北军和第十七路军协同行动,扣押了蒋介石,囚禁了陈诚、卫立煌等几十名国民党军政要员,随即通电全国,提出改组南京政府、停止一切内战等八项抗日主张。这便是震惊中外的西安事变。
中国共产党在事变前没有与闻此事。事变爆发后,张学良当夜致电中共中央,希望听取中共意见。中共中央分析了国内外形势,以中华民族利益的大局为重,确定了用和平方式解决事变的方针。12月17日,以周恩来为首的中共代表团到达西安,与张学良、杨虎城恳切会谈,并接见各方人士,力争和平解决西安事变。由于周恩来与张学良、杨虎城的共同努力,经过谈判,迫使蒋介石作出了“停止剿共,联红抗日”等六项承诺。
西安事变在国共两党重新合作的客观形势渐次成熟的时候,起了促成这个合作的作用。西安事变的和平解决,成为时局转换的枢纽。从此,中国十年内战的局面基本结束,中国由此实现了从国内战争到全国抗战的伟大转变。