Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Цзунь-и жиналысы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Цзунь-и жиналысы 

1935 жылы 15 - 17 қаңтар күндері, ҚКП-ның ОК Гуйчжоудың Цзунь-и қаласында Саяси бюроның кеңейтілген жиналысын шақырды. Жиналысқа Саяси бюроның мүшелері Мао Цзэдун, Чжан Вэньтянь, Чжоу Эньлай, Чжу Дэ, Чэнь Юнь, Бо Гу, кандидат мүшелер Ван Цзясян, Лю Шаоци, Дэн Фа, Хэ Кэцюань (Кай Фэн), Қызыл армия штаб-пәтері мен әскери құрамалардың басшыларынан Лю Бочэн, Ли Фучунь, Линь Бяо, Не Жунчжэнь, Пэн Дэхуай, Ян Шанкунь, Ли Чжорань, сондай-ақ ОК Секретариатының бас секретары Дэн Сяопин қатысты. Әскери кеңесші Ли Дэ мен аудармашы У Сюцюань сырттай қатысты.

Аталған жиналыста, сол кездегі ең шұғыл болған әскери істер мен ұйымдық істерге қатысты мәселелер шоғырлы шешілді, бесінші мәрте “қоршап жоюға” қарсы соғыстың жеңіліске ұшырау себептері қорытындыланды. Жиналыстан соң, Чжан Вэньтянь жиналысқа қатысушы көпшілік адамның, өте-мөте Мао Цзэдунның сөйлеген сөздері негізінде, «Орталық комитеттің жаудың бесінші мәрте “қоршап жоюына” қарсы күрестің қорытындысы туралы қаулыны» жазып шықты. Қаулыда Мао Цзэдунның қызыл армияның соғыстары жөніндегі негізгі принципі толық тұрақтандырылды, Бо Гу, Ли Дэлердің әскери мәселеде сақталған бірсыпыра қате қуаттамалары теріске шығарылды. Басым көп санды жолдастың көзқарасы мен талабына сай, Орталық комитеттің Саяси бюросы мен Орталық революциялық әскери комитет қайта ұйымдастырылды, Мао Цзэдун Саяси бюроға мүше болып сайланды, Бо Гу мен Ли Дэның ең жоғарғы әскери қолбасшылық билігі күшін жойды. Чжан Вэньтянь Бо Гудың орнына Орталық комитетке жауапты болатын болып сайланды, Мао Цзэдун, Чжоу Эньлайлар әскери істерге жауапты болды. Осыдан соң тағы да Мао Цзэдун, Чжоу Эньлай, Ван Цзясяндардан ұйымдасқан үш адамдық әскери істерге қолбасшылық ету тобы құрылды.

Цзунь-и жиналысынан соң, Ван Миннің “солшыл” догмашылдық идеясының ОК-дегі үстемдігі аяқталды, Мао Цзэдунның Қызыл армия мен ҚКП ОК-дегі жетекшілік орны тұрақтанды. Зунь-и жиналысы ҚКП-ның тәуелсіз, өзіне-өзі қожайын болу салауатымен, Марксизм-Ленинизмнің негізгі принциптері арқылы өзінің саражолын, бағытын және саясат тараптарындағы мәселелерді шешкен жиналыс болды. Осылайша, Қызыл армия мен ОК аса қатерлі жағдайда сақталып қалды. Осыдан соң Қызыл армия жеңілісті жеңіске, қатерді қауіпсіздікке айналдырып, 25 000 лилік ұзақ жорықты жеңіспен орындады. Цзунь-и жиналысы ҚКП мен Қытай жұмысшы-диқан қызыл армиясының тарихындағы ұлы бұрылыс кезеңі, Ол ҚКП-ның саяси тарапта есейгенінің белгісі болып қалды.

 


遵义会议

1935年1月15日至17日,中共中央在贵州遵义召开了政治局扩大会议。出席会议的有政治局委员毛泽东、张闻天、周恩来、朱德、陈云、博古,候补委员王稼祥、刘少奇、邓发、何克全(凯丰),红军总部和各军团负责人刘伯承、李富春、林彪、聂荣臻、彭德怀、杨尚昆、李卓然以及中央秘书长邓小平。军事顾问李德和翻译伍修权列席会议。

这次会议集中全力解决当时最紧迫的军事问题和组织问题,对第五次反“围剿”的失败进行了总结。会后,张闻天根据与会多数人特别是毛泽东的发言内容,起草了《中央关于反对敌人五次“围剿”的总结的决议》,决议充分肯定毛泽东等关于红军作战的基本原则,否定了博古、李德等人在军事问题上的一系列错误主张。根据绝大多数同志的意见和要求,改组了中央书记处和中央革命军事委员会,毛泽东被选为政治局常委,取消了博古和李德的最高军事指挥权。推选张闻天代替博古在中央负总责,毛泽东、周恩来负责军事。随后,又成立了由毛泽东、周恩来、王稼祥组成的三人军事指挥小组。

遵义会议结束了王明“左”倾教条主义在中共中央的统治,确立了毛泽东在红军和中共中央的领导地位。遵义会议是中国共产党第一次独立自主地运用马克思列宁主义基本原理解决自己的路线、方针和政策方面问题的会议,使红军和党中央在极其危急的情况下得以保存下来。此后,红军转败为胜,转危为安,胜利完成两万五千里长征。遵义会议是中国共产党和中国工农红军历史上一个伟大的转折点,标志着中国共产党在政治上走向成熟。