Қызыл армияның ұзақ жорығы
Бесінші мәрте “қоршап жоюға” қарсы соғыстың сәтсіз аяқтауына байланысты, өмір мен өлім тайталасқан сәттері Қызыл 1, 2, 4 майдан армиясы мен 25 корпус армиясы 1934 жылдың қазан айынан 1936 жылдың қазан айына дейін ұзақ жорықты бастан өткерді.
1934 жылы қазанда, ҚКП-ның Орталық органы мен Орталық қызыл армияның негізгі бөлімдерінен 80 000 адам Орталық Кеңестік регионнан шегініп, батысқа бағыттап қоршаудан шығу жорығына қадам тастады, ұзақ жорық басталды. Іле-шала оңтүстік өлкелердегі өзге де базалардағы қызыл армиялар да стратегиялық орын ауыстырып, ұзақ жорыққа аттанды.
1935 жылы қаңтарда, Қызыл армия Гуйчжоудың Цзунь-и қаласын алды. ҚКП ОК Цзунь-ида Саяси бюроның кеңейтілген жиналысын шақырып, бесінші мәрте “қоршап жоюға” қарсы күрес басталғалы бергі әскери және ұйымдық тараптарда орын алған қателіктерді түзетті, шындығында Мао Цзэдунның Орталық комитет пен Қызыл армиядағы басшылық орнын тұрақтандырды. Осыдан соң, Орталық қызыл армия Мао Цзэдунды өзек еткен ҚКП ОК-ның дұрыс жетекшілігімен, бір жылға таяу жапалы күрестер арқылы Гоминьдан армиясының қоршап шабуылдау, тосқауылдап соққылауынан құтылды, Чжан Готаодың партия мен Қызыл армияны бөлшектеу дағдарысын жеңді, қарлы таудан асты, Сазды даладан өтті, ақыры 1935 жылы қазан айының орта ондығында Шаньши-Ганьсу өңіріндегі Учи қалашығына жетіп, Қызыл 15-әскери құрамамен қауышты. 25 000 ли(шақырым) жол басып, 11 өлкені ендей өткен Қызыл армияның ұзақ жорығы партия мен Қызыл армияның жеңісі, жаудың жеңілісі арқылы орындалды. 1936 жылы қазанда, Қызыл 2-, Қызыл 4-майдан армиялары Ганьсу өлкесінің Хуйнин өңіріне келіп, Қызыл 1-майдан армиясымен қауышты.
Қызыл армияның үш ірі қосынының қауышуы Ұзақ жорықтың жеңіспен аяқтауының белгісі болды. Қызыл армия басып өткен жерлеріне революцияның тоқымын септі. Қызыл армияның ұзақ жорығы Қытай халқының мойымас жігерінің символы болды. Қызыл армияның ұзақ жорығының жеңісі Гоминьдан кертартпашыларының ҚКП-ны, Қызыл армияны жою қаскүнемдігінің түбегейлі жеңілісін жариялады, ҚКП мен Қызыл армияның ұлттың үмітін арқалағанын, солтүстікке жорық жасап Жапон шапқыншыларына қарсы соғысу үшін стратегиялық орын ауыстырғанын, ҚКП мен Қытай революциясының бұраң жолдармен жеңіске жетудегі ұлы бұрылысын айғақтады, ҚКП-ның ұлттың тәуелсіздігі, халық азаттығы үшін күресудей жаңа ұлы жорығын бастады.
红军长征
第五次反“围剿”失败后,面对生死存亡的严峻考验,从1934年10月到1936年10月,红军第一、第二、第四方面军和第二十五军进行了伟大的长征。
1934年10月初,中国共产党的中央机关和中央红军主力8万多人撤离中央苏区,踏上向西突围的征途,长征开始。随后,南方其他根据地的红军也先后进行战略转移,进行长征。
1935年1月初,红军攻占贵州遵义。中共中央在遵义召开政治局扩大会议,集中纠正了第五次反“围剿”以来在军事上和组织上的错误,实际确立了毛泽东在中央和红军中的领导地位。此后,中央红军在以毛泽东为首的中共中央正确领导下,经过近一年的艰苦奋战,突破了国民党军队的围追堵截,战胜了张国焘分裂党和红军的危机,爬雪山,过草地,终于在1935年10月中旬到达陕甘地区的吴起镇,与红十五军团会师。行程两万五千里、纵横11个省的中央红军的长征,终于以党和红军的胜利、敌人的失败而结束。1936年10月,红二、红四方面军到达甘肃会宁地区,同红一方面军会师。
红军三大主力会师,标志着万里长征的胜利结束。红军走过的地方,播下了革命的种子。红军长征成了中国人民坚强不屈斗争精神的象征。红军长征的胜利,宣告了国民党反动派消灭中国共产党和红军的图谋彻底失败,宣告了中国共产党和红军肩负着民族希望胜利实现北上抗日的战略转移,实现了中国共产党和中国革命事业从挫折走向胜利的伟大转折,开启了中国共产党为实现民族独立、人民解放而斗争的新的伟大进军。