Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Зор өндіріс науқаны

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Зор өндіріс науқаны 

Зор өндіріс науқаны―Жапонға қарсы соғыс мезгіліндегі ҚКП жетекшілік еткен Жапон шапқыншыларына қарсы базалардағы армия мен халықтың зор көлемде өндіріспен шұғылданып өзін құтқару науқаны болып табылады.

1941 жылы, Жапон армиясының құтырына шабуылдауы мен Гоминьдан кертартпашыларының қоршап қыспаққа алуы, сондай-ақ жаратылыстық апаттың кесірінен ҚКП жетекшілік еткен Жапон шапқыншыларына қарсы базалар қаржы, экономика тараптарында ауыр қиыншылықтарға тап болды. Экономикалық ауыр қыспақтан шығу үшін ҚКП-ның ОК өндіріспен шұғылданып, өзін-өзі құтқару жолын дәріптеді. Базалардағы партия, үкімет, армия, оқу орындары мен халық бұқарасы үндеуге үн қосып зор өндіріс қимылын бастады. 1942 жылы желтоқсанда, Мао Цзэдун Шаньганьнин шекаралық регионының жоғары лауазымды шенеуніктерінің жиналысында «Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс кезеңіндегі экономика мен қаржы мәселесі туралы» баяндамасында экономикалық қызмет пен қаржы қызметінің бас бағыты “экономиканы өркендетіп, қамдауға кепілдік беру”, азат региондардағы армия мен халық зор өндіріс науқанын қанат жайдырып, өз күшіне сүйеніп өмір сүру, қиыншылықты жеңу деп түсіндірді.

Армия, үкімет органдары мен оқу орындары өзін қамдау шаруалықтарын ашуы зор өндіріс науқанындағы жасампаздық есептеледі. Жапон шапқыншыларына қарсы демократиялық үкімет өзін қамдайтын зауыттар ашты, армия да өзін қамдау мақсатымен Ауыл шаруашылығымен, ішінара өнеркәсіп, саудамен де шұғылданды, диқандар  шоғырлы ұйымдастырылып Ауыл шаруашылық өндірісімен шұғылданды. Әр дәрежелі партия, үкімет орындарындағы кадрлар да зор өндіріс науқанына белсене кірісіп, бұқарамен бейнетте де зейнетте де бірге болды.

Зор өндіріс науқанының аршынды ілгерілеуі арқылы ҚКП жетекшілік еткен азат региондарды заттық материалдардың зор мөлшердегі тапшылығынан құтқарды, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың жеңіске жетуіне материалдық негіз қалады, сонымен бірге партия, үкімет, армия, халықтың өзара байланысын бекемдеді, өз күшіне сүйеніп өмір сүру, қажырлы күрес жасау сынды Янь-ань рухын жетілдірді, экономикалық құрылыстың тәжірибелерін топтады, экономика саласында бір топ кадрды дайындады.

 


大生产运动

大生产运动,是指抗战时期中国共产党领导抗日根据地军民开展的大规模生产自救运动。

1941年,由于日军的疯狂进攻和国民党顽固派的包围封锁,以及自然灾害的侵袭,中国共产党领导的抗日根据地的财政、经济遭遇了极为严重的困难。为克服经济上的严重困难,中共中央再次强调走生产自救的道路。各抗日根据地的党政军学人员和人民群众响应号召,掀起了大规模的生产运动。1942年12月,毛泽东在陕甘宁边区高级干部会议上作《经济问题和财政问题》的报告,阐明了经济工作和财政工作的总方针是“发展经济、保障供给”,号召解放区军民切实开展大生产运动,自力更生,克服困难。

军队、政府机关和学校发展自给经济,是大生产运动中的一个创造。抗日民主政府办了许多自给工业,军队发展了以自给为目标的农业和部分工商业,农民广泛组织起来发展农业生产。各级党政干部也都积极投入大生产运动,和群众同甘共苦。

大生产运动的蓬勃开展,使中国共产党领导的解放区克服了严重的物质困难,为争取抗战胜利奠定了物质基础,同时密切了党政军民关系,树立了自力更生、艰苦奋斗的延安精神,积累了一些经济建设的经验,培养了一批经济工作干部。