Жүз полк шайқасы
1940 жылы жазда, Жапон шапқыншыларының “құрсаулау” саясатын талқандау, Солтүстік Қытайдағы соғыс жағдайының тиімді бағытқа дамуын жебеу, әрі бүкіл ел аумағындағы Жапон шапқыншыларына қарсы тұру жағдайына ықпал жасау, Гоминьданның Жапонмен рақайласуы мен тізе бүгуін жеңу үшін 8-армияның бас штабы Солтүстік Қытайдағы Жапондар басып алған өңірдегі қатынас желілері мен елдімекендерге кең көлемді шабуылдау жөнінде шешім қабылдады. Шайқастың кеңеюіне байланысты 8-армияның шайқасқа қатысушы қосындары 105 полкқа, жауынгер саны 200 000-ға жетті. Сондықтан “жүз полк шайқасы” деп аталды. 1940 жылы 8 тамызда 8-армияның бас штабы «Шайқас бұйрығын» түсіріп, соғысқа қатысатын әскери күштерге нақты міндеттемелер жүктеді, сонымен бірге 20 тамызды шайқастың басталар күні етіп белгіледі.
Жүз полк шайқасы екі мәрте ырықты шабуылдау басқышы мен бір мәрте “аластауға” қарсы соғыс кезеңін басып өтті. Шайқастың бірінші кезеңі қатынас желілеріне көлемді бүлдіру, тосын шабуылдау болды, бастысы Чжэн-Тай теміржолын бүлдірді. Екінші кезеңінде, қатынас желілерінің екі тарапындағы және базаларға ішкерілей ене орналасқан жаудың бекіністеріне жалғасты шабуыл жасалды, әрі Лайюан-Линцю шайқасын қозғады. Үшінші кезең “аластауға” қарсы шайқас болды. Жүз полк шайқасы төрт айға созылды, 1824 рет соғыс болды, Жапон әскерлерінен 20 000-нан астам адам, қуыршақ армиядан 5000-дай адам өлді және жарақат алды, түрлі зеңбіректерден 50 шақтысы, мылтықтардан 5900 ге тартасы және әскери материалдар олжаға алынды. 8-армиядан да 17 000 жауынгер өлді немесе жарақат алудай ауыр бодау төленді.
Жүз полк шайқасы―Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс жаппай басталғаннан кейінгі 8-армияның Солтүстік Қытай аумағында қозғаған көлемі ең үлкен, жалғасу уақыты ең ұзақ стратегиялық шабуылдау шайқасы есептеледі. Ол Компартия жетекшілік еткен Жапон шапқыншыларына қарсы артқы шептегі армия мен халықтың айбарын асырды, Жапон әскерлерін шаужайлап, Жапон армиясының “Оңтүстік Қытайға жорығын” кешеуілдетті, әрі бетпе-бет соғыс майданын қолдап, жағдайдың жақсаруына орай әзірлеу жағынан белсенді рөл атқарды. Бұл шайқас дүниежүзіне ҚКП және ол жетекшілік еткен армияның Жапон шапқыншыларына қарсы тұрушылардың мызғымас тірегі екенін, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың жеңіске жетуінің үміті екенін паш етті.
百团大战
1940年夏,为粉碎日本侵略者的“囚笼政策”,争取华北战局更有利的发展,并影响全国的抗战局势,克服国民党对日妥协投降的危险,八路军总部决定向华北日军占领的交通线和据点发动大规模进攻战役。随着战役的展开,八路军参战部队达到105个团约20万人,故称“百团大战”。1940年8月8日,八路军总部下达《战役行动命令》,对作战兵力作了具体部署,同时确定8月20日为战役发动时间。
百团大战经历了两个主动进攻阶段和一个反“扫荡”阶段。战役第一阶段是交通总破袭战,重点是破坏正太铁路。第二阶段,继续袭击交通线两侧和摧毁深入根据地内的敌据点,并发动涞(源)灵(丘)等战役。第三阶段是反“扫荡”作战。百团大战历时4个多月,共作战1824次,毙伤日军2万余人、伪军5000余人,缴获各种炮50余门、各种枪5900余支和一批军用物资。八路军也付出了伤亡1.7万余人的代价。
百团大战,是全面抗战以来八路军在华北地区发动的规模最大、持续时间最长的一次带战略性进攻的战役,打出了中国共产党领导的敌后抗日军民的声威,牵制了日军的兵力,推迟了日军“南进”的时间,并对支持正面战场作战,争取时局好转,起了积极作用。这次战役向全世界表明了中国共产党及其领导的军队,是抵抗日本侵略的中流砥柱,是争取抗战胜利的希望所在。