Ұзаққа созылатын соғыс туралы
Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс жалпы беттік басталған соң Гоминьдан партиясында “лездік жеңіс” пен “отанның жойылуы” сынды екі көзқарас белең алды. ҚКП-да кейбіреулер Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың үмітін Гоминьданның тұрақты армиясына артып, партизандық соғысқа немқұрайды қарады. 1938 жылдың 26 мамыры мен 3 маусымы аралығында, Янь-аньдағы Жапон шапқыншыларына қарсы соғысты зерттеу жиналысында, Мао Цзэдун «Ұзаққа созылатын соғыс туралы» деген ұзынсонар лекция жасап, бүкіл ел аумағындағы Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың тәжірибе-сабақтарын алғашқы адымда қорытындылап, сол тұста өріс алған түрлі қате көзқарастарды сындады, ҚКП-ның Жапон шапқыншыларына қарсы ұзаққа созылатын соғыс бағытын айқын ортаға қойды. Аталған шығармада Мао Цзэдун Қытай мен Жапонияның қоғамдық формациясы, тараптар ара соғыстың сипаты, соғыс факторының күшті-әлсіздігі, халықаралық қауымдастықтың қолдауы мен терістеуі сияқтыларға талдау жасай отырып, Жапон шапқыншыларына қарсы соғысты ұзаққа созылатын соғыс, соңғы жеңіс Қытайға тән деп атап көрсетті. Ол Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың стратегиялық қорғаныс, стратегиялық теке-тірес, стратегиялық қайтарма шабуыл сынды үш кезеңге айырылатынын ғылыми болжады, ұзаққа созылатын соғыстың негізі барша халық бұқарасында екенін дәріптеді.
«Ұзаққа созылатын соғыс туралыда» Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың даму заңдылығы ғылыми тұрғыдан дәлелденді, бұлтартпас логика арқылы жеңіске қол жеткізудің жолын айқын түсіндірді, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың түрлі қате танымдарын сын тезіне алды, сөйтіп бүкіл партия, бүкіл армия мен барша халықты идеялық жақтан қаруландырды, оларды айрықша шабыттандырды, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың жеңісіне деген сенімдерін нығайтты. Бұл шығарма ҚКП-ның бүкіл ел аумағындағы Жапон шапқыншыларына қарсы соғысқа жетекшілік етуінің теориялық тұғырнамасы болды. Марксизмдік диалектикалық материализм мен тарихи материализм арқылы соғыс мәселесін шешуде нақты жағдайды шығар түйін еткен жарқын өнеге болды.
《论持久战》
抗战全面爆发后,国民党内出现了“速胜论”和“亡国论”等论调。在中国共产党内,也有一些人寄希望于国民党正规军的抗战,轻视游击战争。1938年5月26日至6月3日,毛泽东在延安抗日战争研究会上,作了《论持久战》的长篇演讲,初步总结了全国抗战的经验,批驳了当时盛行的种种错误观点,系统阐明了中国共产党的抗日持久战方针。毛泽东分析了中日两国的社会形态、双方战争的性质、战争要素的强弱状况、国际社会的支持与否等,指出抗日战争是持久战,最后的胜利属于中国。他科学地预见到抗日战争必将经过战略防御、战略相持、战略反攻三个阶段,强调持久战的基础在于广大民众。
《论持久战》科学地论证了抗日战争的发展规律,以无可辩驳的逻辑力量阐明了争取抗战胜利的道路,批判了对于抗日战争的各种错误认识,因而从思想上武装了全党、全军和广大人民,极大地鼓舞和坚定了广大军民争取抗战胜利的信心。《论持久战》印刷出版后,不仅获得国共两党领导的共识,更成为抗日战争中的战略指导纲领。这篇著作是运用马克思主义的辩证唯物主义和历史唯物主义从具体情况出发解决战争问题的光辉典范。