Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Ортажазықта қоршаудан шығу

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Ортажазықта қоршаудан шығу 

Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс жеңіске жеткен соң, Чан Кайши Ортажазықтағы азат региондарды құрсаулау және жалмау, Ортажазықтағы азат региондардағы қосындарды құрту, Шығыс Қытай, Солтүстік Қытай, Солтүстік-шығыс Қытайға баратын жорық жолын ашу үшін 20 дивизия қосынын топтады. 1946 жылы қаңтарда, Гоминьдан үкіметі мен ҚКП делегаттары соғыс тоқтату келісіміне қол қойғанымен, Гоминьдан армиясы аталған өңірге әскерін көбейтіп, құрсаулау мен шабуылын тоқтатпады. 26 маусымда, Чан Кайши Гоминьдан мен Компартияның «Соғыс тоқтату келісімін» жыртып тастап, 10 дивизияның 300 000 әскерімен алдымен Ортажазық әскери округі қосындарына кең көлемді шабуыл бастады, осылайша азамат соғысы басталды.

Ортажазық әскери округі ҚКП ОК-ның “дереу қоршауды бұзу, қанша тез болса сонша жақсы, ешбір әрі-сәрі болмау, тірі қалу ― бірінші, жеңіс ― бірінші” деген нұсқауына сай, бір бөлім қосынды тұрған жеріне қалдырып, күресті жалғастыру, бір бригаданы негізгі қосын етіп көрсетіп, шығысқа шегіндіру арқылы Гоминьдан армиясының көзін көлегейлеуден тыс, негізгі қосын оңтүстік, солтүстік екі бағытпен батысқа шегінді.

Солтүстік бағыттағы 15 000 адам Ортажазық әскери округінің қолбасшысы Ли Сяньнянь, саяси комиссар Чжэн Вэйсань, қолбасшының орныбасары Ван Чжэньның бастауымен Гоминьданның қат-қабат құрсауын талқандап, шілденің соңғы ондығында Оңтүстік Шэньсиге келіп, Оңтүстік Шэньси партизандарымен қауышты, әрі тамыз айының басында Хубэй-Хэнань-Шэньси (ХХШ) әскери округі болып құрылды. Мұның ішіндегі Ван Чжэн бастаған 359-бригада солтүстікке үдере тартып, тамыздың соңында Шаньши-Ганьсу-Нинся (ШГН) азат регионына келді.

Оңтүстік бағыттағы 10 000-ға тарта адам әскери округ қолбасшысының орынбасары Ван Шушэнның бастауымен Гоминьдан армиясының қоршауын, өкшелей қуалауын, тосқауылдап соққылауларын быт-шыт етіп, Хубэйдің солтүстік-батысындағы Удан тауы өңіріне барып, тамыздың соңғы ондығында Солтүстік-батыс Хубэйдің әскери округін құрды.

Алайда жауды алжастыру мен шаужайлауға жауапты болған шығысқа шегінген 1-бригаданың 1-колоннасы комбриг Пи Динцзюньнің басшылығымен жаудың көзін сәтті көлегейлеген соң, қоршау аумағынан шұғыл қашып шығып, шығысқа шеру тартты, 20 шақты күн айнала соғыс салу арқылы мыңдаған ли жол басып, Цзянсу-Аньхуй азат регионына барды.

Ортажазықтағы қоршаудан шығу азаттық соғысының басталуы болып табылады. Ол бір реткі ұлы стратегиялық шегіну ретінде, Гоминьдан армиясының 30 бригадалық әскерін ауыздықтады, негізгі қосынды аман алып қалды, екі база құрды, әрі бұрынғы орынға бір бөлім қарулы күштерді қалдырып, өзге майдандардағы соғысқа сәйкесті. Бұл кейінгі стратегиялық шабуыл мен азаттық соғысының бүкіл ел аумағында жеңіске жетуіне маңызды рөл атқарды, ҚКП ОК мен Орталық әскери комитет тарапынан толық тұрақтандырылды және өскелең марапатталды.

 


中原突围

抗日战争胜利后,蒋介石调集20多个师的部队,包围和蚕食中原解放区,企图消灭中原解放区部队,打通向华东、华北、东北的进军道路。1946年1月,国民党政府和中国共产党双方代表签署停战协定后,国民党军仍继续增调兵力包围和进攻这一地区。6月26日,蒋介石撕毁国共双方达成的《停战协定》,调动10个整编师共30余万人的兵力,首先对中原军区部队发起大规模进攻,致使全面内战爆发。

中原军区遵照中共中央“立即突围,愈快愈好,不要有任何顾虑,生存第一,胜利第一”的指示,除留部分地方部队在原地坚持斗争,以一个旅伪装主力向东转移迷惑国民党军队外,主力分南北两路向西转移。

北路约1.5万人,在中原军区司令员李先念、政委郑位三和副司令员王震的率领下,突破了国民党军队重重截击合围,于7月下旬进入陕南,同陕南游击队会合,并于8月初组成鄂豫陕军区。其中王震率领三五九旅继续北进,于8月底进入陕甘宁解放区。

南路约1万余人,在军区副司令员王树声率领下,冲破国民党军队的围追堵截,进入鄂西北的武当山地区,于8月下旬组成鄂西北军区。

担负迷惑和牵制敌军任务向东转移的第一纵队第一旅,在旅长皮定均的指挥下,在成功迷惑敌人后,迅速跳出包围圈,挥师东进,转战20余天,跋涉千里,进入苏皖解放区。

中原突围,揭开了解放战争的序幕。它是一次伟大的战略转移,牵制了国民党军队30个旅的兵力,保存了主力,建立了两块根据地,并留下小部分兵力坚持原地斗争,有力地配合了其他战场的作战,对以后的战略反攻和夺取解放战争的全国胜利发挥了重要作用,受到中共中央和中央军委的充分肯定和高度赞扬。