ҚКП VII құрылтайы
Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың жеңісіне жету қарсаңында, 1945 жылы 23 сәуірден 11 маусымға дейін ҚКП VII құрылтайы Янь-аньда шақырылды. Құрылтайға бүкіл елдегі 1,21 млн коммунист атынан 547 ресми делегат, 208 кандидат мүше қатысты. Құрылтайда жаңа кезекті орталық комитеті сайланды. Құрылтайда Мао Цзэдун «Біріккен үкімет жөнінде» деген тақырыптағы саяси баяндаманы, Чжу Дэ «Азат региондардағы соғыс жөнінде» деген тақырыптағы әскери баяндаманы, Лю Шаоци «Партия жарғысына өзгеріс енгізу жөніндегі баяндаманы» жасады, Чжоу Эньлай «Бірлікшеп туралы» деген тақырыпта лекция оқыды, Жэнь Биши, Чэнь Юньдар құрылтайда сөз сөйледі.
Құрылтайда саяси қаулы әктісі, әскери қаулы әктісі мен партияның жаңа жарғысы мақұлданды, партияның саяси саражолы, жаңа демократиялық мемлекеттің саяси, экономика, мәдениет тараптарындағы тұғырнамасы жасалды, Қытайды өнеркәсіптендірудің ұлағатты міндеттері алға қойылды, мемлекет пен халық тұрмысына қажетті жеке капитализмнің белгілі деңгейде дамитынын жариялады, әрі партияның құжаттамаларында тұңғыш рет өндіргіш күш өлшемі арқылы саяси партияның тарихи рөлін саралау жазылды. Құрылтайда қарулы күрес, бірлікшеп, партиялық құрылыстың тәжірибелері қорытындыланып, партияның ұзақ жылғы күрес барысында қалыптасқан теорияны практикамен, халық бұқарасымен, сын және өз-өзіне сынмен ұштастыру сынды 3 стилі қалыптасты. Құрылтайдың жабылу салты Мао Цзэдунның «Юйгунның тауды көшіруі» деген сөзімен аяқталды. Құрылтайда қабылданған партияның жаңа жарғысында Мао Цзэдун идеясы барлық қызметтердің бағдарнамасы деп белгіленіп, Марксизм-Ленинизмнің негізгі қағидаларының Қытай революциясымен ұштасуының бірінші реткі тарихи секіруі орындалды. Мао Цзэдун идеясын партияның басшылық идеясы деп тану әрі оны партия жарғысына енгізу ҚКП VII құрылтайының тарихи үлесі болып табылады.
ҚКП VII құрылтайы Қытай коммунистерінің жаңа демократиялық революция кезеңінде шақырылған аса маңызды мемлекеттік құрылтай болып табылады. Ол революция аса маңызды өзгеріс дәуіріне енген кезде бүкіл партияға дер кезінде, дұрыс басшылық етіп, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың жеңісі мен жаңа демократиялық революцияның бүкіл ел аумағындағы жеңісіне саяси, идея, ұйымдық жақтардан негіз қалады.
中国共产党第七次全国代表大会
抗日战争取得胜利前夕,1945年4月23日至6月11日,中国共产党第七次全国代表大会在延安举行。出席大会的正式代表547人,候补代表208人,代表全国121万党员,大会选举产生了新的中央委员会。毛泽东在会上作《论联合政府》的政治报告,朱德作《论解放区战场》的军事报告,刘少奇作《关于修改党章的报告》,周恩来作《论统一战线》的讲话,任弼时、陈云等作了大会发言。
大会通过了政治决议案、军事决议案和新的党章,制定了党的政治路线,制定了新民主主义国家在政治、经济、文化方面的纲领,提出了实现中国工业化的宏伟任务,宣布要让有利于国计民生的私人资本主义有一定程度的发展,并首次在党的文件上提出要以生产力标准来评判一个政党的历史作用。大会总结了武装斗争、统一战线、党的建设经验,深刻论述了党在长期奋斗中形成的三大作风,即理论和实际相结合的作风、和人民群众紧密联系在一起的作风、自我批评的作风。在大会闭幕式上,毛泽东致题为《愚公移山》的闭幕词。大会通过的新党章规定,以毛泽东思想为党的一切工作的指针,从而实现了马克思列宁主义基本原理同中国革命相结合的第一次历史性飞跃。把毛泽东思想作为党的指导思想并写入党章,是中共七大的历史性贡献。
中共七大是中国共产党在新民主主义革命时期召开的一次极其重要的全国代表大会,在革命面临新的重大转变的关键时刻,对全党给予了及时正确的指导,为争取抗战的胜利和新民主主义革命在全国的胜利奠定了政治上、思想上、组织上的基础。