Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​​Янцзэ дариясынан өту операциясы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Янцзэ дариясынан өту операциясы

Ляо-Шэнь, Хуай-Хай, Пин-Цзинь операцияларының зілді соққысымен Гоминьдан партиясы саяси, экономика, әскери істерде жалпы беттік зауалға беттеді. Уақыттан ұтуды, қайта қармануды көздеген Чан Кайши ХАА-сын Янцзэ дариясының оңтүстігіне жорығын дарияның табиғи тосқауылы арқылы бөгемекші болды.

Соғысты ертерек аяқтау, шынайы бейбітшілікті жүзеге асыру үшін Мао Цзэдун Гоминьдан үкіметімен бейбітшілік келіссөзін өткізудің 8 шартын ұсынды, ХАА осыған бола дариядан өтуді көп мәрте кешеуілдетті. Нанькин ұлттық үкіметі Гоминьдан мен Компартияның «Мемлекет ішіндегі бейбітшілік келісіміне» қол қоюдан бас тартқан соң, Қытай халық революциялық әскери комитетінің төрағасы Мао Цзэдун, Қытай халық азаттық армиясының (ҚХАА) бас қолбасшысы Чжу Дэ 1949 жылы 21 сәуір күні бүкіл мемлекетке жорық жасау жөніндегі бұйрықты жариялады.

20 сәуір кештен 21 сәуір кешке дейін, ҚХАА-ның 2-, 3-далалық армиясы Қытай тарихындағы ең көлемді Янцзэ дариясынан ендей өту операциясын бастады. Батыстағы Хукоудан шығыстағы Цзян-инға дейінгі 1000 лиге созылған майдан шебінде ХАА жойқын тебінмен Гоминьданның құрылық, теңіз, әуе армиясынан құралған дария қорғаныс шебін талқандады. 23 сәуір күні ХАА Нанькин қаласын басып алды, Гоминьданның 22 жылдық кертартпа үстемдігі құлады. 27 сәуірден 6 мамырға дейін 3-далалық армия Ланси, Гуандэ өңірлерінде Нанькин мен Чжэньцзяннан қашып шыққан жаудың бес корпусын жойды, әрі 3 мамырда Чжэцзян өлкесінің орталық қаласы Ханчжоуды басып алды. Сонымен бір уақытта 2-далалық армиядан құралған Батыс армия құрамасы Янцзэ дариясынан өткен соң оңтүстікке суыт шеру тартып, Цзюцзян, Наньчан қалаларын арт-артынан азат етіп, Чжэцзян-Цзянси бағытын кесіп, Тан Эньбо мен Бай Чунсидің екі армия құрамасының өзара байланысын үзді. 17 мамырда Уханьның үш қалашығы азат етілді. 27 мамырда Шаңхайды тұтасымен басып алды. 2 маусымда Чунмин аралы азат етілді, осылайша дариядан өту операциясы жеңіспен аяқталды.

42 күнге ұласқан дариядан өту операциясында, ХАА-нан 60 000 адам оққа ұшты және жарақат алды, ал Гоминьдан армиясының 430 000-дай адамы құртылды, Нанькин, Шаңхай, Ухань қалалары, сондай-ақ Цзянсу, Аньхуй өлкелері тұтасымен, Чжэцзян, Цзянси, Хубэй, Фуцзянь өлкелерінің бір бөлігі азат етілді. Бұл кейінгі Шығыс Қытай аумағының азат болуы Оңтүстік Қытай, Оңтүстік-батыс Қытайға жорық жасауға маңызды шарт әзірледі.


渡江战役

在辽沈、淮海、平津三大战役的沉重打击下,国民党政治、经济、军事陷入了总崩溃。蒋介石为了赢得时间,伺机卷土重来,企图依托长江天险阻止人民解放军渡江南进。

为了早日结束战争,实现真正的和平,毛泽东提出了与国民党政府进行和平谈判的八项条件,人民解放军为此多次推迟渡江南进的时间。当南京国民党政府拒绝在国共双方已达成的《国内和平协定》上签字后,中国人民革命军事委员会主席毛泽东、中国人民解放军总司令朱德于1949年4月21日发布了向全国进军的命令。

4月20日晚至21日晚,中国人民解放军第二、第三野战军,发起了中国历史上规模空前的渡江战役。在西起湖口东至江阴的千里战线上,人民解放军以排山倒海之势,一举突破了国民党陆、海、空组成的长江防线。4月23日,人民解放军占领南京,宣告了国民党22年反动统治的灭亡。4月27日至5月6日,第三野战军又在郎溪、广德地区围歼南京、镇江逃敌五个军,并于5月3日占领浙江省会杭州。与此同时,由第二野战军组成的西集团军渡江后向南疾进,先后解放了九江、南昌,斩断了浙赣路,隔断了汤恩伯与白崇禧两集团军的联系。5月17日解放了武汉三镇。5月27日,完全攻占了上海。6月2日,解放了崇明岛,至此,渡江战役宣告胜利结束。

历时42天的渡江战役,人民解放军以伤亡6万余人的代价,歼灭国民党军43万余人,解放了南京、上海、武汉等大城市以及江苏、安徽两省全境和浙江、江西、湖北、福建等部分地区,为之后解放华东全境和向华南、西南地区进军创造了重要条件。