ҚКП VII кезекті ОК-ның екінші пленумы
1949 жылы 5 ― 13 наурыз күндері, ҚКП ОК Хэбэй өлкесі Пиншань ауданындағы Сибайпо қыстағында ҚКП VII кезекті Орталық комитетінің екінші пленумын шақырды. Пленум Ляо-Шэнь, Пин-Цзинь, Хуай-Хай сынды үш операция ұлы жеңіске жетіп, Гоминьдан армиясының негізгі күші жойылған, Қытай халық азаттық соғысы бүкіл ел аумағында жеңіске жетер сәтте шақырылды. Пленумға ОК-ның 34 мүшесі мен ОК-ның 19 кандидат мүшесі қатысты, 11 адам сырттай қатысты.
Пленумда Мао Цзэдунның баяндамасы талқыланды, 1945 жылы маусымнан бергі VII кезекті ОК-ның бірінші пленумынан бергі ОК Саяси бюросының қызметтерін тексеріп бекітті, ҚКП алға қойған жаңа саяси-мәслихат кеңесін шақыру, сондай-ақ демократиялық бірлескен үкімет құру жөніндегі ұсынысты бекітті, Мао Цзэдунның 8 шарт негізіндегі Нанькин үкіметімен келіссөз жүргізу жөніндегі мәлімдемесін бекітті. Пленум Мао Цзэдунның баяндамасына сай революцияның бүкіл ел аумағындағы жеңісін ілгерілету және осы жеңісті ұйымдастырудың бағытын белгіледі, революция жеңіске жеткеннен соңғы жаңа демократиялық құрылыстың жобасы белгіленді; бүкіл ел аумағында жеңіске жеткеннен кейін, партияның саяси, экономика, сыртқы істер саласында атқаратын негізгі саясаттары, сондай-ақ Қытайды аграрлы елден өнеркәсіпті елге, жаңа демократиялық қоғамнан социалистік қоғамға өтудегі басты міндеттері мен басты жолдарын белгіледі; партия қызметінің салмағын ауылдан қалаға стратегиялық орын ауыстыруға қатысты мәселелер талқыланды. Пленумда революция бүкіл ел аумағында жеңіске жеткен, әрі жер мәселесін шешкеннен кейін Қытайда әлі де екі басты қайшылық, яғни ел ішінде жұмысшылар табы мен капиталистердің қайшылығы, ел сыртында Қытай мен империалистік елдердің қайшылығы өмір сүреді деп атап көрсетілді.
Аталған пленумда партияның идеялық қызметін күшейту, капиталистік идеялардың партиялық қосынымызды жеміруінен сақтану керектігі айрықша атап өтілді, бүкіл партияға революция жеңіске жеткеннен кейін де кіші пейіл, байыпты болу, дандайсымау, ұшқалақтыққа салынбау стилін ұдайы жалғастыруын, қажырлы күрес жасау стилін жалғасты сақтау керектігін ескертті.
ҚКП VII кезекті ОК-ның екінші пленумы Қытай революциясы бұрылыс кезеңінде тұрған шақта шақырылған терең тарихи мәнге ие пленум. Онда шешілген түрлі саяси шаралар мен белгілемелер Қытай революциясының бүкіл ел аумағындағы жеңісін қарсы алуда ғана емес, жаңа Қытайдың құрылыс істерінде де аса маңызды жетекшілік рөл атқарды.
中共七届二中全会
1949年3月5日至13日,中共中央在河北省平山县西柏坡村召开了中国共产党第七届中央委员会第二次全体会议。全会是在辽沈、平津、淮海三大战役取得伟大胜利,国民党军队主力被歼灭,中国人民解放战争即将取得全国胜利前夕召开的。出席全会的有中央委员34人,候补中央委员19人,列席会议11人。
全会听取并讨论了毛泽东的报告,批准了1945年6月七届一中全会以来中央政治局的工作,批准了由中国共产党发起的关于召开新的政治协商会议及成立民主联合政府的建议,批准了毛泽东关于以八项条件作为与南京政府进行和平谈判基础的声明。全会根据毛泽东的报告,制定了促进革命取得全国胜利和组织这个胜利的方针,确定了革命胜利后新民主主义建设的蓝图;规定了全国胜利后,党在政治、经济、外交方面应当采取的基本政策,以及使中国由农业国转变为工业国、由新民主主义社会转变到社会主义社会的总的任务和主要途径;讨论了党的工作重心由乡村向城市实行战略转移的问题。这次全会指出,革命在全国胜利并解决了土地问题以后,中国还存在着两种基本矛盾,国内是工人阶级和资产阶级的矛盾,国外是中国和帝国主义国家的矛盾。
这次全会还特别强调应加强党的思想建设,防止资产阶级思想侵蚀党的队伍,提醒全党在革命胜利后务必继续保持谦虚、谨慎、不骄、不躁的作风,务必继续保持艰苦奋斗的作风。
中共七届二中全会是在中国革命转折关头召开的一次具有深远历史意义的会议,它所作出的各项政策规定,不仅对迎接中国革命在全国的胜利,而且对新中国的建设事业,都具有巨大的指导作用。