Үш ірі операция
1948 жылы күзде, халық азаттық соғысы бүкіл мемлекет аумағында жеңіске жетудің стратегиялық шешуші шайқас кезеңіне өтті. Мао Цзэдунды ұйтқы еткен ҚКП ОК соғыс жағдайын ғылыми тұрғыдан талдап, стратегиялық шешуші шайқастың орайлы сәттерін дұрыс игерді, шешуші шайқастың бағытын таңдады, әрі ұқсамаған майдандардың ерекшеліктеріне сай ұқсамаған соғыс бағыттарын белгілеп, ілгерінді-кейін Ляоси-Шэньян, Хуай-Хай және Бэйпин-Тяньцзинь (Ляо-Шэнь, Хуай-Хай, Пин-Цзинь) сынды үш ірі операцияны ұйымдастырды, әрі аталған операциялардың әрбір басқыштарын өзара тығыз байланыстырып, халық азаттық соғысын жеңістен жеңіске бастады.
1948 жылы қыркүйек айында, Линь Бяо, Ло Жунхуаньдар Солтүстік-шығыс далалық армиясының негізгі қосындары мен жергілікті қарулы күштерден 1,03 млн адамға қолбасшылық етті. Солтүстік-шығыс халқының қолдауымен олар Цзинчжоу, Чанчунь, Шэньяндарға орналасқан Гоминьдан армиясының 550 000 әскеріне қарсы Ляо-Шэнь операциясын бастады. 52 күнге созылған операция жеңіспен аяқталды, бүкіл Солтүстік-шығыс Қытай аумағы азат етілді, Солтүстік-шығыс далалық армиясы қуатты стратегиялық запас қосынға айналды. Бұл Бейжің-Тяньцзинь мен Солтүстік Қытай аумағын азат етуге қолайлы жағдай әзірледі, әрі азаттық соғысқа берік те өнеркәсіптік негізі бар стратегиялық артқышеп қалыптастырды.
1948 жылы қараша айында, Ляо-Шэнь операциясы аяқталғаннан кейін, Дэн Сяопин хатшы болған бас маңдайшеп комитеті Шығыс Қытай далалық армиясы, Ортажазық далалық армиясы мен бір бөлім жергілікті қарулы күштерден ұйымдасқан 600 000 адамға қолбасшылық етіп, Сюйчжоуды орталық ете, шығыста Хайчжоудан, батыста Шанцюге дейінгі, солтүстікте Линьчэннан (қазіргі Сюечэннан), оңтүстікте Хуайхэ өзені жағасына дейінгі аумақта көлемі аса ірі Хуай-Хай операциясын бастады. 66 күнге созылған шайқас жеңіспен аяқталды. Бұл ХАА-ның Сонар дариядан өтуіне және Гоминьдан кертартпа билігінің орталығы Нанькин мен Шаңхайды азат етуге аса қолайлы жағдайлар жасады.
1948 жылы қарашаның соңында ХАА Линь Бяо, Ло Жунхуань, Не Жунчжэньдардан ұйымдасқан Пин-Цзинь маңдайшеп комитетінің басшылығымен батыста Чжанцзякоудан, шығыста Тангу, Таншаньдардағы Бейжің мен Тяньцзиньдерді қамтыған өңірде Пин-Цзинь операциясын бастады. 1949 жылы 31 қаңтарда Бэйпин бейбіт азат болды. Бұл шайқас 64 күнге созылды, Солтүстік Қытай аумағы дерліктей азат болды.
Осы реткі үш ірі операцияда 1,54 млн жау әскері жойылып, Гоминьданның негізгі әскери күштері негізінен жойылды, бұл азаттық соғыстың бүкіл ел аумағында жеңіске жетуін барынша тездетті. Халық бұқарасы стратегиялық шешуші шайқаста орасан зор рөл атқарды, 8,86 млн еңбеккүш маңдайшепке қолдау көрсетті, 360 000-нан астам зембіл мен үлкенді-кішілі көлік құралынан 1 млн-нан астамын жіберді. Үш ірі операцияны белгі еткен стратегиялық шешуші шайқастың жеңісі ― Мао Цзэдунның әскери идеясы мен халықтық соғыстың ұлы жеңісі, Қытай халқының азаттық соғысы тарихындағы шұғылалы кезең.
三大战役
1948年秋,人民解放战争进入夺取全国胜利的战略决战阶段。以毛泽东为核心的中共中央科学地分析战争形势,正确把握战略决战的时机,选定决战方向,并针对不同战场的特点制定作战方针,连续组织辽沈、淮海、平津三大战役,并使三大战役各个战役的各个阶段之间环环相扣,推动人民解放战争从胜利走向胜利。
1948年9月,林彪、罗荣桓指挥东北野战军主力和地方武装共103万人,在东北人民的支援下,向分割在锦州、长春、沈阳等地的55万国民党军发起辽沈战役。这次战役历时52天胜利结束,解放了东北全境,使东北野战军成为一支强大的战略后备队,为解放平津和全华北创造了有利条件,并为解放战争提供了一个巩固的、具有一定工业基础的战略后方。
1948年11月辽沈战役结束后,以邓小平为书记的总前委统一指挥华东野战军、中原野战军及部分地方武装约60余万人,以徐州为中心,在东起海州、西至商丘、北起临城(今薛城)、南达淮河的广阔地区,发起规模巨大的淮海战役。这次战役历时66天胜利结束,为解放军渡江作战,进而解放国民党反动统治的中心地带南京、上海创造了极为有利的条件。
1948年11月底,人民解放军在由林彪、罗荣桓、聂荣臻组成的平津前线总前委领导下,在西起张家口、东至塘沽、唐山,包括北平、天津在内的地区,发起平津战役。1949年1月31日,北平和平解放。这次战役历时64天,基本上解放了华北全境。
辽沈、淮海、平津三大战役,共歼敌154万余人,使国民党的主要军事力量基本上被摧毁,大大加快了解放战争在全国胜利的进程。人民群众在战略决战中发挥了巨大的作用,支援前线民工达886万人,出动担架36万余副,大小车100万余辆。以三大战役为标志的战略决战的胜利,是毛泽东军事思想和人民战争的伟大胜利,是中国人民解放战争史上一座光辉的里程碑。