Дабешань тауына шеру
Азат региондарға жалпы беттік шабуылы сәтсіздікке ұшыраған Гоминьдан 1947 жылы наурызда, Шаньдун, Солтүстік Шэньси сынды екі азат регионға түйінді шабуыл салуды жоспарға алды да, өзге майдандарда қорғанысқа өтті, аталған екі азат региондағы соғыс қимылдарын ақырластырған соң, өзге майдандарға әскер төкпекші болды. Гоминьданның стратегиялық орналастыруын бұзу үшін, ҚКП ОК: Азат региондардағы негізгі қосындарды жаудың қорғанысы әлсіз артқы шебіне ауыстыру арқылы, Чан Кайшидің стратегиялық мақсаты мен бағытын талқандау, соғыс отын Гоминьдан билеуіндегі региондарға тұтастыру, осылайша жауды стратегиялық қорғанысқа өтуге мәжбүрлеу, жау мен біздің арамыздағы шабуыл мен қорғаныс жағдайын өзгерту керектігі жөнінде шешім қабылдады. ҚКП-ның ОК Ортажазықтағы Дабешань таулы өңірін стратегиялық шабуылдың негізгі тосын шабуылдау бағыты етіп белгіледі.
30 маусымда, Лю Бочэн, Дэн Сяопиндер бастаған Саньси-Хэбэй-Шаньдун-Хэнань (СХШХ) далалық армиясының негізгі қосынының 120 000 жауынгері Сары өзеннен күшпен өтіп, Оңтүстік-батыс Шаньдун шайқасын бастады. Бұл халық азаттық соғысының стратегиялық шабуыл жасауының шымылдығын ашу есептеледі. 23 шілдеде Мао Цзэдун Лю Бочэн мен Дэн Сяопинге жолдаған телеграммасында: “тәуекелге бел байлаңдар, артқы шеппен есептеспеңдер, жарты айлық суыт жорықпен Дабешань тауына жетіңдер” делінді. 7 тамыз қас қарайған шақта, Лю Бочэн, Дэн Сяопиндер бастаған СХШХ далалық армиясының негізгі қосынындағы 120 000 жауынгер Шығыс Қытай далалық армиясының сыртқы шеп корпусының ішінара қосындарының жалғаннан қимылдау сынды бүркемесі арқылы сол, оң, орта қанаттар бойынша Шаньдунның оңтүстік-батысындағы Цзюй-э, Юньчэн өңірінен аттанып, мыңдаған лилік Дабешань тауына шеруін бастады.
Аса машахатты сапар мен қиян-кескі соғыстарды өткерген Лю Бочэн, Дэн Сяопин қосындары тамыздың соңында Дабешань таулы өңіріне келіп жетті. Халық бұқарасына сүйенген Лю Бочэн, Дэн Сяопин қосындары машахатты соғыстар арқылы 200 000 адамдық Гоминьдан армиясының алма-кезек шабуылдарын талқандады, қарашаға дейін жаудың 30 000-ға тарта адамын жойды, 24 аудан қаласын азат етті, 33 аудан дәрежелі билік органын құрды, Дабешань өңіріндегі стратегиялық өріс ашу міндетін бастапқы қадамда орындады. Сонымен бір уақытта Чэнь Гэн, Се Фучжилар бастаған СХШХ далалық армиясының бір бөлігі Хэнаньның батысына шеру тартты, Чэнь И, Су Юйлер бастаған Шығыс Қытай далалық армиясының негізгі қосындары Хэнань-Аньхуй-Цзянсулардың шекаралас өңіріне жорық жасады. Үш бағыттағы армия ошақтың үш бұтындай шеп қалыптастыра ілгеріледі. Бұл Гоминьданның билік орталығы Нанькин мен стратегиялық маңызға ие Ухань қаласына тіке қатер төндірді. Желтоқсанда, үш бағыттағы армияның сәйкесуімен Гоминьданның Дабешань өңіріне түйінді шабуылдары сәтсіз аяқталды.
Лю Бочэн, Дэн Сяопин қосындарының Дабешань таулы өңіріне жасаған мыңдаған лилік жорықтары жау мен арадағы шабуыл мен қорғаныс жағдайын өзгертуде шешуші рөл атқарды. Ортажазық майданындағы жеңіліске байланысты Гоминьдан шарасыздан стратегиялық қорғанысқа көшті. Осылайша, ХАА бүкіл ел аумағындағы жеңіске жетудің дабылын қақты.
千里跃进大别山
1947年3月,国民党对解放区的全面进攻受挫后,改为重点进攻山东、陕北两个解放区,而在其他战场转取守势,力求迅速结束这两个地区的战事,再转用兵力于其他战场。为了打乱国民党的战略部署,中共中央决定:以解放区主力打到外线,调动敌人回防空虚的后方,粉碎国民党蒋介石的战略企图和方针,把战争引向国民党统治区,迫使敌人转入战略防御,改变敌我之间攻防形势。中共中央选择地处中原的大别山区作为战略进攻的主要突击方向。
6月30日,刘伯承、邓小平率晋冀鲁豫野战军主力12万人强渡黄河,发起鲁西南战役,揭开人民解放战争战略进攻的序幕。7月23日,毛泽东致电刘邓:“下决心不要后方,以半个月行程,直出大别山。” 8月7日黄昏,刘伯承、邓小平率晋冀鲁豫野战军主力部队12万大军,在华东野战军外线兵团部分兵力佯动掩护下,分左、右、中三路,从鲁西南的巨野、郓城地区出发,拉开了千里跃进大别山战役的序幕。
经过艰苦跋涉和激烈战斗,刘邓大军于8月底进入大别山区。刘邓大军依靠人民群众,艰苦作战,粉碎20万国民党军队的轮番进攻,至11月歼敌3万余人,解放县城24座,建立了33个县政权,初步完成了在大别山的战略展开。同时陈赓、谢富治率晋冀鲁豫野战军一部向豫西挺进,陈毅、粟裕率华东野战军主力挺进豫皖苏边区。三路大军形成“品”字形阵势展开,直接威胁国民党的统治中心南京和战略要地武汉。12月,三路大军协同粉碎了国民党对大别山的重点进攻。
刘邓大军千里跃进大别山,对于改变敌我之间的攻防形势,起了决定性的作用。由于中原战场的失利,国民党被迫转入战略防御。由此,人民解放军吹响了夺取全国胜利的嘹亮号角。