Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

ҚКП VII кезекті ОК-ның үшінші пленумы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

ҚКП VII кезекті ОК-ның үшінші пленумы

Мемлекеттің қаржы-экономика жағдайын түбегейлі өзгертетін саясаттар мен бағыттарды белгілеу үшін 1950 жылы 6 ― 9 маусым күндері, ҚКП VII кезекті ОК-ның үшінші пленумы Бейжіңде ашылды. Аталған пленумға Орталықтың мүшелерінен 36 адам, Орталықтың кандидат мүшелерінен 27 адам қатысты. Әр өлке, қалалардың Парткомдары, Орталықтың министр-комитеттерінің жауаптылары, сондай-ақ қатысты қызметкерлерден 43 адам сырттай қатысты.

Пленумның бас тақырыбы―Партияның халық шаруашылығының қалпына келу кезеңіндегі міндеттерін, сондай-ақ осы міндеттерді орындау үшін істелетін түрлі қызметтер мен атқарылатын стратегиялық саясат-бағыттарды белгілеу болды. Мао Цзэдун пленумды басқарды, ашылу салтында сөз сөйледі, әрі жабылу салтында «Мемлекеттің қаржы-экономикалық жағдайын негізінен жақсарту үшін күресейік» деген тақырыпта жазбаша баяндама жасады, «Тұс-тұсқа атойламайық» деген маңызды сөзін сөйледі. Лю Шаоци «Аграрлық реформа жөніндегі баяндаманы», Чэнь Юнь «Қаржы-экономика қызметі жөніндегі баяндаманы», Чжоу Эньлай «Сыртқы істер қызметі мен бірлікшеп қызметі жөніндегі баяндаманы», Не Жунчжэнь «Халық азаттық армиясын қайта құру мәселесі жөніндегі баяндамасын» жасады.

Пленумда бастысы қаржы, аграрлық реформа, әскери істер мен партияны реттеу мәселелері талқыланды, партияның жаңа жағдайаттағы қызметтерінің өзегі, негізгі саясаттары мен тактикалық бағыттары белгіленді. Мао Цзэдун баяндамасында Қытайдың қаржы-экономикалық жағдайын түбірінен жақсартуға үш жылдай уақыт жұмсалады, аграрлық реформаның орындалуы, қазіргі өнеркәсіп-сауданы үйлесімді реттеу, мемлекет құрылымдарына қажетті қыруар қаржыны ірку сынды үш шарт-жағдай әзірленеді деп атап көрсетті. Мао Цзэдун кезектегі маңызды міндет аграрлық реформаны жүргізу, Гоминьданның қалдық күштерін, тыңшыларын, қарақшыларды адақтау, жер иелері табын аударып тастау деп баса дәріптеді. Пленумда капитализмді күн ілгері жойып, социализмді жүзеге асырудай қате идеяға ашық қарсы тұрылды.

ҚКП VII кезекті ОК-ның үшінші пленумы жаңа Қытай құрылған алғашқы кезде шақырылған аса маңызды жиналыс болды. Ол партия мен халықтың революция істерін бекемдеу мен дамытуда, қаржы-экономикалық қиыншылықтарды жедел жеңуде, халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуда, жаңа демократиялық революциядан социализмге сатылар бойынша өтуде аса маңызды жетекшілік мән алды.

 


中共七届三中全会

 

为制定争取国家财政经济状况根本好转的策略方针,1950年6月6日至9日,中国共产党第七届中央委员会第三次全体会议在北京举行。出席这次全会的有中央委员36人、候补中央委员27人。各省市党委、中央各部委负责人及有关工作人员等43人列席会议。

会议的主要议题是确定党在国民经济恢复时期的主要任务,以及为此必须进行的各项工作和所应采取的战略策略方针。毛泽东主持会议、致开幕词,并在会上作了《为争取国家财政经济状况的基本好转而斗争》的书面报告和《不要四面出击》的重要讲话。刘少奇作了《关于土地改革问题的报告》,陈云作了《关于财政经济工作的报告》,周恩来作了《关于外交工作与统一战线工作的报告》,聂荣臻作了《关于人民解放军整编问题的报告》。

这次会议主要讨论了财政、土改、军事和整党等问题,确定了党在新形势下的工作重心、基本政策和采取的策略方针。毛泽东在报告中指出,实现中国财经状况的根本好转,要用3年左右时间,创造三个条件,即土地改革的完成、现有工商业的合理调整、国家机构所需经费的大量节减。毛泽东强调当前的主要任务是进行土改,肃清国民党残余、特务、土匪,推翻地主阶级。会议明确反对企图提早消灭资本主义实行社会主义的错误思想。

中共七届三中全会是新中国成立初期中共中央召开的一次十分重要的会议,对于巩固和发展党和人民的革命事业,迅速战胜财政经济困难,恢复和发展国民经济,有步骤地实现由新民主主义向社会主义的过渡,具有重大指导意义。