ҚКП басшылығындағы көппартиялы ынтымақтастық және саяси-мәслихат жүйесі
ҚКП ежелден көппартиялы ынтымақтастыққа өскелең мән беріп келеді, әрі бірлікшепті жұрт тілегін тоғыстырудың, күш топтаудың саяси абзалдығы мен стратегиялық бағыты санауда. Қытай халқының ұлттық тәуелсіздік пен халық азаттығы тарихи жеңістерге жеткен тұста, бірлікшеп саясаты мен соғыс жылдарындағы түрлі демократиялық партия-топтармен, партия-топта жоқ демократ қайраткерлермен арадағы селбесу, мәслихаттасу сынды тамаша дәстүрді дер кезінде жаңа Қытайдың негізгі саяси тәртіптемесіне айналдырылды, ынтымақтасуға болатын барлық күштермен ынтымақтаса отырып, барлық белсенді факторларды жұмылдырып, жағымсыз факторларды белсенді факторларға айналдырды, сөйтіп мемлекет құрылысының бас міндеті мен бас нысанасын орындау үшін қызмет еттірді.
1949 жылы 21 ― 30 қыркүйек күндері, Қытай халық саяси-мәслихат кеңесінің (ҚХСМК) бірінші пленарлық жиналысы шақырылды. Сол кезде МХҚ-ның жалпы сайлауын өткізуге шарт әзірленбегені үшін, ҚХСМК-нің бірінші пленарлық жиналысы МХҚ-ның атынан Уақытша конституция сипатын алатын «Қытай халық саяси-мәслихат кеңесінің ортақ тұғырнамасын» мақұлдады, «Қытай халық саяси-мәслихат кеңесінің ұйымдық заңын», «Қытай Халық Республикасы Орталық Халық Үкіметінің ұйымдық заңын» мақұлдады, ҚХР-ның Астанасы, Мемлекет туы, Әнұраны, Күнтізбесі сынды 4 маңызды қарарды қабылдады, ҚХСМК-нің Мемлекеттік комитеті мен ҚХР ОХҮ комитетін сайлады, ҚХР-ның құрылғанын жариялады. Бұл жиналыс отаншылдық бірлікшеп пен бүкіл ел халқының ұлы ынтымағының ұйымдық тұрғыдан толық қалыптасқанының, ҚКП басшылығындағы көппартиялы ынтымақтастық пен саяси-мәслихат кеңесі жүйесінің ресми тұрақтануының белгісі болды.
ҚКП басшылығындағы көппартиялы ынтымақтастық жүйесі: ҚКП Қытай Халық Республикасындағы бірден-бір билікші партия, өзге 8 демократиялық партия ҚКП-ның басшылығын қабылдау алғышартымен, саясатқа қатысу статусына ие бола алады, ҚКП-мен селбесе отырып, билікке араласады. Саяси-мәслихат жүйесі ҚКП-ның басшылығымен, демократиялық партия-топтар, халықтық ұйымдар, аз ұлттар мен қоғамның әр саласындағы өкілдер мемлекеттің ірі саясаттары, бағыттары және саяси, экономика, мәдениет пен әлеуметтік өмірдегі маңызды мәселелер жөнінде шешім қабылданардан бұрын мәслихат береді, сондай-ақ шешімнің атқарылу барысындағы маңызды мәселелер жөнінде де мәслихат беретін жүйе болып табылады.
ҚХСМК ― Қытай халқының отаншылдық бірлікшеп ұйымы, ҚКП басшылығындағы көппартиялы ынтымақтастық пен саяси-мәслихаттың құрылымы, халықтық демократияның жүзеге асуының маңызды формасы, социалистік саяси-мәслихаттың маңызды арнасы мен арнайы мәслихаттық құрылымы, мемлекетті басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, Қытай үлгісіндегі институциональды орналастыру. Жетпіс неше жылдан бері, ҚКП-ның басшылығындағы халық саяси-мәслихат кеңесі (ХСМК) ынтымақ, демократия сынды екі бас тақырып негізінде, ҚКП-ның демократиялық партия-топтармен ұзақ уақыт қатар өмір сүру, бірін-бірі бақылау, бір-біріне адал болу, даңқта да намыста да бірге болу бағытын дәйекті атқарды, саяси мәслихаттасу, демократиялық бақылау, үкімет ісіне араласу, ақыл-кеңес беру функциясын сәулелендірді, партия-топтарды, ұйымдарды, ұлттарды, жіктерді, әр сала қайраткерлерді мемлекеттік шешімдерді бірге кеңесуге ұйымдастырып, ең үлкен бөлгішті тауып, ең үлкен өзектес шеңберді сызуға талпыныс жасады, Чжунхуа ұлтының ұлы гүлденуін орындайтын тегеурінді күштерді топтады.
ҚКП басшылығындағы көппартиялы ынтымақтастық пен саяси-мәслихат жүйесі ― ҚКП-ның Марксизм-Ленинизмнің бірлікшеп жөніндегі теориясын, саяси партиялар жөніндегі теориясын, демократиялық саяси жөніндегі теориясын Қытайдың нақты жағдайымен ұштастыруының ұлы жемісі, ҚКП-ның партия-топтарды, партия-топта жоқ қайраткерлерді, халықтық ұйымдар мен әр ұлт, әр сала қайраткерлерін бастап саяси жүйеде жасаған ұлы жасампаздығы, Қытай топырағында өркен жайған жаңа типтегі саяси партиялық жүйе. Тәжірибелер ҚКП басшылығындағы көппартиялы ынтымақтастық пен саяси-мәслихат жүйесінің заманымыздағы Қытайдың нақты жағдайына үйлесіп қана қалмастан, Чжунхуа ұлты дәріптеп келген дүние көпке ортақ, ешкімді де алаламау, парықтарды сақтап, ортақтыққа ұмтылу сияқты таңдаулы саяси мәдениетке де үйлеседі, адамзаттың саяси өркениетіндегі аса маңызды үлес.
中国共产党领导的多党合作和政治协商制度
中国共产党历来高度重视多党合作,并把统一战线作为凝聚人心、汇聚力量的政治优势和战略方针。在中国人民争取民族独立和人民解放取得历史性胜利之际,中国共产党把统一战线政策和战争年代同各民主党派、无党派民主人士合作协商的优良传统,及时转变为新中国的基本政治制度,以团结一切可以团结的力量,调动一切积极因素,努力化消极因素为积极因素,为实现国家建设的总任务、总目标服务。
1949年9月21日至30日,中国人民政治协商会议第一届全体会议召开。在当时还不具备召开普选的全国人民代表大会的条件下,中国人民政治协商会议第一届全体会议代行全国人民代表大会职权,通过了具有临时宪法性质的《中国人民政治协商会议共同纲领》,通过了《中国人民政治协商会议组织法》《中华人民共和国中央人民政府组织法》,作出关于中华人民共和国国都、国旗、国歌、纪年4个重要决议,选举中国人民政治协商会议全国委员会和中华人民共和国中央人民政府委员会,宣告中华人民共和国的成立。这次会议标志着爱国统一战线和全国人民大团结在组织上完全形成,标志着中国共产党领导的多党合作和政治协商制度正式确立。
中国共产党领导的多党合作制就是:中国共产党是中华人民共和国的唯一执政党,8个民主党派在接受中国共产党领导的前提下,具有参政党的地位,与中共合作,参与执政。政治协商制度是在中国共产党的领导下,各民主党派、各人民团体、各少数民族和社会各界的代表,对国家的大政方针以及政治、经济、文化和社会生活中的重要问题在决策之前举行协商和就决策执行过程中的重要问题进行协商的制度。
中国人民政治协商会议是中国人民爱国统一战线的组织,是中国共产党领导的多党合作和政治协商的机构,是人民民主的重要实现形式,是社会主义协商民主的重要渠道和专门协商机构,是国家治理体系的重要组成部分,是具有中国特色的制度安排。70多年来,在中国共产党的领导下,人民政协围绕团结和民主两大主题,贯彻中国共产党与各民主党派长期共存、互相监督、肝胆相照、荣辱与共的方针,发挥政治协商、民主监督、参政议政的职能,有效组织各党派、各团体、各民族、各阶层、各界人士共商国是,努力寻求最大公约数、画出最大同心圆,汇聚起实现中华民族伟大复兴的磅礴力量。
中国共产党领导的多党合作和政治协商制度作为中国一项基本政治制度,是中国共产党把马克思列宁主义统一战线理论、政党理论、民主政治理论同中国实际相结合的伟大成果,是中国共产党领导各民主党派、无党派人士、人民团体和各族各界人士在政治制度上进行的伟大创造,是从中国土壤中生长出来的新型政党制度。实践充分证明,中国共产党领导的多党合作和政治协商制度不仅符合当代中国实际,而且符合中华民族一贯倡导的天下为公、兼容并蓄、求同存异等优秀传统文化,是对人类政治文明的重大贡献。