Халық құрылтайы жүйесі
Қытайда қандай саяси жүйені орнату ― таяу заманнан бері Қытай халқы дөп келген тарихи тапсырма. Бұл тарихи тапсырманы орындау үшін Қытай халқы машахатты ізденді. 1840 жылғы Апиын соғысынан кейін, Қытай біртіндеп жартылай отар, жартылай феодалдық қоғамға айналды. Ұлтты жойылудан құтқару, ұлттық өркендеуді жүзеге асыру үшін, Қытай халқы мен сансыздаған асқақ мұратты адамдар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына үйлесетін саяси жүйенің үлгісін табу жолында талықпай ізденді. Синьхай революциясына дейін Тайпин Тяньго қозғалысы, Батыстандыру қозғалысы, Усюй жылғы заңға өзгеріс енгізу, Ихэтуаньшылдар (жұдырықшылар) қозғалысы және Чиң әулетінің соңғы мезгіліндегі жаңа саясат, т.б. бәрі де табысты бола алмады. Синьхай революциясынан кейін Қытай конституциялық монархия, монархиялық билікті қалпына келтіру, парламент жүйесі, көппартия жүйесі, президенттік жүйе, т.б. формаларды қолданып көрді. Түрлі саяси күштер мен олардың өкілдік тұлғалары жапа-тармағай мінбеге көтерілді. Алайда бәрі де дұрыс жауабын таба алмады. Ескі қоғамның негізін шайқалтпайтын өзін кемелдендіру қозғалыстары, түрліше жаңғыртымпаздықтар, ескі үлгідегі диқандар соғысы, буржуазиялық революционерлер басқарған демократиялық революциялар, Батыстың саяси жүйесінің үлгісін көшіретін түрлі жобалардың бәрі де Чжунхуа ұлтының елдікті сақтау және империализмге, феодализмге қарсы тұру сынды тарихи міндетін орындай алмады, бәрі де Қытайдың саяси жағдайы мен қоғамдық тұрақтылығын сақтай алмады, Қытайда мемлекеттің бай да қуатты, халықтың бай-бақытты болуын жүйелік тұрғыдан қамтамасыз ете алмады.
ҚКП құрылған күннен бастап, Қытай халқын өзіне-өзі қожайын болуды, Чжунхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыруды өзінің міндеті деп таныды, соңғы есепте империализм, феодализм, бюрократ капитализм сынды үш үлкен тауды құлатып, халық өзіне-өзі қожайын болатын жаңа Қытай құрды, милиондаған Қытайлықтар өз елі мен қоғамының қожайындарына айналды. Халықтық демократия ― ҚКП әрқашан биік ұстап келген ту. Халықтың үстем орнын құрметтеу, халықтың өзіне-өзі қожайын болуына кепілдік беру ― ҚКП-ның дәйекті қуаттамасы. 1949 жылы қыркүйек айында, уақытша конституциялық мәртебеге ие «Қытай халық саяси-мәслихат кеңесінің ортақ тұғырнамасы» салтанатты түрде жаңа Қытайда халық құрылтайы жүйесі жүзеге асырылады деп жариялады. 1954 жылы қыркүйекте,Ⅰкезекті Мемлекеттік халық құрылтайы (МХҚ) қабылдаған «Қытай Халық Республикасының конституциясында»: ҚХР-да барлық билік халыққа тән деп айқын белгіленді. Халықтың билікті жүзеге асыратын органы ― Мемлекеттік халық құрылтайы мен жергілікті әр дәрежелі халық құрылтайы. Осыдан бастап ҚХР-ның түбірлі саяси жүйесі ― Халық құрылтайы жүйесі қалыптасты.
Халық құрылтайы жүйесі―Партия басшылығының, халықтың өзіне-өзі қожайын болуының, мемлекетті заңмен басқарудың органикалы бірлігіне табанды болған түбірлі саяси жүйелік орналастыру. Демократиялық орталықтандыру жүйесі ― Қытайдың мемлекеттік ұйымдасу формасы мен жұмыс тәсілінің негізгі принципі. Қытайда халық құрылтайы мемлекеттің билігін біртұтас атқарады, Мемлекеттік халық құрылтайы ― ең жоғары мемлекеттік биліктің органы, жергілікті әр дәрежелі халық құрылтайы ― мемлекеттік биліктің жергілікті органы. Халық мемлекеттік билікті халық құрылтайы арқылы жүзеге асырады; әр дәрежелі халық құрылтайы демократиялық жолмен сайланады және халық алдында жауапты болады, халықтың бақылауын қабылдайды; әр дәрежелі мемлекеттік әкімшілік органдар, сот органдары, прокуратура органдары халық құрылтайында сайланады, олар халық құрылтайына есеп береді, халық құрылтайының бақылауын қабылдайды; мемлекеттік органдардың шешім қабылдау, атқару, бақылау өкілеттіктерін жүзеге асырады әрі үйлесімді жұмыс бөлісіне ие, әрі өзара селбесу негізінде орындалады; Орталықтың біртұтас басшылығымен, жергілікті биліктің ырықтылығы мен белсенділігі толық жұмылдырылады, түрлі істерді мемлекеттің біртұтас, жоғары сапалы ұйымдастыруына кепілдік береді.
Халық құрылтайы жүйесі―Қытай үлгісіндегі социалистік жүйенің маңызды құрамдас бөлігі, сонымен қатар, ол Қытайдың мемлекеттік басқару жүйесі мен басқару қабылетін қолдайтын түбірлі саяси жүйе. Қытайда халық құрылтайы жүйесін енгізу―Қытай халқының адамзаттың саяси жүйе тарихындағы ұлы жасампаздық, таяу заманнан бергі Қытайдың саяси өміріндегі ашты сабақтар негізінде қорытындыланған негізгі тұжырым, Қытай қоғамының 100 жылдан астам уақыттағы түбегейлі өзгерістер мен дабыралы дамуының тарихи нәтижесі, Қытай халқының еңсе көтеруінің, өз тағдырын өздерінің қолына алуының қажетті талғамы. 60 жылдан астам уақыттан бері, халық құрылтайы жүйесі үздіксіз бекемделіп, дамыды, жанды да жалынды өміршеңдік күшін паш етті. Практика бұл жаңаша саяси жүйенің Қытайдың мемлекет жағдайы мен нақты жағдайына үйлесетін, социалистік мемлекеттің сипатына, халықтың өзіне-өзі қожайын болуына кепілдік ететін, Чжунхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тамаша жүйе екенін толық дәлелдеуде.
人民代表大会制度
在中国建立什么样的政治制度,是近代以后中国人民面临的一个历史性课题。为解决这一历史性课题,中国人民进行了艰辛探索。1840年鸦片战争后,中国逐步成为半殖民地半封建社会。为了挽救民族危亡、实现民族振兴,中国人民和无数仁人志士孜孜不倦寻找着适合国情的政治制度模式。辛亥革命之前,太平天国运动、洋务运动、戊戌变法、义和团运动、清末新政等都未能取得成功。辛亥革命之后,中国尝试过君主立宪制、帝制复辟、议会制、多党制、总统制等各种形式,各种政治势力及其代表人物纷纷登场,都没能找到正确答案。事实证明,不触动旧的社会根基的自强运动,各种名目的改良主义,旧式农民战争,资产阶级革命派领导的民主主义革命,照搬西方政治制度模式的各种方案,都不能完成中华民族救亡图存和反帝反封建的历史任务,都不能让中国的政局和社会稳定下来,也都谈不上为中国实现国家富强、人民幸福提供制度保障。
中国共产党自成立之日起,就以实现中国人民当家作主和中华民族伟大复兴为己任,进行艰苦卓绝的革命斗争,终于彻底推翻了帝国主义、封建主义、官僚资本主义三座大山,建立了人民当家作主的新中国,亿万中国人民从此成为国家和社会的主人。人民民主是中国共产党始终高举的旗帜。尊重人民主体地位,保证人民当家作主,是中国共产党的一贯主张。1949年9月,具有临时宪法地位的《中国人民政治协商会议共同纲领》庄严宣告,新中国实行人民代表大会制度。1954年9月,第一届全国人民代表大会通过的《中华人民共和国宪法》明确规定:中华人民共和国的一切权力属于人民。人民行使权力的机关是全国人民代表大会和地方各级人民代表大会。从此建立起中华人民共和国的根本政治制度——人民代表大会制度。
人民代表大会制度是坚持中国共产党的领导、人民当家作主、依法治国有机统一的根本政治制度安排。民主集中制是中国国家组织形式和活动方式的基本原则。在中国,人民代表大会统一行使国家权力,全国人民代表大会是最高国家权力机关,地方各级人民代表大会是地方国家权力机关。人民通过人民代表大会行使国家权力;各级人民代表大会都由民主选举产生,对人民负责、受人民监督;各级国家行政机关、审判机关、检察机关都由人民代表大会产生,对人大负责、受人大监督;国家机关实行决策权、执行权、监督权既有合理分工又有相互协调;在中央统一领导下,充分发挥地方主动性和积极性,保证国家统一高效组织推进各项事业。
人民代表大会制度是中国特色社会主义制度的重要组成部分,也是支撑中国国家治理体系和治理能力的根本政治制度。在中国实行人民代表大会制度,是中国人民在人类政治制度史上的伟大创造,是深刻总结近代以后中国政治生活惨痛教训得出的基本结论,是中国社会100多年激越变革、激荡发展的历史结果,是中国人民翻身作主、掌握自己命运的必然选择。60多年来,人民代表大会制度不断得到巩固和发展,展现出蓬勃生机活力。实践充分证明,这一新型政治制度是符合中国国情和实际、体现社会主义国家性质、保证人民当家作主、保障实现中华民族伟大复兴的好制度。