Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

Мемлекет құру рәсімі

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Мемлекет құру рәсімі

1949 жылы 1 қазанда, армия мен халықтан 300 000 адам Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына жиналып ҚХР Орталық Халық Үкіметінің (ОХҮ) құрылу салтына қатысты. Бұл тарихта “Мемлекет құру рәсімі” деп аталады.

Сол күні түстен кейінгі сағат 2 де, Қытай халық саяси-мәслихат кеңесінің I құрылтайының бірінші пленумында сайланған Орталық халық үкіметінің комитеті бірінші жиналысын ашты. Орталық Халық Үкіметінің Төрағасы Мао Цзэдун, төрағаның орынбасарлары Чжу Дэ, Лю Шаоци, Сун Цинлин, Ли Цзишэнь, Чжан Лань, Гао Ган, сондай-ақ Чжоу Эньлай және т.б. 56 ОХҮ мүшелері серт беріп, міндетке отырды. Жиналысқа қатысқандар ҚХР ОХҮ-нің құрылғанын жариялау, «Қытай халық саяси-мәслихат кеңесінің ортақ тұғырнамасының» атқарылу бағытын қабылдау жөніндегі қаулыны бірауыздан қабылдады.

Жиналыстан соң, ОХҮ-нің Төрағасы Мао Цзэдун, төрағаның орынбасарлары мен мүшелер Тяньаньмэнь алаңындағы мінбеге көтеріліп, мемлекет құру рәсіміне қатысты. Түстен кейінгі 3 сағатта ОХҮ комитетінің бас секретары Линь Боцюй рәсімнің басталғанын жариялады. Мао Цзэдун бүкіл дүниежүзіне айбынмен: “Қытай Халық Республикасының Орталық Халық Үкіметі бүгін құрылды!” деп жариялады. «Еріктілер маршының» айбынды асқақ әуені ішінде Мао Цзэдун электрлі кнобканы басты, жаңа Қытайдың бірінші қанық бес жұлдызды қызыл туы баяу көтерілді. Іле-шала Мао Цздун бүкіл дүниежүзіне ОХҮ-нің бірінші мәлімдемесін жариялады. Онан соң салтанатты әскери парад пен бұқаралық шеру басталды.

ҚХР-ның құрылуы―ҚКП-ның басшылығындағы халық бұқарасының империализмге, феодализмге қарсы жүргізген жаңа демократиялық революцияның жеңіске жеткендігінің белгісі, Қытай тарихындағы ең ұлы оқиға, әрі XX ғасырдағы дүниежүзіндегі ең ұлы оқиғалардың бірі. Ол азшылық қанаушылардың барша еңбекші халықты қанауы мен империализмнің Қытайдағы әр ұлт халқын құлдану тарихын түбегейлі аяқтатты, осыдан бастап Қытай халқы өз мемлекетінің қожайынына айналды, Қытайдың неше мың жылдық феодалдық дара билеушілік саясидан халық диктатурасына өтуі сынды ұлы шарықтауды жүзеге асырды, Чжунхуа ұлтының дамуы жаңа тарихи кезеңге қадам тастады.


开国大典

1949年10月1日,30万军民在北京天安门广场集会,隆重举行了中华人民共和国中央人民政府成立典礼,史称“开国大典”。

当日下午2时,中国人民政治协商会议第一届全体会议选举产生的中央人民政府委员会举行了第一次会议。中央人民政府主席毛泽东,副主席朱德、刘少奇、宋庆龄、李济深、张澜、高岗以及周恩来等56名中央人民政府委员宣布就职。会议一致决议,宣布中华人民共和国中央人民政府成立,接受《中国人民政治协商会议共同纲领》为施政方针。

会议结束后,中央人民政府主席、副主席及各位委员前往天安门城楼出席开国典礼。下午3时,中央人民政府委员会秘书长林伯渠宣布典礼开始。毛泽东向全世界庄严宣布:“中华人民共和国中央人民政府今天成立了!”在《义勇军进行曲》的雄壮旋律中,毛泽东按动电钮,新中国第一面鲜艳的五星红旗冉冉升起。随即,毛主席向全世界宣读中央人民政府第一号公告。接着举行了盛大的阅兵式和群众游行。

中华人民共和国的成立,标志着中国共产党领导的人民大众的反帝反封建的新民主主义革命的胜利,是中国有史以来最伟大的事件,也是20世纪世界最伟大的事件之一。它彻底结束了少数剥削者统治广大劳动人民和帝国主义奴役中国各族人民的历史,中国人民从此当家作主成为国家的主人,实现了中国从几千年封建专制政治向人民民主的伟大飞跃,中华民族发展进步从此开启了新纪元。