“Бірінші бесжылдық жоспар
1953 жылдан 1957 жылға дейінгі халық шаруашылығын дамыту жоспары бірінші бесжылдық жоспар делінеді. 1951 жылы көктемде, Орталық қаржы комитеті бірінші бесжылдық жоспарды түзе бастаған еді, төрт жылдан көп мәрте өзгерістер енгізілу арқылы жасалып бітті. 1955 жылы шілдеде өткен I кезекті мемлекеттік халық құрылтайының (МХҚ-ның) екінші сессиясында қаралып мақұлданды.
“Бірінші бесжылдықтың” жетекші бағыты: негізгі күшті шоғырландыра отырып ауыр өнеркәсіпті дамыту, мемлекетті өнеркәсіптендіру мен қорғанысты модернизациялаудың алғашқы негізін қалыптастыру; қатнас-тасымалды, жеңіл өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы мен сауданы лайықты дамыту; құрылыс дарындыларын үйлесімді жетілдіру; ауыл шаруашылығы мен қолөнер кәсібін сатылы түрде кооперациялануға жебеу; капиталистік өнеркәсіп-саудаға социалистік өзгеріс жасауды жалғастыру; халық шаруашылығындағы социалистік құрамның салыстырмасының тұрақты өсуіне кепілдік етумен бірге, жекеше ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсібі мен капиталистік өнеркәсіп-сауданың рөлін дұрыс сәулелендіру; өндірісті өркендету негізімен халықтың материалдық тұрмысы мен мәдениет тұрмысының деңгейін бірте-бірте көтеруге кепілдік беру.
“Бірінші бесжылдық” жоспардың негізгі міндеті бес жылда көлемі аса ірі, техникасы алғабасар жаңадан өркендеген бір топ өнеркәсіп тарауларын құрумен қатар, осызаманғы озық техникалар арқылы бұрынғы өнеркәсіп тарауларын кеңейту мен қайта құру; Солтүстік-шығыс өңірдегі, Шаңхай және теңіз жағалауындағы қалаларда бұрыннан бар өнеркәсіп базаларын үйлесімді пайдалану мен қайта құрудан тыс, Ішкі Қытайдан бірсыпыра жаңа өнеркәсіп базаларын ашу.
Партия мен халықтың бес жылғы машақатты күресі арқылы 1957 жылдың соңында бірінші бесжылдықтың түрлі көрсеткіштері кең көлемде асыра орындалды, Қытайдың таяу заманнан бергі енгізу көлемі ең үлкен, өнімділігі ең тамаша, рөлі ең үлкен болған өнеркәсіптену толқыны көтерілді. Қытайдың өнеркәсіптік өндіріс қуаты мен техникалық деңгейі алып адыммен алға басты, адамдар көз тіккен табыстарды қолға келтірді. Бұл кейінгі өнеркәсіптенуге негіз қалады, өте-мөте адам рисурстары мен техникалық рисурстарға негіз болды.
第一个五年计划
第一个五年计划,是中国从1953年到1957年发展国民经济的计划。1951年春,中央财经委员会着手试编第一个五年计划,历时4年,五易其稿。1955年7月,一届全国人大二次会议正式审议并通过。
“一五”计划的指导方针是:集中主要力量发展重工业,建立国家工业化和国防现代化的初步基础;相应地发展交通运输业、轻工业、农业和商业;相应地培养建设人才;有步骤地促进农业、手工业的合作化;继续进行对资本主义工商业的改造;保证国民经济中社会主义成分的比重稳步增长,同时正确地发挥个体农业、手工业和资本主义工商业的作用;保证在发展生产的基础上逐步提高人民物质生活和文化生活水平。
“一五”计划的基本任务是:五年中将新建一批规模巨大、技术先进的新兴工业部门,同时要用现代先进技术扩大和改造原有的工业部门;要合理利用和改建东北、上海和其他沿海地区城市已有的工业基础,同时要开始在内地建设一批新的工业基地。
经过全党和全国人民五年的艰苦奋斗,到1957年年底,第一个五年计划的各项指标大幅度地超额完成,形成中国近代以来引进规模最大、效果最好、作用最大的工业化浪潮。中国的工业生产能力和技术水平前进了一大步,取得了令人瞩目的成就,为后来的工业化奠定了基础,特别是人力资源和技术资源的基础。