Үш ірі өзгеріс жасау
ҚХР құрылғаннан кейін, ҚКП-ның жетекшілігімен жекеше ауыл шаруашылығына, қолөнер кәсібіне және капиталистік өнеркәсіп-саудаға социалистік өзгеріс жасау ― Үш ірі өзгеріс жасау деп аталады. 1953 жылы маусымда, ҚКП-ның ОК «Социалистік өнеркәсіптендіру мен ауыл шаруашылығына, қолөнер кәсібіне, капиталистік өнеркәсіп-саудаға социалистік өзгеріс жасауды басты мазмұн еткен өтпелі кезеңдегі бас саражолды жариялап, Үшке өзгеріс жасаудың шымылдығын ашты.
Ауыл шаруашылығына социалистік өзгеріс жасау ауыл шаруашылығын кооперацияландыру науқаны деп те аталады. 1951 жылы желтоқсаннан бастап ҚКП-ның ОК бірсыпыра қаулыларды қабылдап, Қытай ауыл шаруашылығына социалистік өзгерістер жасаудың саражолын, бағытын және саясат-шараларын белгіледі. 1956 жылдың соңында ауыл шаруашылығына өзгеріс жасау мойынсерік, бастауыш кооператив, жоғары кооператив сынды үш басқыш арқылы негізінен орындалды, мемлекет бойынша кооперативтерге мүше болған диқандар 96,3 пайызды құрады. Қолөнер кәсібіне социалистік өзгеріс жасау 1953 жылы қарашада басталып, 1956 жылдың соңында аяқталды, бүкіл елдегі қолөнер кәсіпшілердің 90 пайызы кооперативке мүше болды. 1954 жылдан 1956 жылдың соңына дейін, капиталистік өнеркәсіп-саудаға социалистік өзгеріс жасау жаппай жүргізілді. Қытай коммунистері “бейбіт сатып алу” саясатын атқарып, мемлекеттік капитализм формасы арқылы, оларды біртіндеп социалистік жалпыхалықтық меншіктегі кәсіпорындарға айналдырды, әрі меншігін өзгерту мен адамды өзгертуді өзара ұштастырып, қанаушыларды бірте-бірте өз күшімен күнелтетін еңбекшілерге айналдыруға құлшыныстар жасалды.
1956 жылдың соңында, Қытайда үш ірі өзгеріс негізінен аяқталды. Үш ірі өзгерістің соңғы кезеңінде асығыстық, үстірттік, шұғыл өзгерту, формасы қарабайыр болудай жетерсіздіктер белең алып, бірқатар мәселелер туындағанымен, XX ғасырдың елуінші жылдарындағы Қытайдың экономикалық, қоғамдық өсуінің жалпы жағдайы, сондай-ақ Қытай дөп келген халықаралық жағдайдан алғанда, сол кездегі социализмді таңдауы шүбәсіз, әрі мүлде дұрыс таңдау болды.
Жекеше ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсібі мен капиталистік өнеркәсіп-сауданың өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке социалистік өзгеріс жасау Марксизм-Ленинизмнің ғылыми социализм теориясын теориялық және практикалық тараптан байытты, дамытты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауданың социалистік өзгерісі мен жалпы халық шаруашылығының өсуін барынша жебеді. Үш ірі өзгерістің орындалуы арқылы Қытайда социалистік негізгі жүйе орнатылды, сөйтіп Қытай жаңа демократиялық қоғамнан социалистік қоғамға аяқ басты.
三大改造
三大改造是指中华人民共和国成立后,由中国共产党领导的对个体农业、手工业和资本主义工商业进行的社会主义改造。1953年6月,中共中央正式提出以“一化三改”(“一化”即社会主义工业化。“三改”即对农业、手工业、资本主义工商业的社会主义改造)为主要内容的过渡时期总路线,拉开三大改造的序幕。
农业的社会主义改造又称农业合作化运动。从1951年12月开始,中共中央颁发了一系列的决议,规定了中国农业社会主义改造的路线、方针和政策。到1956年年底,农业社会主义改造在经历了互助组、初级社、高级社三阶段后基本完成,全国加入合作社的农户达96.3%。手工业的社会主义改造从1953年11月开始至1956年年底结束,全国90%以上的手工业者加入了合作社。1954年至1956年年底,全面进行资本主义工商业的社会主义改造。中国共产党对之采取了“和平赎买”的政策,通过国家资本主义形式,逐步将其改造成社会主义公有制企业,而且将所有制改造与人的改造相结合,努力使剥削者成为自食其力的劳动者。
1956年年底,中国基本上完成了三大改造。虽然三大改造在后期出现了要求过急、工作过粗、改变过快、形式简单划一等缺点,遗留了一些问题,但就20世纪50年代中国经济社会发展的全局以及中国所面临的国际局势而论,当时对社会主义的选择是不可避免的,也是完全正确的。
对个体农业、手工业和资本主义工商业生产资料私有制的社会主义改造,在理论上和实践上丰富和发展了马克思列宁主义的科学社会主义理论,极大地促进了工业、农业、商业的社会变革和整个国民经济的发展。随着三大改造的完成,中国建立了社会主义的基本制度,从而使中国从新民主主义社会跨入了社会主义社会。