Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Өтпелі кезеңдегі бас саражол

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Өтпелі кезеңдегі бас саражол

Қытайда социализмді жүзеге асыру―ҚКП құрылған тұста тұрақтандырған күрес нысанасы. Алайда жартылай отар, жартылай феодалдық қоғамдық тарихи жағдайда, социализмді жүзеге асыру үшін алдымен империализмге, феодализмге қарсы жаңа демократиялық революция жеңіске жетуі, онан соң социалистік революцияға қадам тастауы сынды екі сатыға бөліп орындау керек еді. Бұл Қытай революциясының дамуындағы сөзсіз басуға тиісті жол. жаңа Қытай құрылған тұста, ҚКП ОК алдымен бір мезгіл жаңа демократиялық құрылыс мезгілін өткергеннен кейін, капиталистік өнеркәсіп-сауданы мемлекеттік меншікке алу мен жекеше ауыл шаруашылықты ұжымдандыруды жүзеге асыру керек. Бұл кем дегенде 10 ― 15 жылға созылады, онан соң жағдайға қарай шешу керек деп есептеді.

1952 жылы аграрлық реформа негізінен аяқталды, халық шаруашылығы тез қалпына келді, Солтүстік Корейдегі бітімгершілік келіссөзге қатысушы тараптар негізгі мәселелер бойынша келісімге келді, Америка империализміне қарсы тұрып, Солтүстік Корейге көмек беру соғысы жуырда аяқталады деп күтілді. Сонымен қатар, Қытайдың қоғамдық өмірінде де кейбір жаңа қайшылықтар белең бере бастады және шоғырланды. Осындай жағдайда, ҚКП-ның жұмысшылар табы мен буржуазияның қайшылығын шешу, ауылдар мен қалаларда біртіндеп социалистік өзгеріс жасаудың қажеті туды, әрі жүзеге асуы мүмкін деп санады. Осылайша социализмнің өтпелі кезеңі мәселесі көтерілді.

1953 жылы маусым айында, ҚКП ОК-ның Саяси бюросы ҚКП-ның өтпелі кезеңдегі бас саражолын ресми талқылады және белгіледі. Онда: ҚХР құрылғаннан социалистік өзгеріс жасау негізінен орындалғанға дейінгі дәуір өтпелі кезең деп аталды. Осы өтпелі кезеңде партияның бас саражолы мен бас міндеті: біршама ұзақ мерзім ішінде елде социалистік өнеркәсіптенуді біртіндеп орындау, елде ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсібі мен капиталистік өнеркәсіп-саудаға социалистік өзгеріс жасауды бірте-бірте орындау. Бұл социалистік құрылыс пен трансформацияны қатар жүргізудің саражолы болып табылады. 1954 жылы қыркүйек айында, I кезекті МХҚ-ның бірінші сессиясы «Қытай Халық Республикасының конституциясын» қабылдады. Ол негіздік заң формасымен ҚКП-ның өтпелі кезеңдегі бас саражолын мемлекеттің өтпелі кезеңдегі бас міндеті ретінде тұрақтандырды.

Өтпелі кезеңнің бас саражолында, елде социалистік өнеркәсіптенуді жүзеге асыру ― субъекті, ол мемлекеттің тәуелсіз, бай да қуатты болуының объектив талабы мен қажетті шарты; ал ауыл шаруашылығына, қолөнер кәсібіне социалистік өзгеріс жасау мен капиталистік өнеркәсіп-саудаға социалистік өзгеріс жасау ― мұның қос қанаты. Өтпелі кезеңдегі бас саражол―жаңа Қытай құрылғаннан кейінгі саяси, экономикадағы жаңа өзгерістер негізінде ҚКП қабылдаған келелі шешім. Ол Қытайдың сол кездегі даму шындығы мен заңдылығына үйлесті, бүкіл ел халқынан қолдау тапты, бүкіл ел халқын ұлы социалистік жаңа Қытай құру жорығына ынтымақтастыратын және жұмылдыратын жаңа тұғырнама.

 

过渡时期总路线

在中国实现社会主义,是中国共产党自创立时就确定的奋斗目标。但在半殖民地半封建社会的历史条件下,实现社会主义必须分两步走:首先取得反帝反封建的新民主主义革命胜利,然后才能转入社会主义革命。这是中国革命发展的必由之路。在新中国建立之时,中共中央认为,先经过一段新民主主义建设时期,再实行资本主义工商业的国有化和个体农业的集体化。这至少要10年到15年,然后视情况而定。

1952年,土地改革基本完成,国民经济迅速恢复,朝鲜停战谈判双方在主要问题上达成协议,抗美援朝战争可望不久结束。同时,中国社会生活中也出现和积累了一些新的矛盾。在这种情况下,中国共产党认为,解决工人阶级与资产阶级的矛盾,在农村和城市开始逐步进行社会主义改造的步骤已经成为必要并有现实可能,于是提出向社会主义过渡的问题。

1953年6月,中共中央政治局正式讨论和制定了中国共产党在过渡时期总路线:从中华人民共和国成立,到社会主义改造基本完成,这是一个过渡时期。党在这个过渡时期的总路线和总任务,是要在一个相当长的时期内,逐步实现国家的社会主义工业化,并逐步实现国家对农业、对手工业和对资本主义工商业的社会主义改造。这是一条社会主义建设与改造同时并举的路线。1954年9月,第一届全国人民代表大会第一次会议通过了《中华人民共和国宪法》,以根本大法的形式,把中国共产党在过渡时期的总路线作为国家在过渡时期的总任务确定下来。

在过渡时期的总路线中,实现国家的社会主义工业化是主体,是国家独立富强的客观要求和必要条件;对农业、手工业的社会主义改造,对资本主义工商业的社会主义改造,分别为两翼。过渡时期总路线是中国共产党在新中国成立后政治、经济新变化的基础上作出的重大决策,符合当时中国的发展实际和规律,得到全国人民的广泛拥护,成为团结和动员全国人民共同为建设一个伟大的社会主义新中国而奋斗的新的纲领。