“Үшке қарсы тұру”, “Беске қарсы тұру” науқаны
1951 жылдың соңынан 1952 жылдың қазан айына дейін, жаңа Қытайдың партия-үкімет органдарындағы қызметкерлерге бағытталған “жемқорлыққа, ысырапшылдыққа, бюрократизмге қарсы тұру” мен жекеше өнеркәсіпшілер мен саудагерлерге бағытталған “пара беруге, салықтан жасыруға, мемлекет мүлкін алдамшылықпен алуға, материалдарды қымқыруға, мемлекеттің экономикалық ақпарларын ұрлауға қарсы тұру” күресі жалпылама “Үшке қарсы тұру”, “Беске қарсы тұру” науқаны деп аталады.
1951 жылы желтоқсанда, ҚКП-ның ОК «Қызметкерлерді азайтып, құрылымдарды ықшамдау, түсімді арттыру, үнемшіл болу, жемқорлыққа, ысырапшылдыққа және бюрократизмге қарсы тұру жөніндегі шешім» мен «Жемқорлыққа қарсы тұру күресін дабыралы жүргізу жөніндегі нұсқауын» таратты. Осыдан соң “Үшке қарсы тұру” науқаны бүкіл ел көлемінде өріс алды. “Үшке қарсы тұру” науқаны кезінде буржуазияның жүгенсіз элементтерінің мемлекет органдарындағы жемқорлармен астасып, қылмыстық істермен шұғылданудай ауыр мәселелер әшкереленді.
1952 жылы қаңтарда, ҚКП-ның ОК «Қалаларда мерзімді уақыттарда кең көлемді, үзілді-кесілді “Беске қарсы тұру” күресін қанат жайдыру жөніндегі нұсқауын» таратты. Ақпанның алдыңғы ондығында “Беске қарсы тұру” науқаны алдымен ірі қалаларда өрістетілді, әрі тез арада өрлеудің жоғары шегіне жетті.
1952 жылы қазанда, “Үшке қарсы тұру”, “Беске қарсы тұру” науқаны аяқталды. Бұл науқандар буржуазияның құтырына шабуылдауын тойтарып, капиталистік өнеркәсіп-саудаға социалистік өзгеріс жасауға берік негіз қалады.
“三反”“五反”运动
“三反”“五反”运动是1951年年底到1952年10月,新中国在党政机关工作人员中开展的“反贪污、反浪费、反官僚主义”和在私营工商业者中开展的“反行贿、反偷税漏税、反盗骗国家财产、反偷工减料、反盗窃国家经济情报”斗争的统称。
1951年12月,中共中央先后发出了《关于实行精兵简政、增产节约、反对贪污、反对浪费和反对官僚主义的决定》和《关于反贪污斗争必须大张旗鼓地去进行的指示》。从此,“三反”运动在全国展开。在“三反”运动中,又揭发出一些资产阶级不法分子同国家机关中的贪污分子内外勾结、从事犯罪活动的严重情况。
1952年1月,中共中央又发出《关于在城市中限期展开大规模的坚决彻底的“五反”斗争的指示》。2月上旬,“五反”运动首先在各大城市开始,并且很快形成高潮。
1952年10月,“三反”“五反”运动结束。这两场运动,打退了资产阶级的猖狂进攻,为实现对资本主义工商业的社会主义改造打下了坚实基础。