Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

Америка империализміне қарсы тұрып, Солтүстік Корейге көмек беру

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Америка империализміне қарсы тұрып, Солтүстік Корейге көмек беру

1950 жылы маусымда Корейде азамат соғысы басталды. АҚШ үкіметі “БҰҰ қарулы күштерін” топтап, қарулы килікті, әрі жетінші әскери-теңіз флотын аттандырып, Қытайдың Тайвань бұғазына шапқыншылық жасады. 15 қыркүйекте, Жэньчуаньнан құрылыққа шыққан АҚШ армиясы қазан айының басқы мезгілінде ашықтан-ашық 38-бойлықтан өтті. Соғыс өрті үдеп, Қытай-Солтүстік Корей шекарасына жетті, АҚШ армиясы Қытайдың шығысындағы өңірлерге көп мәрте әуешабуылын жасады, жаңа Қытай ауыр қауіп-қатерге душар болды.

Осындай қысыл-таяң кезде, Солтүстік Корей партиясы мен үкіметінің өтінішіне сәйкесу үшін, ҚКП-ның ОК көп мәрте жиналыс шақырды, көп мәрте кеңесу арқылы қазанның алғашқы ондығында Америка империализміне қарсы тұрып, Солтүстік Корейге көмек беру, Атамекенді, Отан ананы қорғау сынды тарихи шешім қабылдады.1950 жылы 19 қазанда, Қытай халық еріктілер армиясы Солтүстік Корей майданына аттанды. Олар Солтүстік Корей халық армиясымен тығыз сәйкесе, тізе қоса соғыс қимылдарын өрістетті. Қытай халық еріктілер армиясының шетел асып соғысы―бейбітшілікті қорғау, шапқыншылық соғысқа қарсы тұру үшін жасаған әділетті қадам. 1951 жылы маусымда, Қытай-Солтүстік Корей армиялары бес мәрте операция ұйымдастырып, АҚШ басқарған “БҰҰ армиясын” Ялу дариясының жағасынан 38-бойлыққа дейін қуып салды, шарасыз қалған АҚШ соғыс тоқтату келіссөзіне отыруға мәжбүр болды. Осыдан соң, толассыз келіссөздер мен соғыстар екі жылға ұласты. Ерлікпен соғысқан Қытай-Солтүстік Корей халық армиялары шабуыл арқылы келіссөз қадамын ілгерілетті, шарасыз қалған АҚШ ақыры 1953 жылы 27 шілде соғыс тоқтату келісіміне қол қойды. Осылайша, екі жыл 9 айға жалғасқан қиян-кескі, қанды шайқастардан кейін, Қытай және Солтүстік Корей халықтары осынау әділетті соғыстың ұлы жеңісіне қол жеткізді.

Америка империализміне қарсы тұрып, Солтүстік Корейге көмек беру сынды ұлы соғыс империализмнің агрессиялық ірге кеңейтуінен қорғанып, жаңа Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздігін қорғады, Қытай халқының бейбіт тұрмысын қорғады, Корей түбегінің жағдайын тұрақтандырды, Азия мен дүниежүзінің бейбітшілігін қорғады.

 


抗美援朝

1950年6月,朝鲜内战爆发。美国政府纠集“联合国军”进行武装干涉,并派遣海军第七舰队侵入中国台湾海峡。9月15日,美军在仁川登陆。10月初,美军不顾中国政府一再警告,悍然越过三八线,把战火烧到中朝边境,并多次出动飞机轰炸中国东北边境地区,新中国安全面临严重威胁。

在危急关头,应朝鲜党和政府的请求,中共中央多次召开会议,经过反复权衡,在10月上旬作出抗美援朝、保家卫国的历史性决策。1950年10月19日,中国人民志愿军开赴朝鲜战场,与朝鲜人民军紧密配合,并肩作战。中国人民志愿军出国作战,是保卫和平、反抗侵略的正义之举。到1951年6月,中朝军队连续进行五次大的战役,把以美国为首的“联合国军”从鸭绿江边赶回到三八线附近,美国被迫进行停战谈判。此后,一直谈谈打打,断断续续地进行了两年之久。中朝人民军队英勇作战,以打促谈,迫使美国不得不于1953年7月27日在停战协定上签字。历经两年零9个月艰苦卓绝的浴血奋战,中朝两国人民和军队赢得了这场正义战争的伟大胜利。

伟大的抗美援朝战争,抵御了帝国主义侵略扩张,捍卫了新中国安全,保卫了中国人民和平生活,稳定了朝鲜半岛局势,维护了亚洲和世界和平。