Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​«Халық ішіндегі қайшылықтарды дұрыс шешу мәселесі туралы»

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

«Халық ішіндегі қайшылықтарды дұрыс шешу мәселесі туралы»

1956 жылы халықаралық қауымдастықта және Қытайда жаңа қайшылықтар мен тенденциялар пайда болды. Қытай социализмінің түрлі қайшылықтарын дұрыс тану мен дұрыс шешу ― Мао Цзэдунды ұйтқы еткен ҚКП ОК баса мән беретін келелі тапсырмаға айналды. 1957 жылы ақпанда, Мао Цзэдун Мемлекеттік кеңестің ең жоғары жиналысында «Халық ішіндегі қайшылықтарды дұрыс шешу мәселесі туралы» деген баяндамасын жасағанда: социалистік қоғам қайшылықтарға толы, ал социалистік қоғамның басты қайшылығы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы, базис пен қондырма арасындағы қайшылық екенін атап көрсетті, алайда социалистік қоғамның аталған қайшылықтары ескі қоғамдағыдан түбегейлі өзгеше сипат пен жағдайға ие және оларды социалистік жүйенің өзін-өзі реттеуі мен кемелдендіруі арқылы үздіксіз шешуге болады деп атап көрсетті. Мао Цзэдун тағы да: социалистік қоғамда жау мен біздің арамыздағы және халық ішіндегі сипаты бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі түрлі қайшылық өмір сүреді, мұның алдыңғысын мәжбүрлеу, диктатуралық әдістермен, ал соңғысын “ынтымақ―сын―ынтымақ” сынды демократиялық, иландыру тәрбиесімен шешуге болады, халық ішіндегі қайшылықтарды шешуде жау мен біздің арамыздағы қайшылықты шешу тәсілін қолдануға болмайды деп атап көрсетті.

«Халық ішіндегі қайшылықтарды дұрыс шешу мәселесі туралыда» социализм істерінің дамуындағы тарихи тәжірибе-сабақтар қорытындыланды, Қытайда социалистік өзгеріс жасау негізінен аяқталғаннан кейін белең берген жаңа мәселелерге зерттеулер жүргізілді және жауап берілді, сипаты бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі түрлі қайшылықты қатаң ажыратудың, халық ішіндегі қайшылықтарды дұрыс шешудің теориясы алға қойылды, социалистік қоғамның қайшылықтары жөніндегі мәселе ғылыми тұрғыдан нақтыланды. Ол ғылыми социализм теориясының маңызды дамуы, үлкен теориялық және практикалық мән алады.


《关于正确处理人民内部矛盾的问题》

1956年,国际社会和中国国内都出现了一些新的矛盾和动向。正确认识和处理中国社会主义社会的各种矛盾,成为以毛泽东为核心的中共中央着重思考的重大课题。1957年2月,毛泽东在最高国务会议上发表《关于正确处理人民内部矛盾的问题》的讲话,指出社会主义社会充满着矛盾,社会主义社会的基本矛盾仍然是生产力和生产关系、经济基础和上层建筑之间的矛盾,不过社会主义社会的这些矛盾同旧社会的这些矛盾具有根本不同的性质和情况,可以通过社会主义制度本身的自我调整和完善,不断地得到解决。毛泽东还指出,社会主义社会存在着敌我之间和人民内部两类性质根本不同的矛盾,前者需要用强制的、专政的方法去解决,后者只能用民主的、说服教育的方法,即“团结―批评―团结”的方法去解决,决不能用解决敌我矛盾的方法解决人民内部的矛盾。

《关于正确处理人民内部矛盾的问题》总结了社会主义事业发展中的历史经验,研究回答了中国社会主义改造基本完成后出现的新问题,提出了严格区分两类不同性质矛盾、正确处理人民内部矛盾的理论,科学阐明了社会主义社会的矛盾问题,是对科学社会主义理论的重要发展,具有重大的理论和实践意义。