ҚКП VIII құрылтайы
1956 жылы 15―27 қыркүйек күндері ҚКП VIII құрылтайы Бейжіңде шақырылды. Бұл ҚКП бүкіл елде билікке келгеннен кейін шақырылған мемлекеттік бірінші құрылтай есептеледі. Құрылтайға бүкіл елдегі 10,73 млн коммунист атынан 1026 ресми делегат қатысты, коммунистердің саны VII құрылтай кезіндегіден 8 есе көбейді. Шетелдердегі коммунистік партия, жұмысшы партиясы мен еңбек партиясы және халықтық революциялық партиялардан 50 нешесі ұсыныспен қатысты, сондай-ақ еліміздегі демократиялық партия-топтар мен партиясыз демократ қайраткерлердің делегаттары қатысты. Мао Цзэдун ашылу салтында сөз сөйледі, Лю Шаочи саяси баяндама, Дэн Сяопин «Партия жарғысына өзгеріс енгізу жөніндегі баяндаманы», Чжоу Эньлай «Халық шаруашылығының екінші бесжылдық жоспары туралы ұсыныс жөніндегі баяндаманы» жасады.
Аталған құрылтайдың негізгі міндеті: Партияның VII құрылтайынан бергі тәжірибе-сабақтарды қорытындылау, бүкіл партия мүшелерін ынтымақтастыру, ел іші-сыртындағы барлық ынтымақтасуға болатын күштермен ынтымақтасу, ұлы социалистік Қытай құру үшін күресу.
Құрылтайда төмендегі мазмұндар тұрақтанды: біріншіден, ел ішіндегі басты қайшылық жөніндегі тың тұжырым алға қойылып, партия мен мемлекеттің қызметтерінің салмағын социалистік құрылысқа аударудай аса келелі стратегиялық шешім қабылданды; екіншіден, әрі кербақпалыққа да тәуекелшілікке де қарсы тұру, әрі әмбебап теңгерім негізіндегі тұрақты алға басу сынды экономикалық бағытқа табанды болу; үшіншіден, идеялық, мәдениет құрылысын күшейтудің маңыздылығын дәріптеу; төртіншіден, билік басындағы партияның құрылысы мәселесін баса дәріптеп, ҚКП-ның жеке тұлғаларды көрнектілендіру, жеке тұлғалардың еңбегін әспеттеуге қарсы тұру бағытын қайталай дәріптеді.
Содан соңыра шақырылған ҚКП VIII кезекті ОК-ның бірінші пленумында, ҚКП ОК-ның Саяси бюросы, сондай-ақ оның тұрақты комитеті сайланды, Мао Цзэдун Орталық комитеттің Төрағасы, Лю Шаоци, Чжоу Эньлай, Чжу Дэ, Чэнь Юньдар төрағаның орынбасары, Дэн Сяопин бас хатшы болып сайланды; Орталық бақылау-тексеру комитеті сайланды.
ҚКП VIII құрылтайы ҚКП-ның Қытайдың социалистік құрылыс жолына түсуіндегі алғашқы табыстарын зерделеді, дұрыс саражол мен бағыт белгіледі. Бұл кейінгі социалистік құрылыста аса маңызды тарихи мән алды.
中国共产党第八次全国代表大会
1956年9月15日至27日,中国共产党第八次全国代表大会在北京举行。这是中国共产党在全国执政后召开的第一次全国代表大会。出席大会的正式代表1026人,代表全国1073万党员,党员人数比中共七大时增加了8倍。应邀列席大会的有50多个外国共产党、工人党、劳动党和人民革命党等代表团以及国内各民主党派和无党派民主人士代表。毛泽东致开幕词,刘少奇作政治报告,邓小平作《关于修改党的章程的报告》,周恩来作《关于发展国民经济第二个五年计划的建议的报告》。
这次大会的基本任务是:总结党第七次全国代表大会以来的经验,团结全党、团结国内外一切可能团结的力量,为建设一个伟大的社会主义中国而奋斗。
会议主要确定了以下几方面内容:第一,提出了国内主要矛盾的新结论,作出了党和国家的工作重点必须转移到社会主义建设上来的重大战略决策;第二,坚持了既反保守又反冒进,即在综合平衡中稳步前进的经济建设方针;第三,强调加强思想文化建设的重要性;第四,着重提出了执政党的建设问题,重申了中共中央反对个人突出、反对对个人歌功颂德的方针。
随后召开的中共八届一中全会选举了中央政治局及其常务委员会,选举毛泽东为中央委员会主席,刘少奇、周恩来、朱德、陈云为副主席,邓小平为总书记;选举了中央监察委员会。
中共八大总结了中国共产党探索中国走社会主义建设道路的初步成果,制定了正确的路线方针,对于此后的社会主义建设具有久远的历史意义。