Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Жоғары оқу орындарына түсу емтиханының қалпына келуі

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Жоғары оқу орындарына түсу емтиханының қалпына келуі

“Мәдениет зор революциясына” байланысты 10 жыл үзілген Жоғары оқу орындарына (ЖОО) түсу емтиханы 1977 жылы қалпына келді. 1977 жылы тамыз айының басқы шенінде, Дэн Сяопин ғылым мен оқу-ағарту қызметі жөніндегі сұхбатты басқарып ашты, сұхбатқа қатысушылар ЖОО-ға түсу емтиханын қалпына келтіруді жапа-тармағай қуаттады, бұған Дэн Сяопин де қолдау танытты. Сол жылы қыркүйекте Оқу-ағарту министрлігі ЖОО-дарының оқушы қабылдау қызметі жөніндегі жиналысты шақырып, тоқтағанына он жыл болған ЖОО-ға түсу емтиханын қалпына келтіру, біртұтас емтихан алу, үздіктерін таңдап қабылдау тәсілімен дарындыларды ЖОО-дарында оқыту жөнінде шешім қабылдады. Осы жылы 12 қазанда, Мемлекеттік кеңес Оқу-ағарту министрлігінің «1977 жылдық ЖОО-дарының оқушы қабылдау қызметі жөніндегі пікірін» бекітті. Онда жұмысшы, диқан, таулы өңірлер мен ауылдарға түскен зиялы жас, қосыннан босаған әскерилер, кадрлар мен сол жылы оқу тауысқан талапкерлердің шартқа толатындарының бәрі емтихан тапсыруға тіркелуіне болады деп белгіленді. 1977 жылы ЖОО-ға түсу емтиханы қыс маусымында алынды, жаңа талапкерлер келесі жылдың көктемінде оқуға түсті, 5,7 млн адам емтихан тапсырды, сол жылы мұның 273 000-ы ЖОО-дарына оқуға түсті.

ЖОО-ға түсу емтиханының қалпына келуі реформа, ашық есік саясатының симфониясын асқақтатты. Ол бірнеше ұрпақ адамның тағдырын өзгертумен бірге, Қытайдың жаңа дәуірдегі, сондай-ақ соңғы дамуларындағы қарыштауға тамаша негіз қалады. ЖОО-ға түсу емтиханының қалпына келуі Қытай ЖОО-дарын қайтадан дұрыс арнаға салды, негіздік ағартуға қайтадан бірте-бірте мән беріле бастады, әрі халық шаруашылығының түрлі салаларына қажетті дарындылар мен білім егейлерін молынан тәрбиеледі.


恢复高考

1977年,由于“文革”的冲击而中断了10年的中国高考制度得以恢复。1977年8月初,邓小平主持召开科学和教育工作座谈会时,与会者纷纷主张立即恢复高考,得到邓小平明确支持。9月,教育部召开全国高等学校招生工作会议,决定恢复已经停止了10年的全国高等院校招生考试,以统一考试、择优录取的方式选拔人才上大学。10月12日,国务院批转教育部《关于1977年高等学校招生工作的意见》规定,凡是工人、农民、上山下乡和回乡知识青年、复员军人、干部和应届毕业生,符合条件均可报考。1977年高考招生考试在冬季进行,新生第二年春季入学,有570多万人参加了考试,当年全国大专院校录取新生27.3万人。

高考制度的恢复,奏响了改革开放交响曲的序曲,不仅改变了几代人的命运,更为中国在新时期及其后的发展和腾飞奠定了良好基础。高考恢复使中国高等教育重新走上正轨,基础义务教育逐渐引起重视,并使国民经济各行各业急需的大批专业人才和知识精英快速涌现。