“Екі бомба, бір серік”
“Екі бомба, бір серік” негізінен ядролық бомба (атом бомбасы, сутек бомбасы), басқарылмалы бомба мен жердің жасанды серігін көрсетеді. Бұлар Қытайда өз күшіне сүйеніп меңгерген ядролық техника мен кеңістік техникасының жалпылама атына айналған.
XX ғасырдың елуінші жылдарында империалистердің ядролық қаруларының қоқан-лоқысы мен құқайына төтеп беру үшін, ҚКП-ның бірінші ұрпақ басшылық ұжымы ауқымды аңдай білу, қиырдан шалар қырағылықпен, атом бомбасын, басқарылмалы бомбаны, жердің жасанды серігін зерттеу жөнінде батыл шешім қабылдады. 1956 жылы Чжоу Эньлай, Чэнь И, Ли Фучунь, Не Жунчжэньдардың басқаруымен «1956 жылдан 1967 жылға дейінгі ғылым-техникалық дамудың ұзақ болашақтық жоспар-бағдарламасы» жасалды. 1958 жылы қаңтарда, Қытайда ядролық қаруларды зерттеп жасауды ұйымдастыратын екінші механикалық өнеркәсіп министрлігінің ядролық қаруларды зерттеу-жасау мекемесі құрылып, бірінші атом бомбасын жасау міндетін Дэн Цзясяньдарға тапсырды.
1964 жылы 16 қазанда, Қытайдың бірінші атом бомбасы сәтті жарылды; 1967 жылы 17 маусымда бірінші сутек бомбасы сәтті жарылды; 1970 жылы 24 сәуірде Қытайдың бірінші жердің жасанды серігі сәтті ұшырылды. “Екі бомба, бір серік” Чжунхуа ұлтының жасампаздығының шұғылалы табысы, Қытай халқының ғылым-техниканың асқарына аттанған жорығында жаратқан таңғажайып.
“两弹一星”
“两弹一星”,主要指核弹(原子弹、氢弹)、导弹和人造卫星,是对中国依靠自己的力量掌握的核技术和空间技术的统称。
20世纪50年代,面对帝国主义的核威胁、核讹诈,中国共产党第一代领导集体审时度势,高瞻远瞩,果断决定研制原子弹、导弹、人造地球卫星。1956年,在周恩来、陈毅、李富春、聂荣臻的主持下,制定了《1956年至1967年科学技术发展远景规划纲要》。1958年1月,中国成立了负责组织核武器研制的二机部核武器研制局,把制造第一枚原子弹的任务交给了邓稼先等人。
1964年10月16日,中国第一颗原子弹爆炸成功;1967年6月17日,中国第一颗氢弹空爆试验成功;1970年4月24日,中国第一颗人造卫星发射成功。“两弹一星”,是中华民族创建的辉煌伟业,是中国人民在攀登现代科学高峰征途中创造的人间奇迹。