7000 адамдық зор жиналыс
1962 жылы 11 қаңтардан 7 ақпанға дейін, ҚКП-ның ОК Бейжіңде кеңейтілген жиналыс шақырды. Жиналысқа Орталық пен өлке, аймақ, аудан сынды төрт дәрежелі парткомдардың негізгі басшылары мен басты-басты зауыт, кен және әскери бөлімнің жауапты кадрларынан 7118 адам қатысты. Бұл тарихқа 7000 адамдық зор жиналыс деген атпен енді.
Тарихта болып көрілмеген бұл реткі жиналыс―үш жылдық “зор секіріп ілгерілеу” ауыр экономикалық қиыншылық әкелген, бір жылдық халық шаруашылығын реттеуден кейін жағдайда жақсару беталысы байқалған кезеңде шақырылды. Жиналыстың мақсаты―тәжірибе-сабақтарды ішкерілей қорытындылау, танымды бірлікке келтіру, ынтымақты күшейту, бүкіл партия мүшелерін реттеу бағытын батыл атқару жөнінде аттанысқа келтіру, қиыншылықты жеңу үшін күресу. Лю Шаоци ОК атынан жасаған жазбаша баяндамасында ҚХР құрылған 12 жылдан бергі, өте-мөте “зор секіріп ілгерілеуден” бергі қызметтердің тәжірибе-сабақтарын қорытындылады, қызметтерде кезіккен кемшіліктер мен қателіктерді баса көрсетті, әрі кемшіліктер мен қателіктердің туылу себептеріне талдау жасады. Жиналыста Мао Цзэдун маңызды сөз сөйлеп, демократиялық орталықтандыру жүйесін жолға қою және партия іші-сыртында демократияны сәулелендіру мәселесін баса дәріптеді, әрі байымдады. Ол социалистік экономикалық заңдылықты зерттеуге күш салу, практика барысында ол жөніндегі танымды бірте-бірте тереңдету керек деп атап көрсетті.
Жиналыста үш тараптағы мәселе шешілді: “зор секіріп ілгерілеуден” бергі партияның экономикалық қызметтегі тәжірибе-сабақтары алғашқы адымда қорытындыланды; партия ішіндегі демократия сәулелендіріліп, сын және өз-өзіне сын қанат жайдырылды, шындықты болмыстан іздеу, бұқаралық саражол сынды таңдаулы стилді қалпына келтіру баса дәріптелді; халық шаруашылығын реттеу қызметін шынайы мықты игеру үшін бүкіл партия мүшелерін “реттеу, бекемдеу, толықтыру, жоғарылату” бағытын дәйекті атқаруға жұмылдырды.
Аталған жиналыс ҚКП VIII құрылтайынан бергі шақырылған маңызды жиналыс. Ол партияның танымын бірлікке келтірді, экономикалық қызметтегі “солшылдық” қателіктер түзетілді, экономикалық қиыншылықтарды жеңуде белсенді рөл атқарды. Алайда аталған жиналыста “солшылдық” жетекші идеяның қателіктерін түбегейлі тани алмады, таптық күресті кеңейту мен экономикалық заңдылыққа қайшы бірқатар қате көзқарастар мұқият адақталмады.
七千人大会
1962年1月11日至2月7日,中共中央在北京召开了扩大的工作会议。参加会议的有中央和省、地、县委四级主要负责人以及重要厂矿和军队的负责干部,共7118人,史称七千人大会。
这次空前规模的大会,是在三年“大跃进”造成严重经济困难,经过一年国民经济调整,形势开始有所好转的情况下召开的。会议目的是进一步总结经验,统一认识,增强团结,动员全党更坚决地执行调整方针,为战胜困难而奋斗。刘少奇代表中央作书面报告,对中华人民共和国成立以来12年的工作,特别是“大跃进”以来的工作经验和教训进行了总结,着重指出了工作中的缺点和错误,并对产生缺点和错误的原因作了分析。毛泽东在大会上作重要讲话,强调并阐述了实行民主集中制和在党内、党外发扬民主的问题。他还指出,要下功夫研究社会主义经济规律,在实践中逐步加深对它的认识。
大会主要解决了三方面的问题:初步总结了“大跃进”以来党在经济工作中的经验教训;发扬了党内民主,开展了批评和自我批评,强调了要恢复实事求是、群众路线的优良作风;动员全党贯彻“调整、巩固、充实、提高”的八字方针,切实抓好国民经济的调整工作。
这次大会是中共八大之后召开的一次重要会议,它对统一全党认识,纠正经济工作中的“左”倾错误,克服经济困难起了积极的作用。但是这次大会没有从根本上认识“左”的指导思想的错误,对阶级斗争扩大化和违背经济规律的一些错误观点也没有认真清理。