Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

“Зор секіріп ілгерілеу” мен халықтық коммуналандыру қозғалысы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

“Зор секіріп ілгерілеу” мен халықтық коммуналандыру қозғалысы

“Бірінші бесжылдықтың” сәтті атқарылуы мен Үш ірі өзгеріс жасаудың орындалуы адамдардың социалистік құрылыс жөніндегі сенімдерін еселеп асырды, Қытайды құдіреттендірудің нысанасы қысқа мерзім ішінде-ақ орындала салатынына сендірді. ҚКП ОК экономикалық майдан мен идеялық майдандағы социалистік революция зор жеңіске жетті, халық-бұқарасының социализм құрудағы ынтасы аса жоғары, экономикалық құрылыстың қадамын анағұрлым тездетуге болады деп есептеді. 1957 жылдың қысында, бүкіл ел көлемінде су игілігі құрылысын өзек еткен қысқы өндірістің өрлеуі басталып, “зор секіріп ілгерілеудің” шымылдығын ашты.

1958 жылы мамырда, ҚКП VIII құрылтайының екінші сессиясы ашылды. Сессияда “қайраттана өрге ұмтылу, көп, тез, жақсы, үнемшілдікпен социализм құру” сынды бас саражол қабылданып, Қытайдың социализм құру жолындағы жаңа жағдайды қалыптастыруға ұмтылыс жасалды. Сессиядан соң “зор секіріп ілгерілеу” қозғалысы бүкіл ел аумағында басталып кетті.

“Зор секіріп ілгерілеу” қозғалысы аяқ алысты көзсіздікпен тездету, нәтиже жаратуға асығу сынды идеяның ықпалымен, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі мен құрылыста жоғары қарқындылыққа сыңаржақты бой ұрды. “Зор секіріп ілгерілеудің” өнеркәсіптегі бейнесі болат өнімінің көрсеткішін үздіксіз жоғарылатуда көрінді де, болат қорыту науқанына мұрындық болды. Ауыл шаруашылығындағы бейнесі егіс дақылдарының өнім мөлшерін әсіре көпіртуде көрінді. 1958 жылы жазғы жиын-терім кезінде, егіс дақылдарының жоғары өнімді “жасанды серігін” ұшырудың өрлеуі басталды. Өндірісті дамытудағы жоғары көрсеткіш пен көпірмелік пиғылы өндірістік қатынастардағы айтылмыш жоғары деңгейлі формаға көтерілудің өтпелі кезеңін алға ілгерілетті. Адамдар субъективті түрде ауыл шаруашылық кооперативтерінің көлемі неғұрлым кең болса және әлеуметтену деңгейі неғұрлым жоғарыласа, өндірісті соғұрлым алға жылжыта алады деп санады. 1958 жылдың шілде-тамыз айларында, Халық коммуналары жер-жерде құрылды. Жыл соңына дейін бүкіл ел көлемінде коммуналану негізінен құрылып болды, 740 000 ауыл шаруашылық кооперативі 26 000 халық коммунасына біріктірілді. Бұл бүкіл елдегі диқандардың 99 пайызын құрады.

“Зор секіріп ілгерілеу” мен халықтық коммуналандыру қозғалысы ҚКП-ның Қытайда социализм құру жолында өткізген ауыр ағаттық. Мұның себебін объектив тұрғыдан ҚКП-ның социализм құрудың машақаттылығы мен күрделілігіне болған танымының жетерсіздігінен, бүкіл партияда зор көлемді экономикалық құрылысқа жетекшілік ету тәжірибесінің кемшілдігінен; ал субъектив тұрғыдан Қытай халқының кедейлік қамытынан ертерек құтылып, тамаша қоғамға лезде ену арманынан бөле қарамаймыз.

 


“大跃进”和人民公社化运动

“一五”计划的顺利实施和三大改造的完成,使人们对社会主义建设信心倍增,相信中国富强的目标可能在一个较短时间内实现。中共中央认为,经济战线和思想战线上的社会主义革命已经取得伟大胜利,人民群众建设社会主义热情高涨,经济建设可以搞得更快一些。1957年冬,全国范围掀起以兴修水利为中心的冬季生产高潮,揭开了“大跃进”运动序幕。

1958年5月中共八大二次会议召开,通过了“鼓足干劲,力争上游,多快好省地建设社会主义”的总路线,力图在探索中国建设社会主义的道路上打开一个新局面。会后,“大跃进”运动迅速在全国范围内发动起来。

“大跃进”运动在盲目求快、急于求成的思想影响下,片面追求工农业生产和建设的高速度。“大跃进”表现在工业上,首先是钢产量指标的不断提高,由此掀起大炼钢运动。表现在农业上,主要是对农作物产量的估计严重浮夸。1958年夏收期间,各地兴起放农作物高产“卫星”的高潮。生产发展上的高指标和浮夸风,推动着生产关系向所谓更高级的形式过渡。人们主观地认为农业合作社规模越大,公有化程度越高,就越能促进生产。1958年7、8月间,人民公社开始在个别地区建立。到年底,全国基本实现人民公社化,74万个农业社合并为2.6万个人民公社,涵盖了全国农户的99%以上。

“大跃进”和人民公社化运动,是中国共产党在探索中国自己的建设社会主义道路过程中的一次严重失误。究其原因,客观上是中国共产党对建设社会主义的艰巨性和复杂性认识不足,全党普遍缺乏领导大规模经济建设的经验;主观上是中国人民急切盼望甩掉贫穷落后的帽子,一步跨入美好社会。