Төрт негізгі принцип
Реформа, ашық есік саясаты атқарылған алғашқы мезгілдерде, Қытай қоғамы мен ҚКП-ның өз ішінде бірқатар идеялық райлар болды. Бір тараптан, ішінара адамдарда идеялық тоқырау мен жартылай тоқырау жағдайы әлі де өмір сүрді, ҚКП XI кезекті ОК-ның үшінші пленумында белгіленген саражол, бағыт, саясаттар жөнінде түсінбеушілік, тіпті қарсыласушылық пиғыл белең алды; тағы бір тараптан, қоғамда ат төбеліндей адамдар анархизмді және буржуазиялық еркінсуді дәріптеді, социалистік жүйеге, ҚКП-ның басшылығына, Мао Цзэдун идеясының жетекші статусына қарсы тұрды, қоғамда идеялық былықпалық туындатып, Қытай қоғамының тұрақтылығына, реформа, ашық есіктің беталысына тіке ықпал жасады.
Осындай жағдайда, 1979 жылы наурызда, Дэн Сяопин ҚКП ОК-ның теория қызметі жөніндегі мәслихатта «Төрт негізгі принсипте табанды болу» деген тақырыппен сөз сөйледі. Төрт негізгі принциптің өзекті мазмұны: Социализм жолына, пролетарият диктатурасына, яғни халықтық демократиялық диктатураға, ҚКП-ның басшылығына, Марксизм-Ленинизм, Мао Цзэдун идеясына табанды болу. Төрт негізгі принцип өзара байланысты біртұтас тұлға, оның өзегі ҚКП-ның басшылығына табанды болу.
Төрт негізгі принцип―елдігіміздің негізі, Ол ҚКП-ның социализмнің алғашқы сатысындағы негізгі саражолының маңызды мазмұндарының бірі, бүкіл мемлекеттегі әр ұлт халқының ынтымақтаса күрес жасауының саяси тағаны.
四项基本原则
改革开放之初,中国社会上和中国共产党党内出现了一些思想动向。一方面,在一部分人中,仍然存在思想僵化或半僵化状态,对中共十一届三中全会制定的路线、方针、政策表现出不理解甚至抵触情绪;另一方面,社会上极少数人宣扬无政府主义和资产阶级自由化的主张,反对社会主义制度,反对中国共产党的领导,反对毛泽东思想的指导地位,在社会上造成思想混乱,直接影响到中国社会稳定和改革开放的方向。
在这种情况下,1979年3月,邓小平在中共中央召开的理论工作务虚会上,作了题为《坚持四项基本原则》的讲话。四项基本原则的核心内容是:坚持社会主义道路,坚持无产阶级专政即人民民主专政,坚持中国共产党的领导,坚持马列主义和毛泽东思想。四项基本原则是一个相互联系的整体,其核心是坚持中国共产党的领导。
四项基本原则是立国之本,是中国共产党在社会主义初级阶段基本路线的重要内容之一,是全国各族人民团结奋进的政治基础。