Егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру жауапкершілік жүйесі
Егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру сынды жауапкершілік жүйесі “көтереге алу” деп те аталады. Онда отбасын бірлік еткен диқан ұжымдық экономикалық ұйыммен көтереге алу келісім-шартына отырады, басты өндіріс құрал-жабдықтары ұжымның меншігінде болады, бөліс тарапында еңбегіне қарай бөлу принципі атқарылады, өндіріс-шаруашылық қимылдарында ұжым мен жекеде бірігу де бөліну де болады. Егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру сынды жауапкершілік жүйесі XX ғасырдың сексенінші жылдарының алғашқы мезгілінде құрылықтық Қытайда атқарылған маңызды реформа. Ол ауыл жері жөніндегі режімдегі келелі бұрылыс және ауылдардың экономикалық түзіліс реформасының нәтижесі. Анағұрлым маңыздысы, аталған жүйе Қытайдың диқандар қауымындағы ұлы жасампаздық, “өнімді отбасыларға дейін көтереге беруді“ белгі еткен ауыл реформасы Қытайдың ішкі реформасының шымылдығын ашты.
Көне режімнің бұғауын ең ерте бұзған Аньхуй өлкесі Фэнян ауданы Лиюань коммунасының Шяоган қыстағы өздігінен “өнімді отбасыларға дейін көтереге берген” өңір есептеледі. 1978 жылы қарашада, Сяоган қыстағы 18 диқанмен «Сертнамаға» қол қойысып, қыстақтың егістік жерін көтереге берді, “егістік жерді отбасыларға бөліп беру, пайда-зиянға өздері жауапты болуды” атқарды. Осылайша егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру сынды жауапкершілік жүйесіне бастама болды. Сычуань, т.б. өлкелердің де “өнімге тәуелдеп группаларға көтереге беру” секілді тәсілдері Қытай ауыл реформасының жорығын бастады.
1982 жылы қаңтарда, ҚКП ОК-ның «Бүкіл мемлекеттік ауыл қызметі жөніндегі жиналысының хаттамасын» жариялауы бірінші мәрте “өнімді, жұмысты отбасыларға көтереге берудің” барлығы социалистік ұжымдық экономикалық жауапкершілік жүйесіне тән екенін тұрақтандырды. Осыдан соңыра егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру сынды жауапкершілік жүйесі бірте-бірте бүкіл елде жалпыластырылды. Қытай ауылдарында осыдан соң хикімет өзгерістер жарыққа шықты.
Қытай ауылдарында егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру сынды жауапкершілік жүйесі жалпы беттік атқарылған соң, ұжымның біртұтас шаруашылық жүргізу сынды абзалдығын сәулелендірумен қатар, диқанның өз өндірісіндегі белсенділігін арттырды, бытыранды шаруашылық жүргізетін шағын шаруалықтарға үйлесумен қатар, біршама шоғырлы көлемденген шаруалықтарға да үйлесті, еңбек өндіріс өнімділігін жоғарылатты және ауыл шаруашылық экономикасының жан-жақты дамуын тездетті, барша диқандардың тұрмыс деңгейін жоғарылатты. Практика егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру жүйесі Қытай ауыл шаруашылығының ерекшелігіне, ауыл өндіргіш күштерінің дамуы мен басқару деңгейін дамытуға үйлесетін біршама жақсы экономикалық форма екенін дәлелдеді..
家庭联产承包责任制
家庭联产承包责任制,又称“大包干”,是由农户以家庭为单位同集体经济组织签订承包合同,主要生产资料仍归集体所有,分配方面实行按劳分配原则,生产经营活动中集体和家庭有分有合。家庭联产承包责任制是20世纪80年代初期中国大陆农村推行的一项重要改革,是农村土地制度的重要转折和农村经济体制改革的产物。更为重要的是,这一制度是中国农民的伟大创造,以“包产到户”为标志的农村改革拉开了中国对内改革的大幕。
安徽省凤阳县梨园公社小岗村是较早冲破旧体制限制,自发采取“包干到户”的地区。1978年11月,小岗村18位农民签下《生死状》,将村内土地分开承包,实行“分田到户,自负盈亏”,开创了家庭联产承包责任制的先河。四川等其他一些省份也采取了“包产到组”等类似做法,开启了中国农村改革的进程。
1982年1月,中共中央印发《全国农村工作会议纪要》,第一次肯定“包产到户、包干到户”都是社会主义集体经济的责任制。此后,家庭联产承包责任制逐步在全国推开。中国农村的面貌由此发生了翻天覆地的变化。
中国农村普遍实行家庭联产承包责任制后,既发挥了集体统一经营的优越性,又调动了农民个人生产的积极性,既能适应分散经营的小规模经营,也能适应相对集中的适度规模经营,促进了劳动生产率的提高和农村经济的全面发展,提高了广大农民的生活水平。实践证明,家庭联产承包责任制是适应中国农业特点、农村生产力发展水平和管理水平的一种较好的经济形式。