Ауыл-қалашық кәсіпорындары
Ауыл-қалашық кәсіпорындары―Қытай ауылдарындағы көп формалы, көп басқышты, көп салалы, көп арналы селбескен кәсіпорындар мен жекеше кәсіпорындардың жалпылама атауы, яғни ауылдардағы ұжымдық экономикалық ұйымдар немесе диқандардың инвестициясын негіз етіп, ауыл-қалашықтарда (оларға қарасты қыстақтарды да қамтиды) ашқан ауыл шаруашылығына көмектесу борышын арқалаған түрлі кәсіпорындарды меңзейді. XX ғасырдың сексенінші жылдарынан бері Қытай ауыл реформасының ішкерілей қанат жаюына сай, тың күш болып қосылған ауыл-қалашық кәсіпорындары тез дамыды.
1984 жылы наурызда, ҚКП ОК, Мемлекеттік кеңес Егін, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы министрлігінің «Коммуналық-бригадалық кәсіпорындардың жаңа жағдайына негіз қалау жөніндегі баяндамасын» таратты. Онда бұрынғы коммуналық-бригадалық кәсіпорындар деген атау ауыл-қалашық кәсіпорындары деп өзгертіліп, оларға коммуналық-бригадалық кәсіпорындарға ұқсамайтын жаңа сипат пен мазмұндар үстеді. Меншік құқығынан алғанда ауыл-қалашық кәсіпорындары ауыл-қалашықтар ашқан, қыстақтар ашқан, бірігіп ашқан, жекелер ашқан кәсіпорындарды қамтыды. Саласы бойынша ауыл-қалашық кәсіпорындары ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қатнас-тасымал, құрылыс, сондай-ақ сауда, ішіп-жем, қызмет өтеу, күтімдеу-жөндеу, т.б. кәсіпорындарын қамтыды. 1984 ― 1988 жылдары ауыл-қалашық кәсіпорындары бірінші реткі жаппай даму кезеңінің шырқауына шықты. 1989 ― 1991 жылдары үш жылғы жөнге салу-реттеу мерзімінен соң ауыл-қалашық кәсіпорындарының дамуы баяулады, көптеген кәсіпорындар өзіндік қабілеттерін құлшына жетілдіріп, түзілісті реттеді, қиыншылықтан өтті. 1992 ― 1994 жылдары ауыл-қалашық кәсіпорындары дамудың екінші реткі шырқауына шықты, ірі, орта тұрпатты кәсіпорындар мен модернизациялы кәсіпорын бірлестіктері жарыққа шықты. 1995 жылдан кейін ауыл-қалашық кәсіпорындарының дамуында тұрақты кезең басталды. 1996 жылы қазанда «Қытай Халық Республикасының ауыл-қалашық кәсіпорындары заңының» ресми жариялануы Қытай ауыл-қалашық кәсіпорындарының жоспарлануы мен басқарылуының белгісі болды. Осыдан бастап бұлар заңмен басқару арнасына түсті. Содан кейін, мемлекет «ауыл шаруашылығы, ауылдар мен диқандар» саласында бірқатар ірі шаралар қабылдады, көптеген ауылдар мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарын ауыл шаруашылығына оралуға тартты, ауыл шаруашылық рисурстарын дамытуға баса назар аударды. Ауыл шаруашылығының ерекше басымдылықтарын көрнектілендірді, ауыл-қалашық кәсіпорындарының типін өзгертіп жаңаруына ықпал етті. ҚКП-ның XVIII құрылтайынан бастап, мемлекет “ауыл шаруашылығын негіз ету, ауылға пайда жеткізу, диқандарға игілік жарату” принципіне сәйкес, ауыл-қалашық кәсіпорындарының инновациялық дамуына ықпал етіп, біртіндеп модернизациялау арқылы шаруашылық құруға, шаруашылық құру арқылы жұмыспен қамтуға, жұмыспен қамту арқылы табысын арттыруға болатын тамаша жағдай жаратып, ауыл-қыстақты жандандыру стратегиясын іске асыру және ауыл шаруашылығы мен ауыл-қыстақтың дауын жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарды.
Ауыл-қалашық кәсіпорындары―Қытай ауылдарында егістік жерді өнімге тәуелдеп отбасыларға көтереге беру сынды жауапкершілік жүйесінен кейінгі тағы бір ұлы тапқырлық. Ауыл-қалашық кәсіпорындары ауылдардың жалаң ауыл шаруашылығына сүйене даму жағдайын айрықша өзгертті, диқандардың баюын, дөңгелек дәулетті тұрмысқа ұмтылуын тездетті, ауыл экономикасының маңызды тірегі мен халық шаруашылығының маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Еліміздің жер-жерінде жаңадан кәсіпорын ашудың практикасында Сунань үлгісі, Вэньчжоу үлгісі, Гэнчэ үлгісі, Чжуцзян үлгісі секілді аймақтық ерекшелік алған үлгілер жарыққа шықты. Бұл ауыл шаруашылығын, ауылды, диқандар мәселесін жақсы біржайлы етуде, Қытай үлгісіндегі ауылды өнеркәсіптендіру, урбанизацияландыру, модернизацияландыруда зерделенген жаңа жол болды.
乡镇企业
乡镇企业,就是中国乡镇地区多形式、多层次、多门类、多渠道的合作企业和个体企业的统称,即农村集体经济组织或者农民投资为主,在乡镇(包括所辖村)开办的承担支援农业义务的各类企业。20世纪80年代以来,随着中国农村改革的深入,乡镇企业异军突起,迅速发展。
1984年3月,中共中央、国务院在转发农牧渔业部《关于开创社队企业新局面的报告》的通知中,开始把原来的社队企业改称为乡镇企业,赋予乡镇企业以不同于社队企业的新的性质和内容。从所有权上看,乡镇企业包括乡镇办、村办、联户办、个体办等企业。从门类看,乡镇企业包括农业、工业、交通运输业、建筑业以及商业、饮食、服务、修理等企业。1984年至1988年乡镇企业进入第一个全面发展的高峰期。1989年至1991年,在三年治理整顿期间,乡镇企业发展速度减缓,许多企业苦练内功,调整结构,渡过了难关。1992年至1994年是乡镇企业发展的第二个高峰期,涌现出一批大中型企业和现代化企业集团。1995年以后,乡镇企业进入稳步发展的时期。1996年10月,《中华人民共和国乡镇企业法》正式出台,标志着中国乡镇企业的规划和管理走上了法制轨道。此后,国家在“三农”方面采取了一系列重大措施,吸引大量乡镇企业回归农业,聚焦农业资源开发,彰显农业特色优势,促进乡镇企业转型提升。中共十八大以来,国家按照“基在农业、惠在农村、利在农民”原则,推进乡镇企业创新发展,逐渐形成以创新带创业、以创业带就业、以就业带增收的良好局面,为实施乡村振兴战略、实现农业农村现代化发挥重要作用。
乡镇企业是中国农民继家庭联产承包责任制后的又一伟大创造。乡镇企业深刻地改变了农村经济单纯依靠农业发展的格局,加快了农民致富奔小康的进程,已成为农村经济的重要支柱和国民经济的重要组成部分。全国各地在兴办企业的实践中,创造出了一些具有地区特色的模式,如苏南模式、温州模式、耿车模式、珠江模式等,为解决好农业、农村、农民问题,推进中国特色农村工业化、城镇化、现代化探索出了一条新路。