“Бір ел, екі жүйе”
“Бір ел, екі жүйе”, яғни “бір елде екі түрлі жүйе болу” ― Қытай үкіметінің мемлекетті бейбіт бірлікке келтіруде ұсынған негізгі мемлекеттік саясаты. “Бір ел, екі жүйенің” негізгі мазмұны: Бір Қытай болу алғышартымен, мемлекеттің негізгі тұлғасы социалистік жүйеге табанды болады, Сянган, Аомэнь, Тайваньдар ҚХР-ның айырылмас бөлігі. Арнайы әкімшілік регион (АӘР) ретінде оларда әуелгі капиталистік жүйе ұзақ уақыт бойы өзгермейді. Халықарада тек ҚХР ғана Қытайға өкіл болады.
ҚКП XI кезекті ОК-ның үшінші пленумынан соң, тарих пен шындықты шығар түйін еткен, Дэн Сяопинді негізгі өкіл еткен Қытай коммунистері “бір ел, екі жүйе” сынды ұлы ой жүйесін жасампаздықпен ұсынып, отанды бейбіт бірлікке келтірудің жаңа жолын ашты. 1979 жылдың басында ұсыныс бойынша АҚШ-да сапарда болғанда Дэн Сяопин: Тайвань мәселесін қандай тәсілмен шешу Қытайдың ішкі ісі, біз алдағы жерде “Тайваньды азат етеміз” деген айтылымды қолданбаймыз, егер бұғаздың екі жағалауы бірлікке келетін болса, біз ол жердің болмысы мен жүйесін құрметтейміз деп атап көрсетті. 1982 жылы қаңтарда, Дэн Сяопин тұңғыш мәрте “бір ел, екі жүйе” тұжырымдамасын айқын алға қойды. Сол жылы ақпанда, V кезекті МХҚ-ның бесінші сессиясында «Қытай Халық Республикасының Конституциясы» қабылданғанда, бұл аса маңызды бағыт-саясат белгіленді. Дипломатиялық келіссөздер арқылы Қытай үкіметі мен Ұлыбритания үкіметі 1984 жылдың желтоқсанында «Сянган мәселесі бойынша бірлескен мәлімдемеге», ал Португалия үкіметі 1987 жылы сәуірде «Аомэнь мәселесі бойынша бірлескен мәлімдемеге» қол қойды. “Бір ел, екі жүйе” бойынша Қытай үкіметі ілгерінді-кейін 1997 жылы 1 шілде және 1999 жылы 20 желтоқсанда Сянган мен Аомэньға егемендігін қалпына келтірді. Сянган мен Аомэнь отан құшағына оралғаннан кейін, мемлекеттік басқару жүйесіне қайта енгізіліп, отанмен бірге дамитын, отаннан мәңгі бөлінбейтін сара жолға түсті. «Бір ел, екі жүйе» тәжірибесі жалпыға бірдей танылған жетістікке қол жеткізді және Тайвань мәселесін шешудің жарқын үлгісін көрсетті.
2017 жылы қазанда, Си Цзиньпин ҚКП XIX құрылтайының баяндамасында “Бір ел, екі жүйеге” табанды болып, отанның бірлікке келуін ілгерілетуді баса дәріптеді. Тайвань мәселесін шешу, Отанды толықтай бірлікке келтіру - бүкіл Чжунхуа ұландарының ортақ тілегі, тұтас Чжунхуа ұлтының түбірлі мүддесіне саятын іс. “Бейбіт жолмен бірлікке келтіру, бір ел, екі жүйе”― Тайвань мәселесін шешудің негізгі бағыты, әрі мемлекеттің тұтастығын жүзеге асырудың ең тамаша тәсілі. ҚКП мен Қытай үкіметі отанды бейбіт жолмен бірлікке келтіруге шын пейілімен барлық күш-жігерін жұмсайды.
“Бір ел, екі жүйе”- Қытай үлгісіндегі социализмнің ұлы жасампаздығы, бұрынғылар істеп көрмеген жасампаздық сипатты іс, халықаралық қауымдастықтың осы тектес мәселелерді шешуі жөнінен Қытайдың әзірлеп берген жаңа ой желісі, жаңа жоба, Чжунхуа ұлтының дүниежүзінің бейбітшілігі мен дамуы үшін қосқан жаңа үлесі, оған сансыз өзен құятын теңіздей шексіз Қытай парасаты сіңген.
“一国两制”
“一国两制”,即“一个国家,两种制度”,是中国政府为实现国家和平统一而提出的基本国策。“一国两制”的基本内容是:在一个中国的前提下,国家的主体坚持社会主义制度,香港、澳门、台湾是中华人民共和国不可分割的部分,它们作为特别行政区保持原有的资本主义制度长期不变。在国际上代表中国的,只能是中华人民共和国。
中共十一届三中全会后,以邓小平同志为主要代表的中国共产党人从历史和现实出发,创造性地提出了“一国两制”的伟大构想,开辟了以和平方式实现祖国统一的新途径。1979年年初,邓小平在应邀访美期间指出,用什么方式解决台湾问题是中国内政,我们不再用“解放台湾”这个提法,如果两岸能够实现统一,我们将尊重那里的现实和制度。1982年1月,邓小平首次明确提出了“一国两制”的概念。同年2月,五届全国人大五次会议通过《中华人民共和国宪法》,及时将这一重大方针政策确定下来。通过外交谈判,中国政府与英国政府于1984年12月签署《关于香港问题的联合声明》,与葡萄牙政府于1987年4月签署《关于澳门问题的联合声明》。按照“一国两制”方针,中国政府先后于1997年7月1日和1999年12月20日对香港和澳门恢复行使主权。香港、澳门回归祖国后,重新纳入国家治理体系,走上同祖国共同发展、永不分离的宽广道路。“一国两制”实践取得了举世公认的成功,为解决台湾问题树立了光辉典范。
2017年10月,习近平在中共十九大报告中强调,坚持“一国两制”,推进祖国统一。解决台湾问题、实现祖国完全统一,是全体中华儿女共同愿望,是中华民族根本利益所在。“和平统一、一国两制”是解决台湾问题的基本方针,也是实现国家统一的最佳方式。中国共产党和中国政府将以最大诚意、尽最大努力争取和平统一的前景。
“一国两制”是中国特色社会主义的一个伟大创举,是一项前无古人的开创性事业,是中国为国际社会解决类似问题提供的一个新思路新方案,是中华民族为世界和平与发展作出的新贡献,凝结了海纳百川、有容乃大的中国智慧。