Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​1998 жылғы тасқын апатынан құтқару​

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

1998 жылғы тасқын апатынан құтқару

1998 жылы жазда, Қытайдың Янцзэ дариясының оңтүстігіндегі өңірлер, Оңтүстік Қытайдың басым көп өңірлері, сондай-ақ Солтүстік-шығыс Қытайдың ішінара өңірлерінде тарихта сирек кезігетін айрықша ірі тасқын апаты туды, бүкіл ел бойынша 29 өлке, автономиялы регион, төте қарасты қалалар ұқсамаған деңгейде тасқын апатына ұшырады, 223 млн тұрғын апатқа ұшырады.

Ірі тасқынның шабуылына қарсы жағдаймен санасқан ҚКП ОК, Мемлекеттік кеңес мұқият орналастырулар жасады. Цзянь Цзэминь, т.б. партия мен мемлекет басшылары тасқынмен сайысып, қатерден құтқарудың алдыңғы шебінде тасқынмен шайқасып жатқан армия мен халыққа барып, олардан қал сұрады, оларды шабыттандырды, тасқынмен сайысып, қатерден құтқару шайқасына қолбасшылық жасады. Әр дәрежелі басшы кадрлар алдыңғы шепке іркес-тіркес аттанып, барша армия мен халықпен бірге ерлікпен күрес жасады. ҚХАА мен Қарулы сақшы қосынынан 300 000-нан астам командир-жауынгерлер тасқынмен сайысып, қатерден құтқару шайқасына қатысып, қормалдық рөлдерін сәулелендірді. ҚКП-ның жетекшілігімен барша армия мен халық қатерді елең құрлы көрмей, ынтымақтаса күресті, таудай толқынның соққысына арт-артынан төтеп берді, қатерді іркес-тіркес аластап отырды, дария-өзен арналарындағы ірі бөгеттерді, маңызды қалалар мен теміржол тораптарын, халық-бұқарасының өмірін қорғап қалды, тасқынмен сайысып, қатерден құтқару шайқасында ірі жеңіске жетті.

1998 жылы 28 қыркүйекте, мемлекеттік тасқынмен сайысып, қатерден құтқару шайқасының қорытындылау, марапаттау жиналысы Бейжіңде ашылды. Цзянь Цзэминь маңызды сөз сөйледі. Ол Тасқынмен күресте Чжунхуа ұлты мен Қытай халқы аса өскелең рухты әйгіледі, міне бұл жұдырықтай жұмылып, тоғысқан жүректерден алынбас қамал салатын, қиыншылықтан қорықпай, жанқиярлықпен шайқасатын, мызғымас жігермен жеңіске жететін тасқынға қарсы күрестің ұлы рухы деп атап көрсетті. 1998 жылғы тасқынмен сайысу рухы ҚКП ұдайы дәріптеп келе жатқан революциялық рух пен жаңа дәуірдегі кәсіпкерлік рухы секілді, Қытай халқының асыл рухани байлығы болып табылады.

 


“九八”抗洪抢险

1998年夏,中国江南、华南大部分地区及北方局部地区发生了有史以来罕见的特大洪水,全国共有29个省、自治区、直辖市遭受不同程度的洪涝灾害,受灾人口达2.23亿。

面对特大洪水袭击,中共中央、国务院审时度势,周密部署。江泽民等党和国家领导人多次亲临抗洪抢险第一线,看望、慰问、鼓励广大抗洪军民,指导抗洪抢险斗争。各级领导干部纷纷奔赴前线,同广大军民一道顽强奋战。人民解放军和武警部队出动30余万官兵参加抗洪抢险斗争,发挥了中流砥柱的作用。在中共中央领导下,广大军民不畏艰险、团结奋战,顶住了一次又一次洪峰的冲击,排除了一个又一个险情,确保了大江大河干堤、重要城市和铁路干线的安全,确保了人民群众的生命安全,取得了抗洪抢险斗争的重大胜利。

1998年9月28日,全国抗洪抢险总结表彰大会在北京召开。江泽民发表重要讲话,强调在同洪水搏斗中,中华民族和中国人民展现出了一种十分崇高的精神,这就是万众一心、众志成城,不怕困难、顽强拼搏,坚韧不拔、敢于胜利的伟大抗洪精神。“九八”抗洪精神同中国共产党一贯倡导的革命精神和新时期的创业精神一样,都是中国人民的宝贵精神财富。