Социалистік нарықтық экономика түзілісі
Социалистік нарықтық экономика түзілісі социалистік негізгі жүйемен біріктірілген. Социалистік негізгі жүйенің нарықтық экономикамен органикалы ұштасуын жүзеге асыру, социалистік жүйенің абзалдықтары мен нарықтық экономиканың рисурстарды оңтайлаудағы басымдықтарын сәулелендіру ― Қытай үлгісіндегі социализмнің айырықша маңызды мазмұны, сондай-ақ реформа, ашық есік саясаты атқарылғаннан бергі Қытайдың экономикалық дамуда орасан зор жеңіске жетуіндегі шешуші фактор. 40 жылдан астам уақыттан бері, Қытайдың экономикалық түзіліс реформасының ең маңызды мазмұны ― социалистік нарықтық экономика жүйесінің ізденуден, құрылуға, одан үздіксіз кемелденуге өту барысы, оның өзегі ― үкімет пен нарық арасындағы байланысты реттеу.
Социалистік нарықтық экономика түзілісінің құрылуы ― ҚКП басшылық еткен Қытайдың реформа, ашық есік практикасының тәбиғи қажетінен туды, сондай-ақ реформа, ашық есік саясаты атқарылғаннан бергі Қытай үлгісіндегі социализм жөніндегі теориялық ізденістердің маңызды нәтижесі. 1978 жылы шақырылған ҚКП XI кезекті ОК-ның үшінші пленумын белгі етіп, Қытай реформа, ашық есік жолына түсті, іс жүзінде нарықтық бағыттамадағы реформаны бастады. 1981 жылы ҚКП XI кезекті ОК-ның алтыншы пленумында қабылданған «ҚХР құрылғаннан бергі партияның бірнеше тарихи мәселе жөніндегі қаулыда» “жоспарлы экономика ― тірек, нарықтық реттеу ― қосымша” деген теория алға қойылып, құн заңдылығын құрметтеу және оның талаптары бойынша экономикалық қимылдарды өрістету адамдардың консенсусына айнала бастады, нақты экономикалық қимылдар да тауарлы экономиканың даму арнасына енгізіле бастады. Осы негізде, 1987 жылы ҚКП XIII құрылтайы социалистік жоспарлы тауарлы экономиканың түзілісі жоспар мен нарықтың ішкі бірлігі сынды түзіліс болуы керек дегенді алға қойды.
1992 жылы ҚКП XIV құрылтайында, Қытайдың экономикалық түзіліс реформасының мақсаты социалистік нарықтық экономика түзілісін құру, алға қойылды. Бұл ҚКП-ның нарықтық экономиканы социализм туына жазуының белгісі болып табылады. 1993 жылы шақырылған ҚКП XIV кезекті ОК-ның үшінші пленумында «ҚКП ОК-ның социалистік нарықтық экономикалық түзілісті құрудағы бірнеше мәселе жөніндегі қаулы» қабылданды. Осыдан соңғы 20 неше жылда, Қытай практика негізінде үкімет пен нарықтың қатынастарының жаңаша ғылыми орны жөнінде үзбей ізденіп келді. 2013 жылы шақырылған ҚКП XVIII кезекті ОК-ның үшінші пленумында нарық рисурстарды оңтайлауда шешуші рөл атқаруы, үкіметтің рөлін анағұрлым жақсы сәулелендіру керек деп алға қойылуы экономикалық түзіліс реформасын жалпыбеттік жеделдетудің өзегі әлі де үкімет пен нарықтың қатынастарын шешуде екенін түсіндіреді. 2017 жылы шақырылған ҚКП XIX құрылтайында, социалистік нарықтық экономика түзілісінің қадамын жеделдету және оны кемелдендіру жөніндегі талаптар алға қойылды. 2020 жылы шақырылған ҚКП XIX кезекті ОК-ның бесінші пленумында, социалистік негізгі экономикалық жүйеге табанды болу және оны кемелдендіру, нарықтың рисурстарды оңтайлаудағы шешуші рөлін толық сәулелендіру, үкіметтің рөлін анағұрлым ойдағыдай сәулелендіру, ұтымды нарық пен іскер үкіметтің анағұрлым жақсы сәйкесуін жебеу керек деп анағұрлым айқындады.
Үздіксіз іздену мен құлшыну арқылы, Қытай салыстырмалы кемелді социалистік нарықтық экономика түзілісін құрды. Бұл бұрын-соңды болмаған жүйе, сондай-ақ экономика жөніндегі Отандық және шетелдік классикалық шығармаларда кездеспеген тұжырымдама. Осы себептен де социалистік нарықтық экономика түзілісі ҚКП басшылығындағы Қытай үлгісіндегі социализмнің үлкен теориялық және практикалық жаңалығы ғана емес, Қытай үлгісіндегі социализм жолын іздеудегі ұлы жасампаздық та болып табылады.
社会主义市场经济体制
社会主义市场经济体制是同社会主义基本制度结合在一起的。实现社会主义基本制度与市场经济的有机结合,把社会主义的制度优势和市场经济配置资源的优势都发挥好,是坚持和发展中国特色社会主义一项极其重要的内容,也是改革开放以来中国经济发展获得巨大成功的一个关键因素。40多年来,中国经济体制改革最主要的内容就是社会主义市场经济体制从探索到建立再到不断完善的过程,其核心是理顺政府与市场的关系。
建立社会主义市场经济体制,是中国共产党领导下的中国改革开放实践的必然结果,也是改革开放以来中国特色社会主义理论探索的重要成果。以1978年中共十一届三中全会的召开为标志,中国走上改革开放的道路,实际上就是开启了以市场为取向的改革。1981年中共十一届六中全会通过的《关于建国以来党的若干历史问题的决议》提出“以计划经济为主,市场调节为辅”的理论。按照尊重和利用价值规律的要求来进行经济活动已开始成为人们的共识,现实经济活动也逐步纳入了真正意义上的商品经济的发展轨道。在此基础上,1987年中共十三大提出,社会主义有计划商品经济的体制应该是计划与市场内在统一的体制。
1992年中共十四大提出中国经济体制改革的目标是建立社会主义市场经济体制,这标志着中国共产党把市场经济写在了社会主义的旗帜上。1993年,中共十四届三中全会通过了《中共中央关于建立社会主义市场经济体制若干问题的决定》。此后20多年时间里,中国一直在根据实践寻找政府和市场关系新的科学定位。2013年中共十八届三中全会提出,使市场在资源配置中起决定性作用,更好发挥政府作用,这说明全面深化经济体制改革的核心问题仍然是处理好政府和市场的关系。2017年中共十九大进一步对加快完善社会主义市场经济体制提出要求。2020年中共十九届五中全会进一步明确,要坚持和完善社会主义基本经济制度,充分发挥市场在资源配置中的决定性作用,更好发挥政府作用,推动有效市场和有为政府更好结合。
经过不断探索和努力,中国已经建立起比较完善的社会主义市场经济体制。这是一种史无前例的体制,也是中外经济学经典中从来没有过的一个概念。正因如此,社会主义市场经济体制不仅是中国共产党领导下中国特色社会主义的一次重大理论和实践创新,也是中国特色社会主义道路探索中的一个伟大创举。