Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) ― БҰҰ-нан тәуелсіз мәңгілік халықаралық ұйым. 1995 жылы 1 қаңтардан бастап өз жұмысын ресми бастаған бұл ұйым әлемдік экономика мен сауданың тәртібін басқаруға жауапты. Оның негізі 1947 жылы жасалған Тарифтер және Сауда ісі жөніндегі бас келісім (ГАТТ). Тарихи себептерге байланысты жаңа Қытай құрылғаннан кейінгі бірсыпыра мезгілдерде ГАТТ-ға қатыспады. Реформа, ашық есік саясаты атқарылғаннан кейін, жағдайдағы өзгеріске сәйкесу үшін, 1986 жылы 10 шілдеде, Қытай үкіметі Қытайдың ДСҰ-дағы келісім жасаушы елдік статусын қалпына келтіру жөнінде ресми өтініш берді. 1995 жылы 3 маусымда Қытай ДСҰ-ның байқаушысы болды. 2001 жылы 10 қарашада, Катардың астанасы Дохадағы ДСҰ-ның төртінші кезекті министрлер жиналысында Қытайдың ДСҰ-ға кіруі жөніндегі заңдық құжаттар мақұлданды. Сол жылы 11 желтоқсанда, Қытай ДСҰ-ның 143-мүшесі болып ресми тіркелді. Бұл Қытайдың сыртқа есік ашуының жаңа кезеңге көтерілуінің белгісі болды.

Қытайдың ДСҰ-на мүше болуы экономиканың жаһандану ағымына үйлесуді, халықаралық бәсеке мен ынтымақтастыққа белсенді қатысатын позициясын толық әйгіледі, ДСҰ-ның аты затына сай дүниежүзілік сауда ұйымы болуға бір қадам ілгерілеуін жебеді, Қытайдың экономикалық түзіліс реформасы мен экономикалық өсуіне аса зор ықпал жасады. ДСҰ-ға мүше болғалы бері жаһандана дамудан үздіксіз игіліктенумен қатар, дүниежүзілік экономикаға анағұрлым ішкерілей енді, әлемдік экономиканың дамуын жебеуде кем болса болмайтын маңызды күшке айналды. Өзара пайда жеткізу, тең игіліктену ― осы жылдардан бергі Қытай мен дүниежүзінің қатынастарындағы өзгерістердің дәлме-дәл баяндалуы. Қытай көптарапты сауда түзілісінің табанды қолдаушысы, болашақта да бәз баяғысынша ДСҰ-ның өз жауапкершілігін үстіне ала алатын мүшесі бола береді, көптарапты сауда түзілісін қалыптастыруға белсене қатысады.

 


加入世界贸易组织

世界贸易组织是一个独立于联合国的永久性国际组织,于1995年1月1日正式开始运作,负责管理世界经济和贸易秩序。其前身是1947年成立的关税及贸易总协定。由于历史原因,新中国成立后的一段时间内,中国没有参加关贸总协定。改革开放以后,为适应形势发展的需要,1986年7月10日,中国政府正式提出关于恢复中国在关贸总协定缔约国地位的申请。1995年6月3日,中国成为世贸组织观察员。2001年11月10日,在卡塔尔首都多哈举行的世界贸易组织第四届部长级会议通过了中国加入世界贸易组织的法律文件。同年12月11日,中国正式成为世贸组织第143个成员,标志着中国对外开放事业进入一个新的阶段。

中国加入世界贸易组织,充分展示了顺应经济全球化潮流、主动参与国际竞争与合作的积极姿态,推动世界贸易组织在真正成为全球性贸易组织上迈出一大步,对中国的经济体制改革和经济发展产生了重大影响。加入世贸组织以来,中国在不断受益于全球化发展的同时,也更加深入地融入世界经济,成为促进世界经济发展不可缺少的重要力量。互利共赢,是对这些年来中国与世界关系变化的准确描述。中国是多边贸易体制坚定的支持者,将一如既往做负责任的世界贸易组织成员,积极参与多边贸易体制建设。