Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Сычуаньның Вэньчуань ауданындағы жойқын жер сілкінісі

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Сычуаньның Вэньчуань ауданындағы жойқын жер сілкінісі

2008 жылы 12 мамыр сағат 14:28 минут өткенде, Сычуань өлкесінің Вэньчуань ауданында (солтүстік ендік 31 градус, шығыс бойлық 103,4 градуста) жер сілкінді. Бұл жаңа Қытай құрылғалы бері бүлдіру сипаты ең ауыр, шарпу аумағы ең кең, апаттан құтқарудың қиындығы ең үлкен жер сілкінісі, сілкініс балы 8-дәреже болып, максимумді үдемелігі 11 градусқа жетті, соңғы сілкіністің саны 30 000 реттен асты, Сычуань, Ганьсу, Шэньси, Чунцин секілді 10 өлке, регион, қалаларды шарпыды. Жер сілкінісінен апатқа ұшыраған аумақ 500 000 шаршы километрге жетіп, 46,25 млн бұқара апатқа ұшырады, мұның ішінде аса ауыр және ауыр апаттық аумақ 130 000 шаршы километр болып, 69 227 адам қаза тапты, 17 923 адам дерексіз кетті, апатқа ұшыраған 15,1 млн бұқара қауіпсіз аймақтарға шұғыл орналастырылды. Жер сілкінісінің апатты аймағындағы үйлердің басым көбі қирап қалды, инфрақұрылғылар зор көлемде бүлдірілді, өнеркәсіп, Ауыл шаруашылық өндірісі аса ауыр зиянға ұшырады, экологиялық орта ерепайсыз бүлінді, тіке экономикалық зиян 845,1 млрд юаньға жетті. Жер сілкінісі салдарынан болған опырылу, беткейлердің көшкіні, лай-шағыл көшкіні, өзеннің бөгелуінен қалыптасқан көл, т.б. қосалқы апаттар дүниежүзінде сирек кезігеді.

Бұрын болып көрмеген сұрапыл апат алдында, ҚКП бүкіл мемлекеттегі армия мен халыққа жетекшілік етіп, Қытай тарихындағы құтқару жылдамдығы ең тез, аттанысқа келтіру аумағы ең кең, қосылған күш ең көп жер сілкінісіне қарсы аттанып, апаттан арашалау күресін ұйымдастырып, апатқа ұшыраған бұқараны ең жоғары шекте құтқарды, апат шығынын ең жоғары шекте төмендетті, жер сілкінісіне қарсы аттанып, апаттан арашалау күресінің зор жеңісіне қол жеткізді, “жұдырықтай жұмылып, тоғысқан жүректерден алынбас қамал салу, қатерден тайсалмау, қайыспас қайсар, адамды өзек ету, ғылымды құрметтеу” сынды жер сілкінісіне қарсы аттанып, апаттан арашалау рухын жетілдірді. Жер сілкінісіне қарсы аттанып, апаттан арашалау барысында, халықаралық қауымдастық шынайы тілектестік білдірді және қал сұрады, түрлі формалардағы қолдау мен көмектер берді, өскелең адамгершілік рух пен Қытай халқына деген достық-сүйіспеншіліктерін толық әйгіледі.

Апаттан соң, Қытай адамды өзек ету, табиғатқа құрмет ету, біртұтас жоспарлау, тең мән беру, ғылыми қайта құру принципі бойынша, қалпына келтіру, қайта құру қызметін шұғыл қолға алды. ҚКП ОК-ның пәрменді қолбасшылығымен, апатқа ұшыраған өңірдегі халықтың қажырлы күресі арқылы, апаттан соңғы қалпына келтіру, қайта құру кесек табыстарға жетті.

 


四川汶川特大地震

2008年5月12日14时28分,四川省汶川县(北纬31度,东经103.4度)发生地震。这是新中国成立以来破坏性最强、波及范围最广、救灾难度最大的一次地震,震级达里氏8级,最大烈度达11度,余震3万多次,涉及四川、甘肃、陕西、重庆等10个省、区、市。地震灾区总面积约50万平方公里、受灾群众4625万多人,其中极重灾区、重灾区面积13万平方公里,造成69227人遇难、17923人失踪,1510万受灾群众需紧急转移安置。地震灾区房屋大量倒塌损坏,基础设施大面积损毁,工农业生产遭受重大损失,生态环境遭到严重破坏,直接经济损失8451亿多元。地震引发的崩塌、滑坡、泥石流、堰塞湖等次生灾害举世罕见。

面对空前惨烈的灾难,中国共产党团结带领全国军民,组织开展了中国历史上救援速度最快、动员范围最广、投入力量最大的抗震救灾斗争,最大限度地挽救了受灾群众生命,最大限度地减低了灾害造成的损失,夺取了抗震救灾斗争重大胜利,凝聚起“万众一心、众志成城,不畏艰险、百折不挠,以人为本、尊重科学”的抗震救灾精神。在抗震救灾中,国际社会表达真诚同情和慰问,提供了各种形式的支持和援助,充分体现出崇高的人道主义精神和对中国人民的友好情谊。

灾后,中国按照以人为本、尊重自然、统筹兼顾、科学重建的原则,迅速组织开展恢复重建工作。在中共中央坚强领导下,全国人民大力支援,灾区人民艰苦奋斗,灾后恢复重建发展取得重大成就。