Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Ауыл шаруашылық салығын жаппай күшінен қалдыру

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Ауыл шаруашылық салығын жаппай күшінен қалдыру

Ауыл шаруашылық салығы мемлекеттің ауыл шаруашылық өндірісімен шұғылданатын, ауыл шаруашылығынан кіріс кіргізетін орындар мен жекелерге салынатын салықты көрсетеді, әдетте “үкіметтік астық” деп те аталады. Реформа, ашық есік саясатының кең көлемде жалпыласуына сай, Қытай экономикасы қарыштай дамыды, ауыл шаруашылығы салығының салыстырмасы барған сайын азая түсті, 1999 жылы ауыл шаруашылық салығы мемлекеттік қаржы кірісінің 4 пайызын құрады, 2003 жылы бұл 1 пайызға түсті. 2006 жылы 1 қаңтардан бастап Қытай ауыл шаруашылығы салығының күшін жойғанын жариялады. Бұл дәуір бөлгіш сипаттағы аса ірі өзгеріс Қытайда 2600 жыл жалғасқан дәстүрлі салықтың ресми түрде тарих сахнасынан кетуінің белгісі болды.

Ауыл шаруашылық салығының күшінен қалдырылуы Қытай экономикасы мен қоғамының дамуында келелі маңыз алады: Бірінші, диқандардың ауыртпалығын шынайы жеңілдетті. Бұл ауыл шаруашылық салығын күшінен қалдырудың ең тіке мәні болып табылады. Осы шара арқылы барша диқандар реформа, ашық есік саясаты мен модернизацияланудың жетістіктерінен анағұрлым көп игіліктенуіне мүмкіндік жасап, реформа барысында нақты мүддеге қол жеткізді. Екінші, жергілікті қазына кірісінің құрылымына ықпал етті, салық тәртіптемелерін жобалаудағы үйлесімсіз құбылыстарды жойды, салық кірісінің әділдік принципін әйгілеп, ауыл шаруашылығының бәсекелік қуатын жоғарылатуға тиімді болды. Үшінші, әлеуметтік қазынаның ауылдарды қамту аяқ алысын жеделдетіп, жергілікті үкіметтердің айналымына, ауылдардағы міндетті оқу-ағартуға және т.б. қажетті ұсынымдарды үкіметтік қосылымды негіз етуге өзгертіп, өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына қайтару, қалалардың ауылдарға қолдау көрсетуін біртіндеп жүзеге асырып, қала мен ауылдың дамуын бірге жоспарлап, “Ауыл шаруашылығы, ауыл және диқандар” мәселесін шешуді жеделдетуге тиімді болды. Төртінші, диқандар мен бүкіл қоғамның сатып алу қуатын ең жоғары деңгейде күшейтті, бұл тұтынымды ояту мен ішкі сұранысты кеңейтуде аса маңызды жеделдету рөлін атқарады. Қорытып айтқанда, ауыл шаруашылығы салығын күшінен қалдыру Қытай экономикасының баянды дамуына ғана емес, қоғамдық әділдік пен әділеттілікті жүзеге асыруға да пайдалы.

 


全面取消农业税

农业税是国家对一切从事农业生产、有农业收入的单位和个人征收的一种税,俗称“公粮”。随着改革开放的展开,中国经济迅速发展,农业税所占税收比例越来越小,1999年农业税占全部财政收入4%,2003年则降至1%。2006年1月1日起,中国更是全面废除了农业税。这是具有划时代意义的重大变革,标志着中国实行了2600多年的传统税正式退出历史舞台。

取消农业税对于中国经济和社会发展具有重大意义:一是切实减轻农民负担,这是取消农业税的最直接意义。此举使广大农民更多分享改革开放和现代化建设成果,从改革中得到实实在在的利益。二是影响地方财政税收结构,终止税制设计的不合理现象,体现税收的公平原则,有利于提高农业的竞争力。三是有利于加快公共财政覆盖农村的步伐,逐步实现基层政府运转、农村义务教育等供给由农民提供为主转向由政府投入为主,推进工业反哺农业、城市支持农村,有利于统筹城乡发展,加快“三农”问题的解决。四是极大增强农民和整个社会的购买能力,对刺激消费和扩大内需将发挥重要的促进作用。总之,取消农业税不仅有利于中国经济的可持续发展,也是实现社会公平正义的要求。