“Төртті жаппай орындау” стратегиялық орналастырымы
“Төртті жаппай орындау” стратегиялық орналастырымы, жаппай дөңгелек дәулетті қоғам орнатуды, реформаны жаппай тереңдетуді, мемлекетті жаппай жөнге салуды, партияны жаппай қатаң жөнге салуды қамтиды. “Төртті жаппай орындау” стратегиялық орналастырымы ―Си Цзиньпин жолдасты ұйытқы еткен партия орталық комитетінің ел басқару стратегиялық идеясының маңызды мазмұны, онда марксизмді Қытайдың ісжүзіндігімен ұштастыру идеясының нұр шұғыласы шашқан, Марксизмдік майдан, көзқарас, әдіснамалар қамтылған.
2014 жылы қарашада, Си Цзиньпин Фуцзяньда қызмет тексергенде жаппай дөңгелек дәулетті қоғам орнатуды, реформаны жаппай тереңдетуді, мемлекетті жаппай жөнге салуды сәйкесті ілгерілету сынды “үшті жаппай орындауды” алға қойды. Сол жылы желтоқсанда, ол Цзянсу өлкесінде қызмет тексергенде “партияны жаппай қатаң жөнге салуды” ортаға қойды. 2015 жылы ақпанда, Си Цзиньпин ҚКП орталық комитеті Партия мектебінің өлке-министр дәрежелі негізгі басшылардың зерттеу курсының сабақ бастау салтында “төртті жаппай орындауды” “стратегиялық орналастырым” деп айқындады, әрі бірінші рет “стратегиялық орналастырым” арқылы ҚКП XVIII құрылтайынан бергі ҚКП ОК-ның ел басқарудағы жалпылық жүлгесін байымдады. 2020 жылдың қазан айында, Бейжіңде ҚКП XIX кезекті ОК-ның бесінші пленумы өтті. Жиналыста, бүкіл партия, бүкіл елдегі әр ұлт халқы тағы да құлшына түсіп, қайратқа мініп, кедейліктен қамал алу шайқасының жеңісіне уағында қол жеткізуге, жаппай дөңгелек дәулетті қоғамды уағында орнатуға шынайы кепілдік етіп, бірінші 100 жылдық күрес нысанасын жүзеге асырып, жаппай социалистік модернизацияланған мемлекет құрудың жаңа сапарын бастауға берік негіз қалау баса дәріптелді. Жаппай дөңгелек дәулетті қоғам орнатудан модернизациялануды негізінен жүзеге асыруға, одан жаппай социалистік модернизацияланған құдіретті мемлекет құруға дейінгі “Екі сатыға бөліп жүру” стратегиялық орналастырымы Қытайдың дамуындағы нақты қажеттіліктен туды, сондай-ақ болашақ Қытайдың жаңа даму тенденциясына бейімделіп, Қытайдың социалистік модернизацияланған құдіретті мемлекет құрылысының уақыт кестесі мен жол картасын толығымен сипаттайды.
“Төртті жаппай орындау” жаңа ұстанымы іштей өзара тығыз байланысты, социалистік модернизацияның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруда үш ірі стратегиялық шараның біреуі кем болса болмайды. Реформаны жан-жақты тереңдетпесек даму қозғаушы күштен кенделеп, қоғам өміршеңдігінен айырылады. Мемлекетті заңмен басқармасақ, ұлттық өмір мен қоғамдық өмір тәртіпті жүрілмейді де, қоғамның жарасымдылығы мен тұрақтылығын жүзеге асыру қиынға соғады. Партияны жаппай жөнге салмасақ, партия “Елді түзеймін десең, алдымен өзінді түзе” дегенді орындай алмайды да, басшылық ұйытқылық рөлін де ойдағыдай сәулелендіре алмайды.
“Төртті жаппай орындау” стратегиялық орналастырымы ― ҚКП-ның жаңа жағдайда ел басқарудың бас стратегиясы, партия мен мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының бас стратегиясы, ”қос 100 жылдық” күрес нысанасын, Чжунхуа ұлтының ұлы гүлденуі сынды Қытай арманын жүзеге асырудың маңызды кепілі.
“四个全面”战略布局
“四个全面”战略布局,即全面建设社会主义现代化国家、全面深化改革、全面依法治国、全面从严治党。“四个全面”战略布局是以习近平同志为核心的党中央治国理政战略思想的重要内容,闪耀着马克思主义与中国实际相结合的思想光辉,饱含着马克思主义的立场观点方法。
2014年11月,习近平在福建调研时,提出了“协调推进全面建成小康社会、全面深化改革、全面推进依法治国进程”的“三个全面”。同年12月,他在江苏调研时,又提出了“全面从严治党”的要求。2015年2月,习近平在中共中央党校省部级主要领导干部研讨班开班式上,明确“四个全面”是“战略布局”,并第一次用“战略布局”来概括中共十八大以来党中央治国理政的总体框架。2020年10月,中共十九届五中全会在北京举行。全会强调,全党全国各族人民要再接再厉、一鼓作气,确保如期打赢脱贫攻坚战,确保如期全面建成小康社会、实现第一个百年奋斗目标,为开启全面建设社会主义现代化国家新征程奠定坚实基础。从全面建成小康社会到基本实现现代化,再到全面建成社会主义现代化强国的“两步走”战略安排,既立足于当前中国发展的实际,也适应未来中国发展的新趋势,完整勾画了中国社会主义现代化强国建设的时间表、路线图。
“四个全面”新表述之间具有内在有机联系,三大战略举措对实现社会主义现代化战略目标一个都不能缺。不全面深化改革,发展就缺少动力,社会就没有活力。不全面依法治国,国家生活和社会生活就不能有序运行,就难以实现社会和谐稳定。不全面从严治党,党就做不到“打铁必须自身硬”,也就难以发挥好领导核心作用。
“四个全面”战略布局,是中国共产党在新形势下治国理政的总方略,是事关党和国家长远发展的总战略,为实现“两个一百年”奋斗目标、实现中华民族伟大复兴的中国梦提供了重要保障。