Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Ластанудың алдын алудан қамал алу шайқасы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Ластанудың алдын алудан қамал алу шайқасы

Экологиялық өркениет құрылысы Чжунхуа ұлтының мәңгілік дамуының бас арқауы. Чжунхуа ұлты атам заманнан бері табиғатты құрметтеп, табиғатты сүйіп келді, 5000 жылдан астамғы Чжунхуа өркениеті аса бай экологиялық өркениетті туындатты.

Реформа, ашық есік саясаты атқарылғалы бері, Қытай ластануды оңалту және қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен жетістіктерге жетті, алайда ондаған жылдардан бергі жедел дамудың арқасында жинақталған рисурстар мен экологиялық шектеулер күн сайын асқынып, қоршаған ортаның ластану мәселесін шешу кезек күттірмейтін міндетке айналды. ҚКП XVIII құрылтайынан бері, Қытай ластануға батыл сайыс жариялады және атмосфераның, судың, топырақтың ластануының алдын алу бойынша үш ірі жоспарды мұқият орындады, экологиялық ортаның сапасы жақсара түсті.

2017 жылы шілдеде өткен Си Цзиньпин өлке-министр дәрежелі негізгі басшы кадрлардың арнаулы талқы курсында, түйінді мықты игеруді, олқылықтарды толықтауды, әлсіз буындарды күшейтуді, әсіресе зор қауіп-қатердің алдын алу мен одан сақтанудан қамал алу шайқасын, кедейліктен шын мәнінде арылтудан, ластанудың алдын алудан қамал алу шайқасын батыл, ойдағыдай жүргізуіміз керек деді. 2017 жылы қазанда шақырылған ҚКП XIX құрылтайында, жалпы халық болып ортақ оңауға, ту бастан сақтануға және оңауға табанды болу, атмосфераның ластануынан сақтану және оны жөнге салу қимылын үзбей атқару, көгілдір аспанды қорғау шайқасын жүргізу. Судың ластануынан сақтануды және оны жөнге салуды жеделдету, ағарлардың ортасы мен жаға-жиекке таяу теңіз айдындарын жан-жақты тізгіндеу. Топырақтың ластануын бақылау-тежеуді және қалпына келтіруді, Ауыл шаруашылығының көлемді ластануынан сақтануды және оны жөнге салуды күшейту, ауылдардың қоныстық ортасын түзеу қимылын өрістету. Қатты қалдықтар мен қоқыстарды біржақты етуді күшейту. Ластаушы заттарды ығыстыру стандартын жоғарылату, ластаушылар жөніндегі жауапкершілікті қатайту, олардың ортаны қорғау сенімділігін бағалау, оларға информациясын мәжбүри жариялату, қатаң жазалау және ауыр айып салу, т.б. тәртіптемелерді кемелдендіру. Үкіметті жетекші, кәсіпорынды субъекті еткен, қоғамдық ұйымдар мен барша қауым бірге ат салысатын ортаны жөнге салу жүйесін орнату. Әлемдік қоршаған ортаны жөнге салуға белсене ат салысып, лас зат шығаруды азайту уәдесін орындау керек деді. 2018 жылы мамырда, Си Цзиньпин Мемлекеттік экологиялық ортаны қорғау жиналысында, экологиялық өркениет құрылысын пәрменді ілгерілету, экологиялық орта мәселесін шешу, ластанудан сақтану және оны жөнге салудан қамал алу шайқасын батыл ойдағыдай жүргізу, экологиялық өркениет құрылысын тың белеске көтеру керек деп баса дәріптеді.

Түрлі саясат-шаралардың атқарылуына байланысты, Қытайдың экологиялық ортаны жөнге салу өнімділігі күн сайын көрнектіленіп, экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды. Қытай табиғатты құрметтейтін, жасыл дамитын экологиялық жүйені, таза да көрікті әлемді бірге құру қадамын жеделдетуді қуаттайды. Қытай бүгінгі таңда әлемдік экологиялық өркениет құрылысының маңызды қатысушысы, үлес қосушысы және көшбасшысы болды.

 


污染防治攻坚战

生态文明建设是关系中华民族永续发展的根本大计。中华民族向来尊重自然、热爱自然,绵延5000多年的中华文明孕育着丰富的生态文化。

改革开放以来,中国在治理污染和保护环境方面取得长足进展,但数十年来快速发展积累的资源环境约束日益趋紧,解决环境污染问题成为迫在眉睫的任务。中共十八大以来,中国坚决向污染宣战,深入实施大气、水、土壤污染防治三大行动计划,生态环境质量持续好转。

2017年7月,习近平在省部级主要领导干部专题研讨班上提出,突出抓重点、补短板、强弱项,特别是要坚决打好防范化解重大风险、精准脱贫、污染防治的攻坚战。2017年10月,中共十九大报告提出,坚持全民共治、源头防治,持续实施大气污染防治行动,打赢蓝天保卫战。加快水污染防治,实施流域环境和近岸海域综合治理。强化土壤污染管控和修复,加强农业面源污染防治,开展农村人居环境整治行动。加强固体废弃物和垃圾处置。提高污染排放标准,强化排污者责任,健全环保信用评价、信息强制性披露、严惩重罚等制度。构建政府为主导、企业为主体、社会组织和公众共同参与的环境治理体系。积极参与全球环境治理,落实减排承诺。2018年5月,习近平在全国生态环境保护大会上强调,加大力度推进生态文明建设、解决生态环境问题,坚决打好污染防治攻坚战,推动生态文明建设迈上新台阶。

随着各项政策措施的实施,中国生态环境治理成效日益显现,环境状况得到极大改善。中国主张加快构筑尊崇自然、绿色发展的生态体系,共建清洁美丽的世界,已成为全球生态文明建设的重要参与者、贡献者、引领者。