ҚХР-ның азаматтық заңнамасы
Азаматтық заңнаманың мемлекеттің заң жүйесіндегі статусы Конституцияға жетеғабыл. Азаматтық заңнама нарықтық экономиканың түбірлі заңы, қала тұрғындары тұрмысының негізгі әрекет өлшемі, судьяның азаматтық және комерциялық дау-шарларға кесім айтуының негізі. Қытай азаматтық заңнаманы қабылдауға 1954, 1962, 1979 жылдары үш мәрте бастама көтерді. Кейіннен мемлекеттік халық құрылтайы азаматтардың, заңды тұлғалардың заңды азаматтық құқық-мүдделерін қорғау, азаматтық қатынастарды дұрыс реттеу, социалистік модернизацияландыру істерінің даму қажетіне үйлесу үшін, Конституция мен Қытайдың нақты жағдайына сай, азаматтық қимылдардың нақты тәжірибе-сабақтарын қорытындылау негізінде, «Қытай Халық Республикасының азаматтық істер заңының жалпы ережесін» түзді, әрі 1986 жылы сәуірде жариялады, 1987 жылы 1 қаңтардан бастап атқарды. Ол “квази заңнама” деп аталды. 2017 жылы 15 наурызда мемлекеттік халық құрылтайы «Қытай халық республикасының азаматтық істер жөніндегі бас ережесін» тексеріп, мақұлдады, Осылайша Қытай азаматтық заңнама дәуіріне жалпы беттік қадам тастады.
2019 жылы 16 желтоқсанда, «Қытай Халық Республикасының азаматтық заңнамасының» жобасы жарық көрді. 2019 жылы 23 желтоқсанда, XIII кезекті МХҚ тұрақты комитетінің он бесінші жиналысы ашылғанда, азаматтық заңнаманың әрбір бөлігінің жобалары 2017 жылы бекітілген азаматтық істер заңының бас ережесімен “біріктірілу” арқылы «Қытай Халық Республикасының азаматтық заңнамасы (жобасы) » тұңғыш жарияланды. Жоба жеті бөлімнен тұрады. Олар реті бойынша: Жалпы ереже, заттық құқық, келісім-шарт, адами құқық, үйлену және отбасы, мұрагерлік, кісілік құқыққа қол сұғу жөніндегі жауапкершілік және қосымша ережеден құралды, жалпы 1260 бап. 2020 жылы 28 мамырда, XVIII кезекті МХҚ-ның үшінші сессиясында дауыс беру арқылы «Қытай Халық Республикасының азаматтық заңнамасы» қабылданды. Ол 2021 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
«Қытай Халық Республикасының азаматтық заңнамасы» жаңа Қытай құрылғалы бері тұңғыш рет “заңнама” деген атпен жарияланған заң. Ол Қытай үлгісіндегі социалистік заң жүйесінде аса маңызды орын алады, негізді бекемдейтін, межені орнықтыратын, ұзақ болашаққа пайдалы негіздік заң. Аталған заңнамада жаңа Қытай құрылған 70 неше жылдан бергі ұзақ мерзімгі практикада қалыптасқан азаматтық істер жөніндегі заңдық нормалар жүйелі жинақталды, Чжунхуа ұлтының 5000 жылдан астамғы озық заң мәдениеті сіңірілді, адамзаттың заңмен басқару сынды өркениет құрылысының пайдалы табыстарынан үлгі алынды. Ол социалистік қоғамның сипатына, халықтың мүддесі мен арман-тілігіне үйлесетін азаматтық заңнама, өмір саламаттығы, мүлік қауіпсіздігі, айырбасқа қолжетімді, бақытты тұрмыс, ар-намыстың құрметтелуі, т.б. тараптағы құқықтардың тең қорғалуында бейнеленетін азаматтық заңнама, замана дамуының талаптарына сәйкесетін азаматтық заңнама, көрнекті Қытай үлгісіндегі, практикалық сипаттамалары мен дәуір сипаттамалары бар азаматтық заңнама.
中华人民共和国民法典
民法典在国家法律体系中的地位仅次于宪法。民法典是市场经济的基本法、市民生活的基本行为准则,法官裁判民商事案件的基本依据。中国曾于1954年、1962年、1979年三次启动民法典的制定。随后,全国人民代表大会为保障公民、法人的合法的民事权益,正确调整民事关系,适应社会主义现代化建设事业发展的需要,根据宪法和中国实际情况,总结民事活动的实践经验,制定了《中华人民共和国民法通则》,并于1986年4月颁布实施,自1987年1月1日起施行,被称为“准法典”。直到2017年3月15日,《中华人民共和国民法总则》经全国人大审议通过,中国正式全面开启民法典时代。
2019年12月16日,《中华人民共和国民法典》草案公布。 2019年12月23日,十三届全国人大常委会第十五次会议开幕,由民法典各分编草案与2017年制定的民法总则“合体”而成的《中华人民共和国民法典(草案)》首次亮相。草案共7编,依次为总则编、物权编、合同编、人格权编、婚姻家庭编、继承编、侵权责任编,以及附则,共1260条。2020年5月28日,十三届全国人大三次会议表决通过了《中华人民共和国民法典》。这部法律自2021年1月1日起施行。
《中华人民共和国民法典》是新中国成立以来第一部以“法典”命名的法律,在中国特色社会主义法律体系中具有重要地位,是一部固根本、稳预期、利长远的基础性法律。这部民法典系统整合了新中国成立70多年来长期实践形成的民事法律规范,汲取了中华民族5000多年优秀法律文化,借鉴了人类法治文明建设有益成果,是一部体现中国社会主义性质、符合人民利益和愿望、顺应时代发展要求的民法典,是一部体现对生命健康、财产安全、交易便利、生活幸福、人格尊严等各方面权利平等保护的民法典,是一部具有鲜明中国特色、实践特色、时代特色的民法典。