Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

Мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабылетін модернизациялау

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабылетін модернизациялау

2013 жылы қарашада ашылған ҚКП XVIII кезекті ОК-ның үшінші пленумында, реформаны жан-жақты жетілдірудің бас нысанасы ― Қытай үлгісіндегі социалистік жүйені кемелдендіру және дамыту, мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабылетін модернизациялануды жебеу атап көрсетілді.

Мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабылеті ― бір мемлекеттің жүйесі мен сол жүйені атқару қабілетінің шоғырлы бейнеленуі. Мемлекетті басқару жүйесі партияның жетекшілігіндегі мемлекетті басқару жүйесі болып табылады. Ол экономика, саяси, мәдениет, қоғам, экологиялық өркениет және партия құрылысы, т.б. салалардағы түзіліс-механизмді, заңдар мен заңдық ережелердің орналасымы, яғни біртұтас, өзара тығыз қабысқан, өзара сәйкесімді мемлекеттік жүйені қамтиды. Мемлекетті басқару қабілеті мемлекет жүйесінің қоғамның әр саласындағы жұмыстарды басқару қабілетін көрсетеді. Ол реформа, даму, тұрақтылық, ішкі саясат, дипломатия, қорғаныс, партияны, мемлекетті, армияны басқару сынды әр тарапты қамтиды.

2019 жылы қазанда шақырылған ҚКП XIX кезекті ОК-ның төртінші пленумында, «ҚКП ОК-ның Қытай үлгісіндегі социализм жүйесіне табанды болу және оны кемелдендіру, мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабілетін модернизациялауға қатысты бірқанша келелі мәселелер жөніндегі қаулысы» қарап мақұлданды, онда мыналар айқын атап көрсетілді: Қытай үлгісіндегі социализм жүйесінде табанды болу және оны кемелдендірудің, мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабілетін модернизацияландырудың жалпы тұлғалық нысанасы: ҚКП-ның құрылғанына 100 жыл толғанда, әр жақтағы тәртіптемелерді анағұрлым толыстыру, анағұрлым тұрақтандыру жағында көрнекті табыстарға қол жеткізу; 2035 жылға барғанда, әр жақтағы тәртіптемелерді анағұрлым кемелдендіру, мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабілетін  модернизацияландыруды негізінен жүзеге асыру; жаңа Қытай құрылғанына 100 жыл толғанда, мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабілетін модернизацияландыруды жан-жақты жүзеге асыру, осылайша Қытай үлгісіндегі социализм жүйесін анағұрлым бекемдеу, абзалдығын толық сәулелендіру.

Бір мемлекеттің қандай мемлекет жүйесі мен мемлекетті басқару жүйесін таңдауын сол мемлекеттің тарихи мәдениеті, қоғамдық сипаты, экономикалық даму деңгейі белгілейді. Қытай үлгісіндегі социализм жүйесі мен мемлекетті басқару жүйесі көктен түскені жоқ, қайта Қытай қоғамындағы топырақта жетілген, революцияның, құрылыстың, реформаның ұзақ мерзімді практикасынан қалыптасқан, Марксизмнің негізгі принциптерінің Қытайдың нақты практикасымен ұштасуының туындысы, теориялық, практикалық, жүйелік жасампаздықтардың өзара бірлігінің жемісі, партия мен халықтың ақыл-парасатының жауһары. Онда терең тарихи, теориялық, практикалық логикалар бар. жаңа Қытай құрылған 70 неше жылдан бері Чжунхуа ұлты еңсе көтеру, баюдан құдіреттенудің ұлы секіруін қарсы алды. Мұның ең басты тиянағы ҚКП-ның халықты бастап Қытай үлгісіндегі социалистік жүйені құруы мен кемелдендіруінде, ҚКП жетекшілік еткен экономика, саяси, мәдениет, қоғам, экологиялық өркениет, әскери істер, сыртқы істер және т.б. тараптардағы тәртіптемелердің қалыптасуы мен дамуында, мемлекетті басқару жүйесінің үздіксіз күшейтілуінде жатыр.

 


国家治理体系和治理能力现代化

2013年11月召开的中共十八届三中全会提出,全面深化改革的总目标是完善和发展中国特色社会主义制度,推进国家治理体系和治理能力现代化。

国家治理体系和治理能力是一个国家的制度和制度执行能力的集中体现。国家治理体系是在党领导下管理国家的制度体系,包括经济、政治、文化、社会、生态文明和党的建设等各领域体制机制、法律法规安排,也就是一整套紧密相连、相互协调的国家制度。国家治理能力是运用国家制度管理社会各方面事务的能力,包括改革发展稳定、内政外交国防、治党治国治军等各个方面。

2019年10月,中共十九届四中全会审议通过了《中共中央关于坚持和完善中国特色社会主义制度、推进国家治理体系和治理能力现代化若干重大问题的决定》,明确提出坚持和完善中国特色社会主义制度,推进国家治理体系和治理能力现代化的总体目标:到中国共产党成立100年时,在各方面制度更加成熟更加定型上取得明显成效;到2035年,各方面制度更加完善,基本实现国家治理体系和治理能力现代化;到新中国成立100年时,全面实现国家治理体系和治理能力现代化,使中国特色社会主义制度更加巩固、优越性充分展现。

一个国家选择什么样的国家制度和国家治理体系,是由这个国家的历史文化、社会性质、经济发展水平决定的。中国特色社会主义制度和国家治理体系不是从天上掉下来的,而是在中国的社会土壤中生长起来的,是经过革命、建设、改革长期实践形成的,是马克思主义基本原理同中国具体实际相结合的产物,是理论创新、实践创新、制度创新相统一的成果,凝结着中国共产党和中国人民的智慧,具有深刻的历史逻辑、理论逻辑、实践逻辑。新中国成立70多年来,中华民族之所以能迎来从站起来、富起来到强起来的伟大飞跃,最根本的是因为中国共产党领导人民建立和完善了中国特色社会主义制度,形成和发展了中国共产党的领导和经济、政治、文化、社会、生态文明、军事、外事等各方面制度,不断加强和完善国家治理。