ХАЛЫҚТЫҚ СОҒЫС
Халықтық соғыс дегеніміз сырттың шапқыншылығына қарсы тұратын немесе мемлекеттің тұтастығын қорғайтын, қалың халық бұқарасын қаруландырып және оларға сүйеніп, халық бұқарасының өз мүддесі мен еркін бейнелейтін соғыс. «Халық жасағы – жеңіске жетудің негізі». Мао Цзэдунды уәкіл еткен Қытай коммунистері ұзақ уақыттық революциялық соғыс пен әскери тәжірибе барысында, марксизмдік халықтық соғыс теориясын жан-жақты дамытып, Қытай үлгісіндегі халықтық соғыс идеясын қалыптастырды. Ақпараттық соғыс бейбітшілік пен соғыс, алдыңғы шеп пен артқы шеп, армия мен халық біртұлғаланудай айқын ерекшелікке ие және халықтық соғыс жүргізуге кең сахына әзірленген. Си Цзиньпин жағдай қалай дамыса да, халықтық соғыс сынды осы асылды мәңгі жоғалтуға болмайды, жаңа дәуір жағдайындағы халықтық соғыстың жаңа ерекшелігін, жаңа талабын игеріп, мазмұн мен әдіс-амалда жаңалық ашып, халықтық соғыстың жалпы тұлғалық қуатын толық сәулелендіру керек деп атап көрсетті.
人民战争
人民战争是指反抗外来侵略或维护国 家统一,武装和依靠广大人民群众,反映 人民群众自身利益和意志的战争。“兵民是 胜利之本”。以毛泽东为代表的中国共产党 人,在长期的革命战争和军事实践中,全 面发展马克思主义的人民战争理论,形成 了具有中国特色的人民战争思想。信息化 战争具有平战一体、前后方一体、军民一 体的显著特点,实行人民战争具有广阔舞 台。习近平指出,不论形势如何发展,人 民战争这个法宝永远不能丢,要把握新的 时代条件下人民战争的新特点新要求,创 新内容和方式方法,充分发挥人民战争的 整体威力。